Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Реферат
«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы
Тақырыбы: Самбо күресінің ағзаға тигізетін әсері
Орындаған: ФКС-311 тобының студенті Туркменбаев Д.А
Тексерген: PhD, қауымдастырылған профессор, Мендигалиева А.С
Орал-2024 жыл
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………...2
1.Самбо спорты………………………………………………………………..…4
2.Самбо спортының шығу тарихы..…………………………………………….6
3.Самбо күресінің ережесі..……………………………………………………..7
4.Самбо спортының ағзаға әсері………………………………………………..12
5.Самбо спортының ағзаға тигізетін керкі әсерлері…………………………...14
6.Батыс Қазақстан спортшылары…………………………………………….…15
Қорытынды ……………………………………………………………………....23
КІРІСПЕ
Жоғарғы мектеп реформасы жоғарғы оқу орнының дене шынықтыру мұғалімдерінен, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардан дене шынықтыру жөніндегі лекцияларда және практикалық сабақтарда пән бойынша теорияны және практиканы беру әдістемесін одан әрі жетілдіруді талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт бойынша білімін тереңдете түсу, денсаулықтарын нығайту. Сабақ беру, оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттерінжетілдіретін, олардың болашақ мамандықтарын игерулеріне ықпал ететін сабақтарға қызыға-ынтыға қатысуларына бағытталған болуға тиіс. Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген қызығушылығы арқылы олардың дене қасиеттерін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда медицина университеті студенттерінің дене қасиеттерін даярлаудың бастапқы кезеңінде самбоның техникасы мен тактикасын зерттеудің зор маңызы бар. Біз спорттың самбо секілді түрінің негізінде, жоғарғы дене шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік.Болашақ маманды тәжірибелі педагог-жаттықтырушының басшылығымен үнемі жүргізілетін сабақтарға тарту оқу күні ішіндегі жоғарғы жұмысқа қабілеттілікті ұстап тұруға, аурулардың профилактикасына, дене қасиеттерін даярлау бойынша білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды алуына ықпал етеді. Дұрыс негізі қаланған бастапқы дене қасиеттерін даярлау оның кәсіптік-қолданбалы дене қасиеттерін даярлауының одан арғы жетілдірілуіне қызмет етеді. Самбо біздің елімізде салыстырмалы түрде жақында, 1938 жылы, көбіне көп А.Харлампиевтің, Б.Чумаковтың,В.Спиридоновтың күш-жігерініңарқасында пайда болып, әсіресе жастар арасында сүйіспеншілікке ие болып алды. Бұл тек спорт түрі ғана емес, бұл дүниетаным, мақсатқа ұмтылғыштық, бұл салауатты өмір салты. Самбо адамға жақсылық пен ар-намыстың қажетті рухани қасиеттерін дарытады, адамдарға әділ қарауға үйретеді, жылдар бойы созылатын ұжымдық бауырлықты тәрбиелейді.Бастапқыда самбо біздің елімізде өз дамуын жоғарғы мектепте алды (Ощепков В., Спиридонов В., 1938). Ол қазіргі күні де жоғарғы оқу орындарында ең көбірек дамыған, қол жетерлігімен ерекшеленеді және салыстырмалы түрде арзан спорт түрі деп есептеледі, ал мұның қазіргі жағдайларда маңызы зор. Солай бола тұрса да, біз қазіргі таңда самбоны студенттердің жалпы дене қасиеттерін қажетті деңгейде даярлау үшін ерекше қызықты, қол жетерлік, білім беретін және мазмұнды-мәнді пән ету үшін, жоғарғы мектепте студенттердің дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі сабақтарда самбоны меңгеру әдістемесіне, зерттеуге жаңа импульс, жаңа көзқарас қажет деп санаймыз
1.Самбо спорты
Самбо (орыс.
самозащита
без оружия – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған
түрі) — Самбоның тарихы
Кеңестер Одағы
тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы
денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан
спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады.
Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)"
деген сөз шығады (орыс
тілінде).
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық
спорт
түрлерінің жиынтығы деген пікір барБүгінде ойын
шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар.
Мысалға,
әзірбайжандық
"гюлеше",
армяндық
"кохе",
қазақ
"күресі",
молдаваша
"трынте",
тәжіктің
"гуштингири",
түркменнің
"гореше",
грузинше
"чидаоба" және
өзбекше
"күреш" деген түрлері жиі қолданысқа ие.
Барлығына ортақ талап киім үлгісі мен белдегі белбеу. Ойынның ортақ
ережелерін қалыстастырған маман - Василий Сергеевич Ощепков.
Ол
Токио
қаласындағы дзюдо орталығынан білім алған.
Жиырмасыншы жылдың орта шенінде В. Ощепков Қиыр Шығыста,
кейіннен
Новосібір
қаласында қорғану түрлеріне баулитын арнайы
секция ашқан. Мәскеудегі денешынықтыру институтында сабақ беріп
жүрген В. Ощепков жинақтаған тәжірибесінің арқасында И.В. Васильев,
Н.М. Галковский, Р.А. Школьников, А.А. Харлампиев, Б.А. Сагателян
деген атақты спортшыларды дайындады.
Самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі - В.А. Спиридонов.
Ол "Динамо" спорт кешенінде жұмыс істеп жүріп, алғаш рет 1928 жылы
"Самозащита без оружия" деген кітап жазып
шықты.
1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол
жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының
(ФИЛА) тізіміне ілікті. 1972 жылы
Еуропа
чемпионатының тұңғыш ашық біріншілігі басталды.
Сегіз салмақ категориялары бойынша алғашқы додада Кеңес Одағының
спортшылары шыңды бағындырса,
Жапонияның
намысын қорғаған екі спортшы жақсы өнер көрсете
білді. В. Кюлленен, А Хош, К. Герасимов, В. Невзоров, А. Федоров,
Ч. Езерскас, Н. Нисинаки, Н. Сато, С. Новиков, В. Кузнецов
Еуропаның алғашқы Еуропа чемпиондары
атанды.
1973 жылы
Иранның
Тегеран
қаласында I әлем чемпионаты
өтті.
КСРО құрамасы онда 9 алтын мен 1 күміс жүлдені
қанжығаларына байлады. Онда Г. Георгадзе, А. Шор, М. Юнак, Ш.
Чанрав (Моңғолия), Д. Рудман, А. Федоров, Ч. Езерскас, Л.
Тедиашвили, Н. Данилов, В. Кливоденко чемпион
атанды.
1985 жылы
Испанияның
Бильбао
қаласында өткен конгресте самбодан халықаралық
әуесқойлар федерациясы (ФИАС) ресми түрде тіркелді. Бүгінде ФИАС-қа әлемнің
40 мемлекеті мүше. Америкалық, еуропалық және азиялық федерациялар
да құрылған. Жыл сайын самбодан әйелдер мен ерлер арасында,
командалар арасында әр түрлі салмақта әлем чемпионаты мен әлем
біріншіліктері өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, командалық әлем
кубогы, Еуропа және Азия чемпионаты мен біріншілігі, студенттер
арасында әлем чемпионаты тағы басқалары.
Бүгінгі таңда
Халықаралық Олимпиада
комитеті самбоны Олимпиада ойындары бағдарламасына бекіту
туралы мәселені қарастыруда [1].
Самбо спортының шығу тарихы
Самбо (өзін-өзі қорғаудың орысша қысқарған түрі – «Самозащита без оружия») – ХХ ғасырдың басында Кеңес Одағында пайда болған спорттық және әскери-жауынгерлік күрес түрі. Бұл спорт түрінің негізгі мақсаты – түрлі халықтардың ұлттық күрес түрлерін біріктіріп, тиімді әрі әмбебап өзін-өзі қорғау жүйесін жасау болды.
Самбоның пайда болуы:
1.Алғашқы идеялар:
Самбоның іргетасы 1920-1930 жылдары қаланды. Оның негізін қалаушылардың бірі – Василий Сергеевич Ощепков. Ол Жапонияда дзюдоның негізін үйреніп, кейін оны Кеңес Одағында жетілдіруді қолға алды. Ощепков жапон дзюдосын орыс күресі, грузин, қазақ, өзбек және тағы басқа ұлттық күрес түрлерімен үйлестіріп, жаңа күрес стилін жасауға тырысты.
2.Екінші негізін қалаушы:
Екінші маңызды тұлға – Анатолий Аркадьевич Харлампиев. Ол самбоның ресми дамуына көп үлес қосты және спорттық күрестің кең таралуын қамтамасыз етті. Харлампиев самбоның ғылыми-әдістемелік негіздерін жасап, оны Кеңес Одағының спорт жүйесіне енгізді.
3.Ұлттық күрестердің ықпалы:
Самбоның құрылуында әртүрлі халықтардың күрес түрлері маңызды рөл атқарды. Мысалы:
• Қазақша күрес – тепе-теңдікті сақтау, дене күші қолдану әдістері;
• Грузин күресі (чидаоба) – лақтыру техникасы;
• Өзбек күресі (кураш) – ұстап лақтыру тәсілдері;
• Татар мен башқұрт күресі – қарсыласты белінен ұстау;
• Сонымен қатар жапон дзюдосы мен самурай техникасы да үлгі болды.
Самбоның ресми мойындалуы:
•1938 жыл – Самбо ресми түрде Кеңес Одағында спорттық күрес түрі ретінде танылды.
•1950-1960 жылдары – Самбо халықаралық деңгейде танылып, басқа елдерге тарала бастады.
•1981 жыл – Самбо Халықаралық әуесқой самбо федерациясының (FIAS) құрылуымен халықаралық спорт ретінде мойындалды.
Самбоның түрлері:
1.Спорттық самбо: Бұл олимпиадалық күрес түріне ұқсас, белгілі бір ережелер бойынша өтеді. Жеңу әдістері лақтыру, тұншықтыру, немесе ауырту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады.
2.Жауынгерлік самбо: Бұл түрі әскери қызметкерлер үшін әзірленген. Мұнда соққы жасау техникасы да қолданылады, және ол көше жағдайындағы өзін-өзі қорғауға бағытталған.
Самбоның қазіргі мәртебесі:
Самбо қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде танымал спорт түрі. Ол халықаралық жарыстар мен чемпионаттарда жоғары дәрежеде өткізіледі. Қазақстан, Ресей, Беларусь сияқты елдер самбоның дамуына белсенді үлес қосып келеді
.Самбо – спорттық күрес ғана емес, өзін-өзі қорғаудың тиімді жүйесі және дене мен рухты дамытудың тамаша құралы.[2]
Самбо күресінің ережесі
Самбо күресінің әдіс - айласы жекпе - жекте қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бірімен-бірі байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әр бір әдіс қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте қозғалыстар шартты түрде былайша бөлінеді. Қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу,т.б. Аяқтардың қозғалысы- қою, аттау, кейін қою, аттап кету, бүгу, жазу, ілу, шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.б. Дененің қозғалысы- еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату.т.б. Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады. Палуанның негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық орталығы. Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Жалпы ауырлық орталығына түсетін түзу сызық тіреу алаңының ішіне келсе не одан шығып кетсе тепе -теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық орталығының түзу сызығы алаңның ортасына жақын болуының маңызы зор. Тепе -теңдікті сақтау өнері мынаған саяды: Тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіпты бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсылас жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық етерін қатайту немесе босату. Мұндай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бастапқы қалыпта күресу әдіс-айласы-тұрып күрескенде қолданылатын амалдар. Ұстасу- қолмен орындалатын әрекет, палуан шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстау. Бір жақты ұстау- оң қолмен қарсыласының оң қолынан (сол қолмен сол қолынан ) ұстау. Әр жақты ұстау - оң қолмен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан)ұстау. Шалу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады. Ілу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандайда болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады да, аяқтың басымен не өкшесімен қарсыласының өкшесінен іледі. Орау- аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жанына тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және аяғының басымен аяғынан орайды. Қағу- аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі ,сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады. Төрт таған- екі қолмен және аяқпен кілемге (алақан, шынтақ және тіземен) бауырын көтеріп яғни ішін тигізбей тіреп тұру. Жүде- кілемнің үстінде етбетімен яғни ішімен жатуы. Соққы- қолмен және аяқпен жасалатын қимыл. Төте соққы- қолмен тіке жасалатын соққы. Қапталдан жасалатын соққы- қолмен құлаштап не аяқпен жаннан жасалатын соққы. Арқаға ұстау- палуандың кілемнің үстінде арқасына (жауырынына) белгілі уақыт ұстау. Буынын ауырту- қол және аяқтың белгілі бір буынын (иық, шынтақ, тізе, қылта, шат, бел және жуан сіңірді) бүгілуіне қарсы қайырып ауырту. Қылқындыру – миға баратын қан тамырларының жолын бөгеу (қол сайысқа тән). Тұншықтыру – тыныс алу жолын бөгеу (қол сайысқа тән). Көтере итеру- аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді. Еңкею- денені тік тұрған күйінен горизанталь күйге қозғалту. Тікею- денені горизанталь күйден тік күйге келтіріп қозғау. Шалқаю- денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу. Айналу- артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен немесе төрт тағандап түсу үшін айналады. Жұлқу- палуан қарсыласын қатты тартып қалады. Итеру- палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді. Жығу- түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасы, қырынан түсіруге көмектесетін әдістер. Әдіс- палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе жығу амалы. Қорғану- қарсыласының шабуылын тойтаруға мүмкіндік беретін әрекеттер. Қарсы әдіс- қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс. Лақтыру- қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге көмектесетін әдістер. Күрес әдіс - айласын анықтау үшін палуандардың барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек. Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бір қатар ағзалары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес әдіс–айласын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен палуандар әсер етуші күш мыналар ескеріледі: -салмаш-күші; -бұлшық еттің тарту күші; -дененің инертті (қозғалыссыз тұрған кездегі) қарсылығы; Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ынғайлы. Самбо күресінің айла–тәсілі – дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Тактикалық даярлық амалдар- палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттер. Барлау- палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттер. Бүркемелеу - палуан қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекет. Қауып төндіру- палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекет. Жалған әрекеттер- арырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар. Ұстау. Жұлқу, итеру және басқа да әрекет. Алдау - бұл да жалған әрекет. Шақыру - палуанның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекет. Тұқырту-палуан қарсыласын еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекет. Тепе-теңдіктен шығару - палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласы тепе -теңдігін сақтай алмай қолайсыз жағдайға түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер. Шабуыл-тактикалық әрекет оның мақсаты басым түсу немесе жеңіске жету. Комбинация- белгілі нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе әдістерді бірінен соң бірін орындау. Алдын алу- палуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізілетін шабуылдау әрекеттері, барлық палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаң орындайды. Күрес тактикасында аса тиімді әрекетер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның әдіс-айлалық шеберлігін артыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Шабуыл тактикасы - күрес күшті қарқынмен басталып. Алдына бәсекелесін таза немесе ұпай санымен ұтуды мақсат етіп қояды. Тактиканың бұл түріне тән қасиеттер: кілемде еркін жүру, өзі жақсы білетін әдістерді бірінен соң бірін қолданып, түйдек–түйдек комбинациялар құру, қарсыласының шабуылына іле – шала қасы жауап әдіс жасау, шегінбеу, тайсақтамау тән. Шабуыл тактикасы палуанның жан – жақты және жақсы психологиялық дайындығын, әдіс - айланың техникалық жағынан шебер орындалуын талап етеді. Міне мұның өзі үдемелі және мезгілдік болып екіге бөлінеді. Үдемелі шабуыл тактикасы - палуан бар мүмкіндікті өз қолына алып, өзіндік әдістерді қолдана отырып, қарсыласын таза немесе ұпай санымен ұту мақсатын көздейді. Үдемелі шабуыл тактикасын қолдану үшін палуан өте күшті. Шыдамды, айлакер болумен қатар жан – жақты дайындықтан өтуі тиіс. Осындай қасиеттері аз палуандар кейде өте үдемелі шабуыл тактикасының құрбаны болып кетуі де жиы кездеседі. Себебі олардың белдесуді жоғары қарқынды өткізуіне шыдамдылығы жетпейді де, соңында күші жетпей ұтылып қалып жатады. Бұл арада жаттықтырушыға үдемелі шабуыл тактикасының екі палуаннан да көп күш талап ететіндігін ескеру керек. Мезгілдік шабуыл тактикасы- палуан тек өзіне ыңғайлы деп тапқан кезеңдерде шабуылға шығады. Шабуыл арасындағы әр қимыл арасындағы уақыттар да ол қарсыласының әр қимылын бағып, жалған қимылдар жасап шатастырады. Осылай өзіне қолайлы сәт тудырған кезде қапы қалмай күтпенген жерден үрдіс шабуылға шығады. Қорғаныс тактикасы - көбінесе өзінен күші басым, тәжірибесі мол, дайындығы жақсы палуандармен кездесу кезінде қолданады. Сондықтан қорғанушы жағдайы шабуыл жасаушы палуанның қимылына тікелей байланысты. Қорғаныс тактикасы қарсы әдістерді шебер қолдана білеті палуандар үшін өте пайдалы. Самбо күресінің тактикасы - деп белдесудің әр сәтіндегі жағдайды, қолданған айла - әдістерді дәл әрі дұрыс бағалап, палуанның жан - жақты дайындығы мен ерік күшін бір бағытқа, жеңіске жете беру үшін пайдалана білуді айтамыз [3]
Шалып шығу әдісі
Шалып жығу әдісі күресте аяқпен іштен және
сырттан шалып жығу әдістері бар.
Сырттан шалып
жығу- Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белін
қапсыра ұстап, жоғары көтере өзіне тартады да, сол немесе оң аяғын
қарсыласының сыртына шығарып, тізе буыннан сәл төменірек аяғын шала
жоғары көтереді. Осы сәтте қарсыласын иығымен не денесінің
салмағымен алға қарай қозғау керек. Сонда өз салмағымен
қарсыласының салмағы бір аяғына түскен кезде палуан кілемге
құлайды.
Жіберілетін қателіктер:
шабуыл кезінде төмен отырып қалу, шалынған аяқты
жоғары көтере алмау.

1-сурет

2-сурет
Қарсы әдіс-іштен шалу
Самбо спортының ағзаға әсері
Самбо спорттың ағзаға әсері денсаулықты нығайтуға және адамның физикалық, психологиялық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл спорт адамның дене мүмкіндіктерін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартады. Төменде оның ағзаға негізгі әсерлері сипатталған:
1. Физикалық даму
• Бұлшықет күші: Самбо жаттығулары арқылы барлық негізгі бұлшықет топтары дамиды: арқа, аяқ, қол және іш бұлшықеттері. Бұл дененің жалпы күшін арттырады.
• Икемділік: Лақтырулар, құлау техникасы, түрлі қозғалыстар дененің икемділігін жақсартады.
• Координация: Әртүрлі техникалар адамның тепе-теңдік сақтау және қозғалысты үйлестіру қабілетін күшейтеді.
2. Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері
• Жоғары қарқындылықтағы жаттығулар жүрек жұмысын жақсартады.
• Қан айналымын және тамырлардың икемділігін арттырып, гипертония мен жүрек ауруларының алдын алады.
• Төзімділік дамиды, бұл күнделікті өмірдегі физикалық күшке төзімді болуға мүмкіндік береді.
3. Тыныс алу жүйесі
• Самбо аэробты және анаэробты жаттығуларды қамтитындықтан, өкпенің жұмысын жақсартады.
• Тыныс алу қабілетін күшейтіп, ағзаны оттегімен қамтамасыз ету деңгейін арттырады.
4. Психологиялық әсер
• Стрессті төмендетеді: Физикалық белсенділік психологиялық шиеленісті азайтады, стрессті жеңілдетуге көмектеседі.
• Өзін-өзі бағалау: Самбо арқылы жеңіс пен өз қабілеттерін сезіну адамның сенімділігін арттырады.
• Шешім қабылдау жылдамдығы: Тез реакция жасау және стратегия құру қабілетін дамытады.
5. Иммунитетті күшейту
• Жаттығулар ағзаның жалпы қорғаныс қабілетін арттырып, иммундық жүйені нығайтады.
• Тұрақты физикалық белсенділік ауруларға төзімділікті күшейтеді.
6. Салмақты бақылау және метаболизм
• Самбо жаттығулары калорияларды қарқынды жағуға көмектеседі, артық салмақтың алдын алады.
• Зат алмасуды жеделдетіп, ағзаның энергиямен қамтамасыз етілуін жақсартады.
7. Сүйек және буын жүйесіне пайдасы
• Буындардың икемділігін арттырады және олардың жарақат алу қаупін азайтады.
• Сүйек тығыздығын жақсартып, остеопороздың алдын алады.
8. Өзін-өзі қорғау қабілеті
• Самбо өзін-өзі қорғаудың тиімді әдістерін үйретеді, бұл қауіпті жағдайларда пайдалы.[4]
Самбо спортының ағзаға тигізетін кері әсерлері.
Самбо спорты денсаулықты нығайтудың тиімді жолы болғанымен, кез келген спорт түрі сияқты, оның да ағзаға белгілі бір қауіптілігі мен зиянды жақтары болуы мүмкін. Бұл көбінесе жаттығулар мен жарыстар барысында дұрыс техника қолданбаудан, шамадан тыс жүктемеден немесе жарақаттанудан туындайды. Төменде самбоның ағзаға тигізуі мүмкін зиянды әсерлері сипатталған:
1. Жарақат алу қаупі
• Буындар мен сүйектердің зақымдануы: Самбо күресі кезінде ауырту әдістері қолданылатындықтан, буындардың шығуы, байламдардың созылуы немесе үзілуі мүмкін.
• Сүйек сынуы: Жарыстар мен жаттығуларда дұрыс техника сақталмаса, құлау немесе лақтыру кезінде сүйектер сынуы мүмкін.
• Бас жарақаттары: Лақтыру немесе құлау кезінде басын дұрыс қорғамау ми шайқалуы сияқты ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
2. Шамадан тыс физикалық жүктеме
• Бұлшықет пен буынның тозуы: Тұрақты шамадан тыс жаттығу буындарға, сүйекке және бұлшықетке ауыртпалық түсіруі мүмкін. Бұл артрит немесе остеохондроз сияқты ауруларға алып келуі ықтимал.
• Жалпы шаршау: Ағзаның толық қалпына келуіне мүмкіндік бермейтін шамадан тыс жүктемелер иммундық жүйенің әлсіреуіне және созылмалы шаршауға әкеледі.
3. Психологиялық әсері
• Стресс пен қысым: Жарыстарға дайындық және бәсекелестік психологиялық қысым тудыруы мүмкін. Бұл кейбір спортшыларда мазасыздық, шаршау немесе күйзеліске әкеледі.
• Жеңіліске реакция: Кейбір адамдар жеңілістерді ауыр қабылдайды, бұл олардың өзін-өзі бағалауына теріс әсер етуі мүмкін.
4. Ағзаның қалпына келу қабілетіне әсері
• Травмадан кейінгі асқынулар: Дұрыс емделмеген жарақаттар созылмалы мәселелерге айналып, кейінгі өмірде қозғалыс шектелуіне себеп болуы мүмкін.
• Жас кезінде шамадан тыс жүктеме: Ерте жаста көп күш салу буын мен сүйек дамуына кері әсер етуі мүмкін.
5. Инфекциялық қауіптер
• Жабық залдарда жаттығу кезінде спортшылар арасында тер арқылы тері инфекциялары немесе вирустардың таралу қаупі бар.
Зиянды әсерлердің алдын алу:
• Дұрыс техника: Самбо әдістерін дұрыс орындауды үйрену жарақат алу қаупін азайтады.
• Сапалы жабдықтар: Қорғаныс құралдарын (шлем, тізеқап) пайдалану қажет.
• Дене жүктемесін бақылау: Жаттығу кестесін ағзаның мүмкіндіктеріне сай жоспарлау керек.
• Қалпына келу: Жарақаттан кейін толықтай сауыққанша жаттығуды жалғастырмау маңызды.
• Тәжірибелі жаттықтырушы: Білікті маманның жетекшілігімен жаттығу қауіп-қатерлерді азайтады.[5]
2.Батыс Қазастан спортшылары
2.1.Қойшыбаев Еламан Еркінұлы

3-сурет.Еламан Қойшыбаев.
1995 жылдың 18 қыркүйегінде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келдім. 2002 жылы Қандыағаш қаласының №1 орта мектебіне оқуға түсіп, 2005 жылы Қандыағаш қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресі мен дзюдо күресі үйірмесіне қатысып, білім алдым. 2013 жылы 11 сынып тәмамдап, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне түсіп, жоғарғы оқу орнын дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірдім. 2
Еламанның қазақша күреспен айналысқанына 13 жылдан асыпты. Оның спортқа деген ынтасы жас кезінен басталған. 11 жасында ағасы Еріктің айтуымен күреске қатыса бастайды. Өзі туып-өскен Қандыағаш қаласыдағы спорт мектебінде тәлім алып, талай жарыста бақ сынаған. Еламан 2012 жылы ақпан айында Қызылорда облысының Шиелі ауданында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанып, Әлем чемпионатына жолдама алған. Сол жылы 82 келі салмақ дәрежесінде Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, қазақ елінің туын көкке желбіретті.
Еламан бүгінде тек күреспен шектеліп қоймай, самбомен де айналысады. Түрікменстанның Ашxабад қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
— Ендігі жоспарым олимпиада ойындарына қатысып, жүлделі орын алып, қазақ елінің әлемге танытсам деймін, дейді жас спортш
– Мен осы спорт түрімен 12 жасымнан бастап айналысып келемін. Осы әлем чемпионатына алтын аламын деген үлкен мақсатпен бардым, дегенмен бұйырғаны күміс болды. Ендігі мақсат осы чемпионатта жіберген қателіктермен жұмыс істеп, алдағы әлемдік біріншіліктерде жеңіс тұғырынан көріну. Өзім қазіргі таңда Ұлттық ұланның әскер қатарында қызмет атқарып, Отан қорғау жолында спортты қатар алып жүрмін. Ұлттық ұлан қолбасшылығына маған үнемі тыңғылықты дайындалуға қолдау көрсететіндері үшін алғысымды білдіремін, – дейді Ұлттық ұлан қызметкері Еламан Қойшыбаев
Нұрбол Серіков Несіпкерейұлы

4-сурет.Серіков Нұрбол Несіпкерейұлы
Нұрбол 1993 жылы Қазталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Алғашқы бапкері - Жеңіс Стамғазиев. Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегі Н.Серіков қазіргі кезде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиевтің қол астында дайындалы
Нурбол Серіков - спорттык самбодан халыкаралык, дорежедегі спорт шебері. Казакстан Республикасынын улттык курама командасынын мушесі.
Спортшымыздын бірінші жаттыктырушысы - Стамгазиев Женіс Канатулы!
Жеке жаттыктырушысы - Мендыгалиев Райбек Рамашулы!
2010 жылы Орал каласында откен Казакстан Республикасы чемпионатынын куміс жулдегері.
2014 жылы Алматы каласында откен Элем кубогынын куміс жулдегері.
2014 жылы Ресей мемлекеті, Мескеу каласында откен Элем кубогынын кола жулдегері.
2014 жылы еткен Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2016 жылы Беларусь мемлекеті, Минск каласында болган Элем кубогынын кола жулдегері.
2017 жылы еткен Казакстан Республикасы чемпионатынын куміс жулдегері. 2017 жылы Астана каласында болган Элем кубогынын куміс жулдегері.
2017 жылы Ресей мемлекеті, Мэскеу каласында откен Элем кубогынын, женімпазы.
2018 жылы болган Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2018 жылы Грузия мемлекеті, Тбилиси каласында болган Элем кубогынын кола жулдегері.
2018 жылы Монголия мемлекеті, Улан-Батыр каласында откен Азия чемпионатынын женімпазы.
2018 жылы Румыния мемлекеті, Бухарест каласында еткен Элем чемпионатынын женімпазы.
2019 жылы еткен Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2020 жылы болган Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2021 жылы еткен Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2021 жылы Озбекстан мемлекеті, Ташкент каласында болган Азия чемпионатынын куміс жулдегері.
2022 жылы Актау каласында болган Азия кубогынын женімпазы.
2023 жылы Караганды каласында эткен Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2023 жылы Астана каласында откен Азия чемпионатынын женімпазы.
2024 жылы Семей каласында эткен Казакстан Республикасы чемпионатынын женімпазы.
2024 жылы Кытай мемлекеті, Макао каласында откен Азия чемпионатынын женімпазы.
2.3.Нығмет Нығман Сабыржанұлы

5-сурет.Нығмет Нығман Сабыржанұлы
Нығман Сабыржанұлы Аппаз ауылында 5 мамыр 2007 жылы дүниеге келген. 2015 жылдан бастап Қарқаралы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Аппаз ауылы филиалында бокс үйірмесінде жаттықтырушы Ахмет Ардақтың қол астында жаттыға бастаған.Көп уақыт өтпей, ынтасы бар жас өрен жетістікке жете бастады. Ол - облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. Атап айтқанда, Нығмет Нығман 34 кг салмақта 2021 жылы қаңтар айында Қостанай қаласында өткен Солтүстік аймақтық Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сол жылы сәуір айында Атырау қаласында 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында 34 кг салмақта жүлделі ІІ орын алды. -Нығман 2021 жылдан бастап Қарағанды спорт-интернаты колледжіне оқып жатыр.
Серікбай Нығмет әлем чемпионатының күміс жүлдегері Астана каласында спорттык және жауынгерлік самбодан өткен ересектер арасындаты әлем чемпионатының соңгы жарыс күнінде Батыс Қазакстандық Серікбай Нығмет спорттық самбодан 71 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды.
2.4.Көлбай Темірлан Нуртасұлы

6-сурет.Көлбай Темірлан Нұртасұлы
Темірлан Көлбай 1995 жылы Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының дзюдо бөлімін бітірген. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті дене шынықтыру факультетінің 2017 жылғы түлегі. Темірлан Көлбай – дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, жастар арасында Азия чемпионатының жүлдегері. Дзюдодан жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы. Самбодан ересектер арасында Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы. Спортшымыздын бірінші жаттыктырушысы - Каженов Қасым Маратұлы. Жеке жаттыктырушысы - Мендіғалиев Райбек Рамашұлы Темірлан Көлбай - спорттык самбодан Казакстан Республикасынын халыкаралык дорежедегі спорт шебері. Казакстан Республикасынын ұлттық кұрама командасынын мүшесі. 2021 жылы еткен Казакстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2021 жылы еткен Азия чемпионатынын женімпазы. 2022 жылы болған Қазакстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2022 жылы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. 2023 жылы болган Казакстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2023 жылы Астана каласында болган Азия чемпионатының женімпазы. 2023 жылы Сауд Арабия мемлекеті, Эр-Рияд каласында болган Дуниежүзілік жекпе-жек ойындарының женімпазы. 2024 жылы Семей каласында откен Казакстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2024 жылы Кытай елі, Макао каласында еткен Азия чемпионатынын күміс жүлдегері..
Қорытынды
Самбо – денсаулықты нығайтуға, өзін-өзі қорғауға және тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған ерекше спорт түрі. Ол Кеңес Одағында ХХ ғасырдың басында қалыптасып, бүгінгі таңда халықаралық деңгейде кең танымал болды.
Самбоның басты ерекшелігі – ол спорттық күрес ретінде жарыстарда қолданылады және жауынгерлік самбо түрінде әскери және өзін-өзі қорғау мақсатында пайдаланылады. Әртүрлі техникалар мен әдістер адамның физикалық қабілеттерін дамытып, стресстік жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын жақсартады.
Бұл спорттың ағзаға пайдасы зор:
• дене шынықтыруды жақсартады,
• бұлшықет жүйесін нығайтады,
• жүрек-қан тамырлары жүйесін күшейтеді,
• психологиялық тұрақтылық пен сенімділікті арттырады.
Дегенмен, кез келген спорт сияқты, самбоның жарақат алу қаупі бар. Бұл қауіптерді азайту үшін қауіпсіздік шараларын сақтау, дұрыс техника мен сапалы жабдықтарды пайдалану маңызды.
Қорытындылай келе, самбо – денсаулықты нығайту мен өзін-өзі дамытуға ықпал ететін тиімді спорт түрі. Ол тек жарыстарда ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалы болатын физикалық және психологиялық дағдыларды қалыптастырады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Алиханов И.И. О становлении технико-тактического мастерства // Спортивная борьба:Ежегодник. -М.: 1982. 7-10 с.[1]
2. Чумаков Е.М., Ионов С.Ф. Осистематизации понятий и последовательности изучениятехники борьбы самбо // Спортивная борьба: Ежегодник. -М.: 1982 -C 23-27[2]
3. Пилоян Р.А., Джапаралиев В.Т. Повышение эффективности подготовки борцов //
Спортивная борьба: Ежегодник. -М.: 1982 - С. 3-7 [3]
4. Новиков А.А., Ленц А.Н. Оценка тактической ситуации в борьбе // Теория и практика физической культуры. -1966. -Nº7. С.72. [4]
5. Чумаков Е.М. Тактика борца- самбиста. -М.: Физкультура и спорт, 1976, -224 с. [5]
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Самбо күресінің ағзаға тигізетін әсері

шағым қалдыра аласыз