Сан аралықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сан аралықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып математикадан Сан аралықтары тақырыбына ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________________


VI тарау. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп: «Қарақұм орта мектебі» КММ

Күні: 7.02.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тэтбенова А

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сан аралықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей біледі және сан аралықтарының жазылуын, оқылуын біледі;


Сабақтың мақсаты

Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру

Бағалау критерийі

—  Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  ажыратады;

—  Координаталық түзу бойындағы сан  аралықтарын  іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақша

Русский

English

Теңсіздік

неравенства

Inequality

интервал

интервал

interval

жартылай интервал

полуоткрытый интервал

The half-open interval

Координата жүйесі

Система координат

Coordinate method


Құндылықтарға

баулу

Оқушыларды құрмет көрсетуге, бір-бірімен ынтымақтастықта болуға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық

байланыс

Геометрия

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Санды теңсіздіктердің қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Сабақтың басында мұғаліммен оқушылар амандасады.

(Геометриялық фигуралар арқылы арқылы топқа бөлу)

І топ. Интервал ІІ топ. Кесінді ІІІ топ.Сәуле

Психологиялық жағымды ахуал тудыру. Балалар сіздер таңдаған геометриялық  фигураларыңыздың нені білдіретіндігін  білесіздер ме? Олай болса біле жүрейік.

Үшбұрыш-көшбасшылық қасиеті басым,өздеріне өте сенімді.

Дөңгелек-өте ақкөңіл,жылы шырайлы,жан-жағына жылу таратушы,біреудің қуанышы мен ренішін өзіне жақын қабылдайды.

Төртбұрыш -өте ұстамды,қолға алған жұмыстарын соңына дейін аяқтайды,істеген жұмысы сапалы болады.

Үй тапсырмасын тексеру. «Өзіңді-өзің тексер» әдісі арқылы

тексеру. Оқушылар тақтадағы есеппен өзінің есебін тексереді.


Қима қағаздар,

слайд

Сабақтың ортасы

(32 мин)

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы сабақты бастау.  Мақсаты: топтық  білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.Әр топ мүшелері берілген сан аралығының атын, сан аралығының координаталық түзудегі кескінін, теңсіздікпен жазылуын жазады. Содан соң топтан бір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады. Әр топқа тапсырма беріледі. Жақсы қорғаған топты «Үш шапалақ» әдісі арқылы марапаттап отырады.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сан аралықтары» Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.

Оқулықпен жұмыс.

998 (ауызша)

І топ. №999 (1,2)

ІІ топ. №999 (3,4)

ІІІ топ. №999 (4,5)

1000 кестемен жұмыс.

Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ. Сәйкестендіру.

ІІ топ. Тест тапсырмаларын орындау.

ІІІ топ. Кесте толтыру.

Тапсырманы орындап ортаға шығып қорғайды. Жақсы қорғаған топты «Үш шапалақ» әдісі арқылы марапаттап отырады.

Сергіту сәті. «Домино» ойыны.

А3 форматты қағаздар

Сабақтың соңы

(3 мин)


Кері байланыс. Сабақты “Керемет сұрақ , тамаша жауап” әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру. № 1005,1007

Бағалау.

Рефлексия.


Стикер


























«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қарақұм орта мектебі» КММ















Сан аралықтары

(ашық сабақ)


















Сыныбы: 6 «Ә»

Математика пәні мұғалімі: Тэтбенова А





















2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.03.2018
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі