Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Шәмшінің әндері"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Шәмшінің әндері»
мерекесіне орай өткізілген атты кеш.
Мақсаты: Ән өнерінің жарық жұлдызы «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, шығарманы меңгеру.
Би: «Гүл көктем»
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, Ән падишасы Шәмші ауылына қош келдіңіздер ! Бүгінгі «Сағынышқа айналған сазгер» атты кешіміз ұлы композитор, саз сардары, вальс королі Шәмші Қалдаяқовқа арналады.
2-жүргізуші:
Бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамызда мектеп оқушылары мен мұғалімдері Сіздерді Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, шығармашылық өнері мен әндерінің шығу тарихымен таныстырады.
1-жүргізуші:
Алтынның сынығы жерде қалмайды, таланттар, дарын жарыққа шықпай қоймайды. Вальс королі Ш.Қалдаяқовтың көзі тірісінде оның еңбектері бағаланбаған болатын. Ендігі жерде Шәмші ағамыздың өмір жолын азғантай да болса айтып өтейік:
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі қойнауында Сарыкөл деген көл бар. Осы көлдің жағасында 1927жылы Қалдаяқ деген кедей, өзіне қамыстан күрке салып мекендеген. Қалдаяқтың шын аты «Әнапия» болған. Оның балтырындағы үлкен қалды көріп, жеңгелері Қалдаяқ деп кеткен екен. Бұл Шәмшінің әкесі еді. Әкесі қобыз, домбырада құйқылжыта ойнайтын сері адам болса керек. Қалдаяқтың сол күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келген екен.
-Оу, Қалдаяқ ұлды болдың!-деп үйіне асыға келген әкеге жыртық шүберекке оралған нәрестені қолына ұстата салды. Сонда Қалдаяқ балаға қарап, «Мен сені хиссадағы Жәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім, бірақ мына дауыс патшаныкіне емес әншінің дауысына көбірек ұқсайды екен»- деген екен. Сонда бір құрдасы, «Қалдаяқов балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да тақияңа тар келмес еді»-депті. Жәмшид деген ат алған сол бала Шәмші Қалдаяқов болып өсіп, жетіліп «Қазақ вальсінің королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ.
2- жүргізуші:
1957 жылы Шәмшінің композиторлық атағы шарықтап тұрған кезде, анасы Сақыпжамал ауырып, жазылмастай дертке шалдығып, қайтыс болады. Дүние салар алдында Алматыдағы баласын шақыртады.
-
Балам,-деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Шәмші анасымен қоштасып тұрып, «Апа қарыздармын саған. Сенің басыңа мавзолей орнату қолымнан келе қоймас, бірақ әсем әнмен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қойдырамын»-деген. Сол уәдесін 1961 жылы орындаған. «Ана туралы жыр» қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған ән еді. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
«Ана туралы жыр» әні.
1-жүргізуші:
Шәмшінің әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармасының тақырыптық, мазмұндық ауқымды аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың жерін жырға қосатын: «Ақ ерке-ақ Жайық», «Отырардағы той», «Байқоңыр», «Отан», «Мойынқұмда», «Кешікпей келем деп ең»т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.
«Кешікпей келем деп ең» әні.
2-жүргізуші:
«Қуанғаннан күрсінгені көп оқыс бір абзал жанның көз алдыңнан кетуі қиын. Өмір жолы сан тарау. Қиын да күрделі, аты аңыз болып ел жүрегінде қалған Отырар өлкесінің ұланы жер ананың жылы ұясынан өз орнын алып, мәңгілікті бір мезет құшағына сыйғызып, өмірден кете барды»- деп толғанып еді інісі Қуаныш Төлеметов.
«Өмір-өзен» әні.
1-жүргізуші:
Бір де бір қуаныш дастарқаны әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй-күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әні.
«Дүнген қызы» әні.
2-жүргізуші:
Шәмшіде арнаулы әндер көп. Бір күні Қалқожа деген жігіт іздеп келіп: «Аға сіздің әндеріңізде неге Арыс жоқ? Ерке өзеннің аруларын неге әнге қоспадыңыз?»-деген сауалдан «Арыс жағасында» әні туып еді.
«Арыс жағасында» әні.
1- жүргізуші:
Бұл 1956 жылдың жазы еді. Студент кезінде шығарған әндері «Қайдасың», «Жүрек сыры», «Қайықта», «Арман», «Бәрінен де сен сұлу» әндері студент жастар арасында таралып, осы күндерге дейін орындалып жүр.
«Бәрінен де сен сұлу» әні.
1- жүргізуші:
Шәмші Ташкенттегі музыкалық училищеде оқып жүргенде, әйгілі әнші Жамал Омарова Шәмшінің бойындағы талантты біліп, 3 курсын бітірместен Алматыдағы консерваторияға алып келеді. Осылайша Ш.Қалдаяқов Құрманғызы атындағы консерваторияның композиторлық факультетіне қабылданды.
Албырт көңілі аңқылдап, жарқын сезімі лапылдап тұрған нағыз тәтті шағы еді-ау ол. Ахмет Жұбановты өзіне пір тұтқан Шәмші оның қызы Ғазизаны Мәскеудегі оқуын бітіріп, Алматыға қайта оралған шағында тұңғыш көргенде ... жо-жоқ, махаббат емес... Ақаң секілді дүниеге бірақ рет келетін адамның тал шыбықтай бұралған қызын көріп, оған деген, тіпті өнерпаз қазақ қыздарына деген құрметі бірден оянған еді. Ғазиза пианино тартып, өзі шығарған музыкалық этюдтерді орындаған кезде сол бір шағын шығармалардан үлкен дүниенің көш басы сезіліп тұрған еді.
Ғазизаның музыка бөлмесінде оңаша қалған бір сәтін тауып, оған барып өзінің «Шынарым» әнін орындап берген еді. Бұл әнді зейін қойып тыңдаған Ғазиза, одан алған әсері болар, кескіні гүл- гүл жайнап, тағы бірде қобалжып, жан дүниесінде дауыл тұрып, жауын жауғандай болған еді.
- Бұл әнді сізге арнадым, апай – деді Шәмші.
- Рахмет, -деді Ғазиза
«Шынарым» әні
1-жүргізуші:
Шәмші аға айтқан екен: «Маған жақсы нәрсе халқымның жүрегі. Менің әндерімнің болашағы –халқымның тағдырына байланысты. Халқым барда менің әндерім бар»-деген екен. Ия, сол сөздері қазір шындыққа айналды, халқы оны ешқашан ұмытпайды. Оның әндерін қазір де республика жұртшылығы үлкен сүйіспеншілікпен орындайды.
«Әнім сен едің» әні.
2-жүргізуші:
Шәмші ағамыз өмірде көп қиыншылық көрді. Себебі, бар өмірін шығармашылық іске арнаған. Сазгер Шәмшіге көрсетілген алғашқы да соңғы құрмет 1991 жылдың 29 желтоқсанында Алматы қалалық әкімшілігі атынан, «Қазақстан халық әртісі» деген құрметті атақты небары 60 күн алып жүрді. Бұл атақ 1991 жылы 29 желтоқсанда берілсе, екі айдан кейін 1992 жылдың 29 ақпанында мәңгілік көз жұмды.
1-жүргізуші:
Артында өнер өшпес мұра қалды,
Әніне табындырып барша жанды.
Қазақтың сазгер ұлы, сал-серісі,
Ғасырдың ұлы едің маңдай алды.
«Жан аға» әні.
2-жүргізуші:
Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар деп, Шәмші бір жолдасына «Менің Қазақстаным» әнінің қалай туғанын еске алады. Ол кезде Ақмоланы (қазіргі Астана) «Целиноград» деп атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, Ресей жаққа бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылай бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтата жырлайтын ән қажеттігін сезінді. «Менің Қазақстаным» әні осылай туды.
«Менің Қазақстаным» әнін елімнің ұраны болар деп Шәмші біліп айтқандай. 1986 жылы 17 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы республика алаңына «Елім - ай» мен бірге осы әнді де айтып шықты. «Менің Қазақстаным» деп шырқаған жастардың арманы орындалды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың мемлекеттік әнұранға айналып, ол алтын әріппен ел тарихында қалды...
(ГИМН орындалады)
Өлмейтұғын артына із қалдырған Шәмші ағамыздың құрметіне арналған «"Шәмшінің әндері» атты сазды кешіміз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!