Санама білім нәрін құйдың талай!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Санама білім нәрін құйдың талай!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының бастауыштың даярлық тобындағы сынып жетекшісіне жылы лебіздері мен алғысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Санама білім нәрін құйдың талай!

Анашыммен қол ұстасып, мектепке баратыныма қуанып, ұстаз туралы бір шумақ тақпағымды жаттап, алғаш сыныбыма келгенімде, жүзі жарқын күлімсіреген апайдың бейнесі менің жадымда әлі күнге сақтаулы. Еркелете отырып, маңдайымнан сипап айтқан сөздері санамды жадырата түсті. Мектепке дайындық сыныбындағы апайым Нұрмухамедова Шолпан Кайратовнаның әрбір сабағы біздер үшін қызықты болғаны сонша, бәріміз бірігіп ойнап жүріп оқып, үйренуші едік. Сабақ барысында ән салып, шаршаған саусақтарымызды демалдырушы едік, осы өлең жолдарын әлі күнге сіңлілеріммен бірге айтып , үй тапсырмасын орындаймыз. Менің отбасымда үш баланы әріп танытып, қалам ұстап үйреткен ұстазыма алғысым шексіз.

Әрбір мерекеде міндетті түрде сыныптан тыс шара ұйымдастыруды әдетке айналдырған апайымыз бізді ертегілер әлеміне саяхаттатқандай әсер алушы едік. Бидің түрін салып, әннің әуеніне қосылып шырқағанымызға куә болған ата аналарымыз біздерден де қатты қуанышқа бөленетін. Өз қолымызбен жасаған сыйлықтарымызды сыйлағанда «ең қымбат сыйлық» деп анамның таңқалғаны әлі есімде. Осындай керемет апайымның салып берген білімнің іргетасы әлсіз болуы мүмкін емес, сол себепті әлі күнге сыныбымда озат оқушы болып келемін, әртүрлі мектепішілік және аудан, облыс көлеміндегі білім сайыстары мен олимпиадаларға белсенді қатысамын, әрі жүлделі орындарды иемденіп келемін.

Осы жылы мамыр айында бастауыш сыныпты аяқтап, жоғарғы сыныпқа көшкелі отырмын. Қазіргі сынып жетекшім Айгуль Сапарбаевнаға да алғысым шексіз. Қашанда бізге білім беруде шаршамастан еңбектеніп келді. Әр күн сайын мектепке асығатын себебім, апайым тағы жаңа не үйретеді екен деп қызығамын. Әрдайым жүзінде күлкі ұялатқан апайыма сыныбымның атынан ризашылығымызды білдіргім келеді. Келесі жылы біздерден де зерек балаларға жетекші болуыңызға тілекшіміз. Абай атындағы орта мектептің барлық ұстаздарына алғысым шексіз! Ұстаздарымның жақсы тәрбиесінің арқасында осындай азамат болып жетіліп келеміз, әрдайым шәкірттеріңіз қуантып, білімнің биік шыңдарына шыға берсін. Істеріңізде шығармашылық табыстар көп болсын, отбасыларыңыз аман болсын, мықты денсаулық тілеймін!



Асанбаева Альбина Нұржанқызы

Абай атындағы орта мектептің 4 «Д» сынып оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2018
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі