Самат мектепке кіммен барады? С дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Самат мектепке кіммен барады? С дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маман тәрбиешілерге әдістемелік көмек ретінде пайдасы тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Әліппе

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Самат мектепке кіммен барады? С с дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау

Тыңдалған мәлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау

Сұраққа жауап бере отырып, диалогке қатысу

Сөз, сөйлем сызбасын құру.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ай мен орақтың суреті, кеспе әріптер, оқулық, жұмыс дәптері
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ - жауап, ойын.

 Ұйымдастырылған - іс әркетінің барысы:

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату: «Аяулы мектебім» әні

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.

  • Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

  • Сурет бойынша балалар «Самат мектепке кіммен барады?» тақырыбында әңгіме құрайды.

2-тапсырма. Өлең жаттау.

Мен оқушы баламын

Мектебіме барамын

Ата-анама өскенде

Мен де қамқор боламын

Ғажайып сәт:
- балалар қараңдаршы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай?
- Сары.
- Сары сөзі қандай дыбыстан басталады.

Балалар біз бүгін әліппеден тағы бір әріп, дыбыспен танысамыз, ендеше мен сендерге қандай әріппен танысатынымызды білу үшін бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мені мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ:

Сапсыз орақ тәрізді,

Сәукелені, сағатты,

сақинаны, сандықты бастап тұрған қай әріп?/С/

Ой, балалар жаңағы әуеден ұшып келген шардың түсі қандай болды? Ол шарды бізге тектен тек жібермеген екен, әліпбидегі әріптерде біздің бүгін "С" дыбысымен танысатынымызды біліп қойса керек. Ендеше біз бүгін "С"дыбысы мен танысатын боламыз.
"С" дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс.

3-тапсырма. Сағат, сандық, сәукеле сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады.

С дыбысы – дауыссыз дыбыс, с дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады және жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады.

Суреттегі заттардың аттарын атап, сөздегі с дыбысының орнын ажыратады.

(Ұ) Сергіту сәті.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Жасап алсақ жаттығу,

Сағаттардың тіліндей,

Жүрегіміз соғады.

Сырт сырт етіп сағаттай.

4-тапсырма

С әрпімен таныс болайық.

С әрпі неге ұқсайды?

Бір қарасаң егіншінің орағы,

Жаңа туған айға да ұқсап қалады.

Балалар суреттегі айдың, орақтың суретіне қарап С әрпінің бейнесіне ұқсайтынын айтады. Суреттерден С әрпіне ұқсайтын тағы басқа бейнелерді табады.

Дидактикалық ойын:

Сынған сағатты жөндейміз.

Қандай цифрлар жоқ?

Қандай сандарда С әрпі естілетінін анықтайды.

5 тапсырма

Балалар «С» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келетін сөздер айтып, буынға бөледі.

С дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрады: (Сағат уақытты көрсетеді) т.б Сөйлем сызбасының салады.

6-тапсырма. Буындап оқу.

С әрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.

Рефлексия.

Д /о: "Дәл тауып айт"

Сабақты сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды.

Қоянның азығы.....................

Тазалықтың досы.........................

Биiкке өрлеп барасың ..................

Уақытты көрсетеді.............................

Кiр-қоқысты сүймейдi.......

Сызуға арналған құрал........................

Кітаптарды қайда саламыз................

Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

Өз білімдерін смайликтер арқылы бағалайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.05.2018
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі