жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сананы жаңғырту
Сананы жаңғырту.
Сананы жаңғырту – бұл қоғамның барлық мүшелерімен ажыратылатын бірегейлік, құндылықтар және мәдени жадылар.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер – негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады.Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай ,әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.Егер, осы ретте қарастырылып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет.Сананы жаңғырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға , жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні айқын.Ұлы Абай ақынымыз «Тегінде адам баласы адам баласынан, ақыл , ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демек бәрі де ақымақшылық» деген болатын.Сондықтан, бүгінгі қоғамның басты талабы – бәсекеге қабілеттілік.Бәсекеге қабілеттілік , прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау,білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екені белгілі. Әлемнің дамыған елдерінің қаржы, ғылым мен техника саласында жеткен жетістіктерін игеру, оның тиімді жолдарын елімізде қолдана білу,шет ел тілдерін меңгеру, мәдени байланыстар орнату біздің дамуымыз үшін басты фактор болып табылмақ.Сондықтан да, күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатқандықтан, қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке дәл қазір ие болу заңдылық.Жаhандық процестер күтпеген ерекше сын-тегеуріндерді , жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді қолдануды қалыптастырады, өмір ырғағы мен салтын өзгертеді, ұлттық дәстүрлер мен заманауи элементтермен толықтырылады.Бұл орайда мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты.Олай болса, сананы жаңғырту әр қазақстандыққа әсер етуі керек, өйткені заманауи сын-қатерлер жағдайында еліміздің әр тұрғыны елдің және тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек.Ал, бұған тек білімнің салтанат құруы, сапалы білімге бағдарлану мен сананың ашықтығы ғана көмектесе алады.Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды.Ал, қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған уақытта , жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстанның дамуының негізі болатын тұратылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан әлемдік өркениетте өз орнын белгілеп, алдыңғы қатарға шығу мақсатында талпыныстар жасауда.Осы қадамды ширек ғасырды артқа тастай отырып Тәуелсіз Қазақстанның жаhандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге ұтымды үлес қосуда. Елдің болашағы – жастар. Жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде Жастарға жасалған жақсылық – ел ертеңіне жасалған, болашаққа жасалған ең тиімді инвестиция..Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет.Халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді.Ұлттық тәрбиедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор,қиындыққа төзімді,ақылды және терең болуына ықпал етеді.Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс- біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.Өмір сүру үшін өзгере білу керек.Бұл үшін ілім – білімге ұмтылып, жан – жақты жетілуіміз жөн. «Ұлттық салт – дәстүрлеріміз,тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда,ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр.Шынында да, рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап – тілегіне, арман – мұратына байланысты.Олар ата – бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып , оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті. Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса , соған дәнекер, өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты.Жас күш, жас толқын болып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ!
Баланың ерте жастан даму;
Жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру балалық шақтан басталады.Балабақшадан берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.Осының негізінде бала тәрбиесіне ата-ананы да жұмылдырып , тәрбие жұмысын бірге жүргізуіміз қажет.Сондықтан да біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,дамыту.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі - еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыты және бүгінгі педагогиканың басты міндеті.Бала өмірінің алғашқы үш жылы - оның дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі.Осы жас кезеңі – баланың қиялдауы, қарым – қатынасқа бейімделуі, өзінің іс – әрекетін ұйымдастыра білуі сияқты қабілеттерін қалыптастыруға қолайлы кезең.Сондықтан баланы ерте жастан дамыту, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мәселенің өзектілігі мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын айқындай түседі.Қазіргі таңда білім беру жүйесінің міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты;оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып,жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» - атты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында. «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.Білім беру ісінде 4К моделіне:креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда».Осында атап өткендей балалардың сыни ойлау негіздері, ақыл – ой мен шығармашылық қабілеттері, жаңа дағдылары ,креативтілігі, сыни ойлауы, коммуниктивті дамуы және командада жұмыс істей білуі әрқайсысының бойынан табылуына қажетті қасиеттері мен құндылықтары, заманауи талаптарға ілесе алуы.Заман талабына сай әр педагог өз оқу қызметін жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.Мұндағы негізгі жұмыс балалардың сөздік қорларын молайту,жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге,қойылған сұрақтарға жауап беруге,естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге , әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға , анық сөйлей білуге үйрету.Баланың әлеуметтік дағдыларын ерте жастан дамытуда маңызды іс – әрекет түрлері мыналар:қарым – қатынас, қозғалыс, ойын, еңбек, құрастыру, бейнелеу т.б.Балаларды ұжымда оқытудың белгілі артықшылықтары бар, бірігіп жұмыс жүргізуде олар бір-біріне үлкен әсер етеді,белсенділік, өткірлік көрсетеді.Балалардың алдына бірігіп шешетін міндеттер қойылғанда, бірлесіп қам жеу пайда болады, ұжымдық сезімі қалыптасады. Сәбилік кезеңде ересектермен қатынас жағдайында жүзеге асырылатын үйлестіру – үйрету әрекеті жетекші қызмет атқарады, одан кейін танымдық әрекет және ойынға ұласады,осылайша қарапайымнан бастап,күрделі әрекеттерге бейімделе отырып,қоршаған ортасының ықпалымен дамып есейе береді.Баланың әлеуметтік дағдыларының ерте жастан дамуына педагогикалық – психологиялық қолдау жасау – оның мектепке дейінгі жүйелі қалыптасуын, мектепке даярлығын қамтамасыз етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтпақшы , бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке,отаншылдыққа, ұлтжандылықпен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап,жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармаған абзал.Бүгінде баршаның міндеті әдет-ғұрпымызды ,салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев ...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген.Баланың дамуына айтарлықтай үлес қосып,болашақ жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп еліміздің білімді де саналы ұрпақтарын тәрбиелеу біз үшін үлкен мәртебе.Еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып, ұрпағымыз ұлағатты,саналы, патриоттық сезімі жоғары болса, сонан асқан бақыт жоқ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген