Салыстыру операторлары 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салыстыру операторлары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Салыстыру операторларын пайдаланып, Scratch-те спортқа байланысты жобалар құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні бойынша 4-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: _________

Сабақтың тақырыбы:Салыстыру операторлары.

Мақсаты (оқушыға бағытталған): салыстыру операторларын пайдалану

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).


«Спорт – денсаулық кепілі». Спорттың денсаулыққа пайдасы жайлы әңгімеле.
​● Сен қандай спорт түрімен айналысуды ұнатасың (1-сурет)? Қандай спорт үйірмесіне барасың?
​● Салыстыру операторларын пайдаланып, Scratch-те спортқа байланысты қандай жобалар құрастыруға болады?

1-сурет

Сен күнделікті бір затты немесе бір шаманы екіншісімен салыстырасың. Мысалы, «артық – кем» немесе «қымбат – арзан», «ұзын – қысқа» т.б. Математика сабағында да сандарды, әртүрлі математикалық өлшем бірліктерді жиі салыстырасың. Scratch-те математикаға байланысты түрлі ойын жобаларына «артық», «кем», «тең» сияқты салыстыру операторларын пайдалануға болады.

Салыстыру операторларын қандай жағдайда қолданамыз?

Салыстыру операторларын екі мәннің өзара тең немесе бірі екіншісінен артық не кем екендігінін анықтау үшін қолданылады. Салыстырудың ақиқат немесе жалған деген логикалық мәндері программалау ортасында көрініп тұрады.

Біз шеешімді қалай қабылдаймыз?

Күнделікті өмірде біз үнемі әртүрлі шешімдер қабылдаймыз. Мысалы, дүкендегі кітаптың алдымен мазмұнын, бағасын білеміз. Содан кейін ғана оны сатып алу немесе алмау туралы шешім қабылдаймыз.

Scratch программалау ортасында жобалар жасау барысында да бізге шешімдер қабылдайтын жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сондай кезде біз олардың мәндерін салыстырамыз.

Scratch-тегі Салыстыру операторлары

Scratch-те сценарийге Салыстыру операторларын қоссақ, ол программаны қызықты әрі тартымды жасауға мүмкіндік береді.


Scratch интерфейсі әлемнің 71 тіліне аударылған.


Салыстыру операторлары

Салыстыру
​белгісінің
​атауы

Таңбалануы

Қызметі

АРТЫҚ

яяяяяяяяяяяяя

1-ші мен 2-ші шаманың мәндерін салыстырады. 2-ші шама 1-ші шамадан артық болса, салыстыру нәтижесі ақиқат болады. Мысалы, а = 4, b = 15 мәндерін қабылдаса, онда логикалық өрнектің мәні ақиқат болады.

ТЕҢ

1-ші немесе 2-ші шамалардың мәндері тең болса, онда салыстыру нәтижесі ақиқат болады. Мысалы, а = 4, b = 4 болса, онда салыстыру нәтижесі ақиқат.

КЕМ

1-ші мен 2-ші шаманың мәндерін салыстырады. 1-ші шама 2-ші шамадан артық болса, салыстыру нәтижесі ақиқат болады. Мысалы, а = 10, b = 7 мәндерін қабылдаса, онда логикалық өрнектің мәні ақиқат болады.

Артық – больше – big; тең – равно – equals; 
​кем – меньше – less


  1. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Арман-Пв кітабы (26-бет),

https://www.opiq.kz/kit/30/chapter/3047


https://www.youtube.com/watch?v=Yw9a9HpfoL8


  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар

Кітапта 29-бетте Үйде орындайық тапсырмасы №1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2020
830
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі