Сабақ жоспары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3. Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула |
Мектеп: №68 МИ КММ |
|||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Хуатай Д |
|||||||||||||
|
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Химиялық формулалар. |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.2.15-элементтердің қосылыстар құрамында әрқашан 1:1 қатынасында кездесе бермейтіндігін түсіндіру; 7.1.2.16-элементтердің атаулары мен олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс жаза білу. |
|||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
- Оқушылар заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білуге тиіс; - сол білімін сызба түрінде қолдануы тиіс; - химиялық формулаларды анықтау арқылы заттардың құрамы жайында ойлануы тиіс |
|||||||||||||
|
Күтілетін нәтижелер
|
1. Барлығы заттардың химиялық формулаларын дұрыс жаза алады. 2. Көбісі химиялық формулаларды пайдалану арқылы заттардың құрамын біле алады. 3. Кейбіреуі заттардың құрамын біледі және қосылыстардың атауларын айта алады. |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
1. Заттардың химиялық формулаларын жаза алады. 2. Химиялық формулаларды сызба түрінде қолдана алады. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика және терминология: «химиялық формула— заттың құрамын химиялық элемент таңбалары мен индекстер арқылы шартты түрде жазу», «элемент таңбасы-бір атомды көрсетеді», «индекс-молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді» Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: «химиялық формула», «молекула құрамы», «заттың сандық құрамы», «заттың сапалық құрамы», «коэффициент», «таңба», «инднкс» |
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Қарапайым қосылыстардың химиялық формулаларынан бастап білуге, экономика, өндіріс, білім мен ғылымның дамуына үлестерін қосуға баулу. |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Оқу пәні «Физика» 9.6.3. Элементар бөлшектерді жіктеу |
|||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
«Жаратылыстану» оқу пәні 6.3.1.1.Атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырата білу «Химия» оқу пәні: 7.1.6. Химиялық элементтер және олардың таңбаларын ажырата білу; 7.1.7. Атом құрамы мен құрылысын химиялық элементтер кестесі бойынша анықтай алу. 7.6.13. Химиялық элементтердің жіктелуі . |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы
|
1. Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, сабақ мақсаттарын айқындау |
|
||||||||||||
|
9 мин |
2. Үй тапсырмасын тексеру 1. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушыларға химиялық элементтерді ажырату үшін тапсырмалар таратылады. Өткен тақырып бойынша берілген есептерді алдымен жұптасып шығарып, одан кейін басқа топтармен бөліседі. Әр жұпқа 3 есептен беріледі.
ҚБ (қалыптастырушы бағалау): «бас бармақ» арқылы бағаланады.
|
Периодтық кесте, суреттер, А4 қағаз, оқулық, қалам |
||||||||||||
|
Функционалдық сауаттылық 5 мин |
Жаңа сабақ «Ой қозғау» әдісі арқылы қажеттіліктерін анықтау . Оқушылар өз жұмыс парақтарына жазған жауаптарын оқиды, оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін мұғалім оқушыларға химиялық формулаларды түсіндіре отырып, оқушылардың ойларын білу. |
|
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 7 мин 7 мин 8 мин |
Тапсырма 1. «Ойлан, тап!» Әр оқушыға карточка таратылады, сол сурақтарға жұмыс дәптерге жазбаша жауап береді. Химиялық таңбалар, индекстер және коэффициенттерді еске түсіре отырып, берілген қосылыстардың химиялық формуласын жаз (сөзбен). А) молекула құрамы бір атом азотқа және екі атом оттекке сәйкес келетіні; (эн-о-екі) ә) молекула құрамы екі атом сутекке және бір атом оттекке сәйкес келетіні; (аш-екі-о) б) молекула құрамы екі атом сутекке және бір атом күкіртке сәйкес келетіні; (аш-екі-эс) в) молекула құрамы екі атом фосфорға және бес атом оттекке сәйкес келетіні; (пэ-екі-о-бес) Дескриптор Оқушылар: - карточканы қолданады; -химиялық таңбалар, индекстер және коэффициенттерді еске түсіреді; -берілген қосылыстардың химиялық формуласын дәптерге жазады. Тапсырма 2. Жұптық жұмыс «Сәйкестендір». Бұл әдісте оқушылар берілген тапсырманы жұптаса отырып, флипчартқа маркер арқылы түсіреді. Заттың химиялық формуласын индекс және коэфициенттерді пайдалана отырып, оқылуымен сәйкестендір. а ә б в г) «калий-о-аш» 3NH3 д) «аш-екі» 4H2 Берілген тапсырманы жұптасып орындағаннан кейін, сәйкестендірілген химиялық формулаларды басқа жұптармен салыстыра отырып, сынып болып тексереді. Дескриптор Оқушылар: - жұптасып жұмыс жасайды; -химиялық таңбалар, индекстер және коэффициенттерді еске түсіреді; - индекс және коэфициенттерді пайдаланады; -химиялық формуланы оқылуымен сәйкестендіреді; -флипчартқа маркермен түсіреді; - cәйкестендіруді топтасып, одан кейін топтасып тексереді. Тапсырма 3. Топтық жұмыс «Б.Б.к.Ү» әдісі. Кестені толтыру:
Бірінші кезеңде оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша өз білімдерін қалпына келтіреді, кестеге өздерін қызықтырған сұрақтарды жазады. Тақырыпты меңгеру барысында үшінші баған толтырылады (қойылған сұрақтарға жауаптар, тақырып бойынша жаңа ақпарат). Берілген тапсырманы топтасып орындағаннан кейін, толтырылған кестені басқа топтармен салыстыра отырып, сынып болып тексереді. ҚБ (қалыптастырушы бағалау): «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
|
Менделеев кестесі, жұмыс дәптер, карточкалар, флипчарт, маркер, оқулық |
||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісімен өзін-өзі бағамдау: - Cізде қандай қиындықтар болды? - Cізде қандай тапсырма қатты ұнады? - Бүгінгі көңіл-күйім қандай болды? - Бүгін мен қандай жетістіктерге қол жеткіздім? - Бүгін мен не білдім, қандай тәжірибе жинақтадым? |
Оқулық, қалам, жұмыс дәптер |
||||||||||||
|
Үй тапсырмасы: 2 мин |
Химиялық формулалар |
|
||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||||||||||
|
Кіріспе бөлімінде «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі алынды, мұнда барлық оқушылар өткен тақырыпты еске түсіре отырып берілген есептерді шығарып, тұжырым жасайды, ойларын бөліседі, алдыңғы тақырып еске түсіріледі. Негізгі бөлімінде «Ой қозғау» стратегиясында оқушылар элементтерді химиялық формулалармен байланыстыра отырып, сипаттап, кейбір оқушылар өз пікірлерімен бөліседі. Жұптық жұмыстағы «Сәйкестендіру» әдісінде оқушылардың көпшілігі бір-бірімен ақылдасып, ойларын ортаға салу арқылы тапсырманы орындауы оқу мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. |
Бағалау өте жоғары маңыздылыққа ие. Себебі, бағалау арқылы оқушылардың деңгейін анықтауға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Оқушылар бас бармақ, смайликтер арқылы, әр жұп, әр топ бір-бірін бағалау арқылы бағаланды. Оқушыларды мақтап, мадақтап отыру да олардың көңіл-күйіне әсер тигізеді. Сабақта қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Жұптық, топтық жұмыстарды дескриптор арқылы бағалаймыз.
|
Сабақ барысындағы сергіту сәті және оқушыларды топқа бөле отырып, топтық, жұптық жұмыстар жасау арқылы денсаулық сақтау технологиялары жүзеге асады.
|
||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз

)
«














