Салыстыру. «> «<» «=» таңбалары (1- ден – 10-ға, 15-ке, 25-ке, 35-ке, 40-қа дейінгі)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салыстыру. «> «<» «=» таңбалары (1- ден – 10-ға, 15-ке, 25-ке, 35-ке, 40-қа дейінгі)

Материал туралы қысқаша түсінік
• Салыстыру.«>»,«<»,«=» таңбаларымен таныстыру.Заттар жиынтықтары мен сандарды «>»,«<»,«=» таңбаларының көмегімен салыстыру, іскерлігін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:................................. Айы: ....................


Математика

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру. «> «<» «=» таңбалары

(1- ден – 10-ға, 15-ке, 25-ке, 35-ке, 40-қа дейінгі сандар)

Сабақтың мақсаты:

  • Салыстыру.«>»,«<»,«=» таңбаларымен таныстыру.Заттар жиынтықтары мен сандарды «>»,«<»,«=» таңбаларының көмегімен салыстыру, іскерлігін қалыптастыру.

  • Сандарды таңбалардың көмегімен жазуға үйрету.Балалардың  ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, кеспе цифрлар, үлестірме материалдар, тақта, бор.


I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Сәлемдесу (балалармен бірге)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып

Қызыға мол сабақта

Ойнайық та күлейік

III. Жаңа сабақ. .

--Біз «Артық-кем» деп аталатын бойжазу жаттығуын өткіземіз.Мұғалім тапсырманы жариялайды: «Мен бір санды айтамын,сендер айтылған саннан бірге артық (кем) санды атайсыңдар»,сосын допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп,допты қайта лақтырады. Бойжазудан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, сыныптағы парталарды орындықтарды, шкафтарды, т.б. заттарды санаймыз. Заттардың санының көп-аздығын, тең екенін анықтаймыз.

Мысалы: парта-10 орындық-20 шкаф-15 тақта -1

10 > 20 15 > 1

Оқулықпен жұмыс.

Сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру.

1.Сәбіз-15, бұрыш-35 15 < 35

2. Қызанақ пен қиярдың санын салыстыру. Қызанақ қанша болса, қияр соншама.

35 = 35, 30 = 30, 15 = 15

Дәптермен жұмыс .

  1. Фигуралардың санын салыстырып, тиісті түспен бояу.

  2. Ыдыстардың әрқайсысының өз қақпағын тауып, сызық арқылы қосу.

Дидактикалық ойын «Қай қолымда көп»

IV.Сергіту сәті: Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу , бас нешеу?

Жауабын кім табады.?



II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!

«Сапарға шығамыз» ойыны. Шаңғымен сырғанау

ұлдар-6 қыздар – 5 6 5 6-5 =1 /артық, кем/

тағы қандай заттарды салыстыруға болады?

қоян -2, тиін – 3 3 2 3-2 =1 /артық, кем/

Сандар қатарындағы заңдылықтарды сақтай отырып, түсіп қалған сандарды тауып жаз:

А) 2,4,- ,1, -,5,- ә)1,3,-,-,2,-.

IV.Сергіту сәті.

III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!

«Фигуралардан жұп құрастыр.» Жұбы жоқ фигураларды боя. Сандарды салыстыр және « =» немесе « >» «<» белгілерін қой.

«Қанша болса, сонша» Шаршының саны қанша болса, дөңгелектің де саны сонша болатындай суретті толықтыр.

Ойын: « Салыстыр.» Салыстыру амалын орында.5,2,4,3

3, 5,10 теңгеліктердің құрамын анықтау.

3 >1; 5 >3; 10 > 5; 10 > 8; 15 < 25;

IV.Сергіту сәті.

IV апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгелдеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!

Әрбір футболкаға нөмерлерді ретімен жаз. 1 санынан баста. Екінші футболканы боя.

1-ден 10-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге ретімен орналастыр.

Берілген сан нешені көрсетіп тұрса, торкөзге сонша фигура сал.

«Фигураларды сана және салыстыр.»

IV.Сергіту сәті.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.08.2018
872
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі