Қандай тақырып
өтетінімізді анықтап алғаннан кейін
«Таныстырылым» арқылы жаңа сабақты
түсіндіремін.
Координаталық
түзуде а
және
в
сандарына сәйкес нүктеледі
белгілейік. Координаталық түзудегі а
және
в
сандарының арасындағы
сандар а
және
в
сандарының аралығын
көрсетеді.


а в
Біз сан
аралығының интервал, кесінді, жартылай
интервал, сәуле және
ашық
сәуле деген түрлерін
қарастырамыз.
-
теңсіздігінің шешімдерін сан
аралығында белгілейік.


1
5
Теңсіздіктің шешімі
координаталық түзуде 1 және 5 сандарының аралығында орналасқан.
Мұны 1-ден 5-ке дейінгі сан аралығы дейді
немесе интервал деп атайды. Белгіленуі: (1;
5), жай жақшамен жіне ортасы боялмаған дөңгелекпен (◦)
кескінделеді. Оқылуы: 1-ден 5-ке дейінгі
аралық.
теңсіздігі – қатаң қос
теңсіздік. Сондықтан оның шешімдер жиынына 1 саны мен 5 саны
кірмейді.
-
қатаң емес қос
теңсіздік.


-1
3
Белгіленуі: [-1; 3],
тік жақшамен және координаталық түзу бойында ортасы боялған
дөңгелекпен (●) кескінделеді. Оқылуы: (-1) саны мен 3 саны қоса
алынған (-1)-ден 3-ке дейінгі аралық. Мұндай са
аралығын кесінді деп атаймыз. Бұл қатаң емес
теңсіздік болғандықтан, оның шешімдер жиынына (-1) және 3 сандары
да кіреді.
-
шешімдер жиынының
координаталық түзуде
белгіленуі:


-4
8
Белгіленуі: [-4;
8)
Оқылуы: (-4) саны
қоса алынған (-4)-тен 8-ге дейінгі аралық. 8 саны аралыққа
кірмейді.
Мұндай сан
аралығы жартылай
интервал деп
аталады.
-
теңсіздіктің шешімдер жинағын
координаталық түзуде
белгілейік.


7
Жазылуы: [7;
+ ,
шексіздік
белгісі.
Оқылуы: 7 саны қоса
алынған 7-ден плюс шексіздікке дейінгі аралық. Бұл сан
аралығы сәуле деп
аталады.
-
x<10
теңсіздігінің шешімдерін
белгілейік:


10
x<10
теңсіздігінің шешімдер жиынына минус шексіздіктен 10-ға дейінгі
аралық кіреді. 10 саны шешімдер жиынына кірмейді. Мұндай сан
аралығы ашық
сәуле деп
аталады.
Жазылуы:
(- ;
10)
Оқылуы: минус
шексіздіктен 10-ға дейінгі
аралық.
-
«Джигсо»
әдісі бойынша жеке әрі топтық жұмыс
орындайды.
№ 312. Сан аралығын
координаталық түзуде
кескіндеңдер:
-
(-2;
0]; 2)
(-4; 7); 3)
[5; + 4)
(- 5)
[-9; 12]; 6)
(-8; 13];
Топтағы оқушыларды
1-ден 3-ке дейін санаймын. Бірлерге 1-ші және 2-ші есептер,
екіншілерге 3-ші және 4-ші есептер, үштерге 5-ші және 6-шы есептер.
Оқушылар тапсырманы жеке орындап болған соң біріншілер, екіншілер,
үшіншілер болып үш топқа бөлініп шығарған есептерін талқылайды.
Жіберген қателіктері болса
түзетеді.
Дескриптор:
-Сан аралығының
түрін ажыратады
-Координаталық
түзуде берілген сан аралықтарын белгілеулерімен
кескіндейді
Саралау:
-Жылдам орындап
қойған оқушылар тобындағы оқушыларға көмек
береді
- Көмек қажет ететін
оқушыларға нұсқау беремін
«Басбармақ»
әдісі арқылы оқушылар өзін өзі
бағалайды
Сергіту
сәті. «Дыбыстық
гимнастика»
А – дыбысы, барлық
ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша
безінің жұмысын күшейтеді
И – ми, көз, құлақ,
мұрынның жұмысын жақсартады
О – жүрек және
өкпенің жұмысын белсендіреді
Х – барлық
ағзамыздың тазаруына
көмектеседі
Ха-ха-ха – көңіл
күйді көтереді
-
№313. Суретте кескінделген сан аралықтарының
белгілеріне қарап, сан аралығын
жазыңдар.


-
4,5


-10


-2,5
3
«Өкіл» әдісі бойынша топтар тапсырмаларды орындап болғаннан
кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген
материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын,
бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа
топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін
айтып береді.
«Бағдаршам»
әдісі арқылы топтар бірін-бірі
бағалайды
Дескриптор:
-Суретте
кескінделген сан аралықтарының түрін
ажыратады
-Сан аралықтарын
белгілеулерді пайдаланып
жазады
Саралау:
-Топтағы қабілетті
оқушылар қажет болса, басқа оқушыларға түсіндіру
жүргізеді
-Көмек қажет ететін топтарға нұсқау
беремін
|