Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шана

Материал туралы қысқаша түсінік
Шана туралы туралы айту,сурет салдыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет

Тақырыбы: Шана

Мақсаты: үлгі бойынша заттық сурет салуда, шананың суретін салуда балалардың сызықты үлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру; түзу сызықтар сыза білуге, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шананың суреті

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, бояу әуенді күйтабақ, теледидар.

Сөздік жұмыс: шана, аяз.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

- Балалар, бүгінгі күнбәрімізге сәтті күн болсын. Біз доспыз. Достығымыздың тамыр соғысын тыңдап көрейікші.

Балалар бір-бірінің тамырын ұстап көреді


Ұйымдастырушылық - әдістемелік

Топқа қонаққа қыстық киім киген қуыршақ келеді. Амандасады, жақсы көретін ойынын айтады, балалардан қандай ойынды ұнататынын сұрайды. Педагог құыршақты дос болуға шақырып, оқу іс-әрекетінен кейін далаға шығып ойнайтындарын айтады.

Жұмбақ жасыру:

Шанамен сырғанап келемін,

Шаңғы коньки тебемін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балаларға қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын айтқызады. Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгілін ақ ұлпа қарсыз, аяссыз, аққаласыз, суықсыз елестету мүмкін еместігін айтады.

  • Балалар, мына жұмбақтарды шешіп көрейікші:

Зулап түсіп төмеңге,

Шыға алмас менсіз төбеге.

Қыста адамдар биік төбелерден шанамен сырғанап, мұз айдынында коньки тебетінін айтады.

Бой сергіту:

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

- Енді біз әдемі шананың суретін салып көрейік.


Жасалу жолдары:

- алдымен қылқаламмен шананың екі жолағын салып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады

- жіңішке қылқаламмен отыратын бөліндегі таяқшаларын сызып саламыз.

Педагог балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды.

Қуыршақпен амандасады. Педагогтың сұрақтарына толығымен жауап береді.






  • Қыс мезгілі.



Қыс мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді айтады





  • Шана





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.






Педагогтің нұсқауы бойынша шананың суретін салуға кіріседі.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балалардымақтап, мадақтайды.

Қуыршақ балалардың жұмысын мақтап, бәрі бірге ойнауды ұсынады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: қылқаламды қағаз бетінен алмай түзу сызықтар сызуды.

игереді: заттық суретсалу үлгісін жасауды.

менгереді: қылқаламды тік бағытта ұстауды, ұқыптылықты.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2780
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі