Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» ой бөлісу сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» САҒАТЫ
Тақырыбы: «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» ой бөлісу сағаты
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» ой бөлісу сағаты
Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мағыналы сөздер
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Топты түгендеу
3.Тәрбие сағатын
бастау
Мазмұны:
1 - айналым «Бәйге»
2 - айналым «Дода»
3 - айналым «Жорға»
Қорытынды.
Кіріспе сөз.
"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Сондықтан ұлттық мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы.Бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі.
Қазақстан Республикасы Ата заңының 9 тарауы «Отбасы» деп аталып, оның 51 бабында «Ата-аналардың және олардың орындарындағы адамдардың міндеті-балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты көрсетілген. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.
Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты болады.
Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршысы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті . Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып, белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселесін жоспарлап, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етті. Ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуын олардың қоғам алдындағы өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады.
Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:«Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің тағдыры мен талаптарын обьективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп айтылған.
Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десекте болады.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сұрақтар:
1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу.
2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
І .«Бәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап
береді.
№ |
Сұрақтар |
Жауаптары: |
1. |
Білім күні қай күн? |
1 - қыркүйек |
2 |
Бес қаруды ата |
Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта |
3 |
Еліміз Тәуелсіздік алған күні? |
1991ж. 16 желтоқсан |
4 |
Жеті қазынаны ата |
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы |
5 |
Үш қуатты ата. |
Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат |
6 |
ҚР - ның рәміздерін ата. |
Әнұран, Елтаңба, Ту |
7 |
Желтоқсан құрбандары кімдер? |
Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол |
8 |
ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды? |
1995ж. З0 тамыз |
9 |
Бес жаратылысты ата |
Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн |
10 |
Астананың туған күні? |
6 – шілде |
11 |
Үш көзді ата |
Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.Сөз анасы - құлақ |
12 |
Күн көзі жылына неше рет шығады? |
365 - 366 |
13 |
Денені өлшейтін құрал |
градусник |
14 |
Адамдардың қатынас құралы |
тіл |
15 |
Қан соратын жәндік |
маса |
16 |
Өсімдіктің мүшелері |
жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы |
17 |
Ұзындық өлшем бірлігі |
км,м, дм, см, мм |
18 |
Біздің туда не бейнеленген |
Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн |
19 |
Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері |
Тоқтар Әубәкіров |
20 |
Абылайханның шын аты |
Әбілмансұр |
21 |
Қазақтың атақты суретшісі |
Ә.Қастеев |
22 |
Әнұран қандай жағдайда орындалады ? |
салтанатты жиындарда |
23 |
Есту мүшесі не ? |
құлақ |
24 |
Үш биді ата ? |
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би |
25 |
Периметрді қалай табамыз ? |
барлық қабырғаларын қосамыз |
26 |
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған кім? |
Ыбырай Алтынсарин |
27 |
Балды жақсы көретін аң ? |
аю |
28 |
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе |
надандық, еріншектік, залымдық. |
«Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың
қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі», - деген Әл –Фараби
бабамыз.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Өз кезегін сайыскерлерге берелік.
ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар.
1 |
Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама |
кітап - книга - bооk |
2 |
Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы |
(ит - собакa - dog). |
3 |
Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. |
(дос - друг - friend) |
4 |
Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар. |
бор - мел - chalk |
5 |
Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде |
қаламсап - ручка - реп |
6 |
Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. |
қоңырау - звонок - bеІІ |
III - «Жорға».Қазақ тілі мен әдебиеті
1 |
Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын |
Абай Құнанбаев |
2 |
Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала |
Лексика |
3 |
Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай? |
|
4 |
Әуес көріп жүгірген жас
балалар |
Абай Құнанбаев «Қыс» |
Математика
1 |
Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? |
6 ұшы бар |
2 |
Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? |
Поезда 13 вагон болған |
3 |
Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады? |
12 өріктен бөлінеді |
4 |
Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9
жаста және 15 жаста. |
Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста |
Тарих
1 |
1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? |
мерген |
2 |
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? |
97 |
3 |
4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? |
1млн. 200мың |
Қорытынды
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.