Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Санау жүйесі – информатиканың іргелі негізі” 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымның бірден бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады.Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше жаңа бағыттары даму үстінде және қалыптасуда. Бұл сала бойынша дербес компьютерлердің, микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда. Сол себепті оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, білім деңгейін көтеру мақсатында 7-сынып оқушыларының арасында өткізуге болатын сайыс сабағын ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы

«Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі


Дуйсенгожаева Салтанат Жексенбаевна информатика пәнінің

мұғалімі


Компьютерде қолданылатын санау жүйелерінің түрлері.
Санау жүйелері: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық.

7 сынып


Кіріспе

Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымның бірден бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады.Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше жаңа бағыттары даму үстінде және қалыптасуда. Бұл сала бойынша дербес компьютерлердің, микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда. Сол себепті оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, білім деңгейін көтеру мақсатында 7-сынып оқушыларының арасында өткізуге болатын сайыс сабағын ұсынамын.


Тақырыбы: “Санау жүйесі – информатиканың іргелі негізі”

Мақсаты:

Оқушыларды компьютерде қолданылатын есептеу жүйелерімен (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық) жұмыс істеуді үйрету, осы есептеу жүйелері бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.


Бұл сайыс сабақта оқушыларды “Бит” және “Байт” деген екі топқа бөліп, сабақтың барысымен таныстырып, оларға тапсырмалар беріледі.

Негізгі бөлімдері


1-кезең. Өздерін таныстыру. (Топтың аты, ұраны)

2-кезең. “Мұны әркім білуге тиіс” (Сұрақтарға жауап)

3-кезең. “Кәне, ойланайық” (Бір сандық жүйеден екіншісіне ауыстыру)

4-кезең. “Кім жылдам” (Санау жүйесінде алғашқы 15 санды жазып шығу)

5-кезең. “Озық ойлы оқушы” (Деңгейлік тапсырма)

6-кезең. “Тапқырлар алаңы” (Сөзжұмбақ)

7-кезең. “Сұрақ–бізден, жауап–сізден” (үй тапсырмасы)

2-кезең. “Мұны әркім білуге тиіс”
(Сұрақтарға жауап)

1.Қандай санау жүйесін білесіз? (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)


2.Санау жүйесі дегеніміз не? (сандарды цифрлар, арнайы символдар арқылы жазу жене оларды оқу ережелері мен тәсілдерінің кесілген жиынтығы)


3.Информация беруді қалай түсінесіз? (Информация- белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен символдар түрінде берілетін мағлұматтар)


4.Бит және байт ұғымына түсініктеме бер.(бит-2 таңба, ал ЭЕМ-де қолд. символдық таңбаларды бейнелейтін 8 разрядты екілік санды байт д.а)


5.Санау жүйесі неше топқа бөлінеді және оларды ата? (екі топқа бөлінеді. Позициялық және позициялық емес)


6.Екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесін қалай түсінесіз? (компьютерде ондық жүйеден бөлек негіздері екінің бүтін дәрежелері болып келетін санақ жүйелері қолданылады. Олар екілік (0,1), сегіздік (0,1,...,7), оналтылық (0,1,...,7), оналтылық (0,1,...,9 ал оннан он беске дейінгі сандар ретінде А,В,С,Д, Е,Ғ)



3-кезең. “Кәне, ойланайық”
(Бір сандық жүйеден екіншісіне ауыстыру)


1.750 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыр. (75010=111101112)

2.428 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыр. (42810=101111002)

3.751 санын ондық жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыр. (75110=13578)

4. 900 санын ондық жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыр. (90010=1604 8)

5.173 санын сегіздік жүйеден ондық санау жүйесіне ауыстыр. (173 8 =12310)

6. 648 санын сегіздік жүйеден ондық санау жүйесіне ауыстыр. (6488 =42410)


4-кезең. “Кім жылдам”
(Санау жүйесінде алғашқы 15 санды жазып шығу)

Ондық жүйе Екілік жүйе Оналтылық жүйе Сегіздік жүйе

0 0 0 0

1 1 1 1

2 10 2 2

3 11 3 3

4 100 4 4

5 101 5 5

6 110 6 6

7 111 7 7

8 1000 8 10

9 1001 9 11

10 1010 A 12

11 1011 B 13

12 1100 C 14

13 1101 D 15

14 1110 E 16

15 1111 F 17



5-кезең. “Озық ойлы оқушы” (Деңгейлік тапсырма)


1.2410 ондық санын екілік санға айналдырып және қайтадан екілік санды ондық санға айналдыр. (2410=110002)


2.0,3610 санын ондық жүйеден екілік, сегіздік және оналтылық жүйеге ауыстыр.(екілік жүйе-0,01011),

(сегіздік жүйе-0,270), оналтылық жүйе-0,5С)


3.Х1= 11111012 екілік санын 1012 екілік санға бөл.

(Х1/Х2=110012)



6-кезең. “Тапқырлар алаңы” (Сөзжұмбақ)



А


















Р


















И


















Ф


















М


















Е


















Т


















И


















К


















А









Сөзжұмбақтың сұрақтары


1. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістер жиынтығының жүйесі (сандық)

2. Санның цифрына бөлінетін позиция (разряд)

3. Екілік санның әрбір разрядын қалай атайды? (бит)

4. Ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттейтін ғылым (информатика)

5. Ақпаратпен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық, әмбебап автоматты құрылғы. (компьютер)

6. 0 және 1 цифрының атауы (екілік)

7. Сегіз разрядты екілік санау жүйесі (байт)

8. Санау жүйесінің бір түрі (позициялық)

9. 0,1,...,7 қандай санау жүйесіне жатады? (сегіздік)

10. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін қолданылатын санау жүйесі.

(оналтылық)


7-кезең. “Сұрақ–бізден, жауап–сізден”
(үй тапсырмасы)


Екі топтың бір-біріне алдын- ала дайындап келген сұрақ немесе тест ретінде берілетін тапсырмалары.

БАҒАЛАУ.



3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.01.2018
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі