сандар мен цифрлар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сандар мен цифрлар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптарға арналған математикадан сабақ жоспарым. өз практикамда өткізгендегі жұмысым, осы жұмысым арқылы оқушыларым қаншалықты математикаларды түсінгенін білдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екибасова Айнаш Ермекбаевна ПҚМК В есебі

ПШО ЖМ филиалы Мұғалім портфолиосы

Көкшетау қ. 08.12.2017


Сабақ жоспары


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Сандар мен цифрлар

Мектеп: Қаратал бастауыш мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Екибасова А.Е.

ПӘН, СЫНЫП: математика 1- сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.біртаңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

2.біртаңбалы сандардың құрамын анықтайды;

3.сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтайды.


Сабақ мақсаттары









Барлығы:

нөл санынан бастап он санына дейін жазады, оқиды, салыстырады және тура,кері санайды

Көпшілігі.

Нөл саны мен натурал санын ажыратады, біртаңбалы сандардың құрамын анықтайды

Кейбірі:

есептер шығарады, сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтайды, тура кері санайды


Тілдік мақсат













Оқушылар:

Біртаңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады және құрамын анықтайды, сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтайды


Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • сандар құрамы

  • біртаңбалы сандар

  • сандық түзу

  • логикалық есеп

  • натурал сан


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

- кім маған біртаңбалы және екітаңбалы сандарды айтып береді?

- онға дейін санап беріңдерші?

  • Енді кері санап беріңдерші?

  • Біртаңбалы сан дегеніміз ол қандай сандар?

  • Ал екітаңбалы сан дегеніміз ол қандай сандар?

  • Сан неліктен бірден басталады?

  • Нөл ол қандай сан?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

- сандарды әдемілеп жазуға дағдыланыңдар;


Алдыңғы оқу

6,7,8 сандары мен цифрларын жазады, оқиды және салыстыра алады, қосу мен азайту амалдарын қолданады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5мин




























Ортасы 20мин

2мин










2 мин











3 мин






2 мин






2мин







6 мин

1. Психологиялық ахуал

- Ал, балалар бір – бірімізге жылуымызды жіберейік.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Бір - бірімізге күннің жылуын үрлейік

2.Сергіту сәті «көршіңді тап» арқылы топқа бөлу

1 1

DrawObject2

3

DrawObject1




Сабақтың тақырыбын анықтауда:

Жұмбақ есептер:

Жоқ өзінде баста, қаста,мойында

Ұзындығы жазулы бір бойында(түзу)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін

Болып шықты қанша саусақ(он)

Себетте болды үш алма

Айдар қосты бес алма

Ойланып, кәне көрейік-

Себетте болды қанша алма?(сегіз)


- балалар мен сендерге:

3.бейне жазбадан «Сандар қайдан шығады?» екенін көрсетемін.

1- тапсырма. Сұрақ- жауап әдісі

Сұрақтар

- балалар, 8 саны жұп па,әлде тақ па?

- келесі сан қандай сан болады деп ойлайсыңдар?

- 10 санынын алдында кандай сан турады?

- сандардын кайсы үлкен, кайсы кіші

КБ смайликтер

2- тапсырма .«Кім зейінді» ойынын ойнату арқылы сандарға мұқият көңіл бөленеді

  • сандық сәуле бойынан 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 санын көрсетіңдер;

  • 10-нан кем сандарды көрсетіңдер және атаңдар;

  • 5-тен артық кез келген санды атап, көрсетіңдер;

  • Ол сандар сандық сәуледе 8дің кай жағында (оң жағында немесе сол жағында) орналасқан?

Парақшадағы санды көрсетіп, осы санның 8-ге нешеуі жетпейтінін алақандарын шапалақтау арқылы көрсету керек?

КБ түрлі – түсті асыктар аркылы бағалау

3- тапсырма. «Кім жылдам» әдісі

Салыстыруға арналған есептер


1 7 6 6 9 4

3 2 8 2 5 10

ҚБ: БАҒДАРШАМ

4- тапсырма. «ыстық орындық» әдісі

Есептер шығару

1+1= 2+2= 2+4=

1+2= 2+3= 4+5=

Дұрыс болса бала орнынан тұрып отырады

ҚБ: бармақ

Сергіту сәті: 

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

5- тапсырма. «Ойлан, тап» әдісі

Біздің ғаламшардың Жерді айналатыны туралы білесіңдер ме? Олар Күнді айнала көптеген ғаламшарлар қозғалады? Суретте салынған ғаламшарлардың ішіндегі 9 саны бар қандай ғаламшарлар Күнді айнала қозғалады? (9 болатын мысалдар).

Жауабы: 1 + 8 = ; 4 + 5 = ; 6 + 3 = .

Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 9 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарын қарастыру.

ҚБ: пішіндер

Күн











Карточкалар




Суреттер














видео



























Аяқталуы




Оқушылар сабақтың соңында рефлексия жүргізеді:

Не білемін? Не істей аламын? Нені үйренгім келеді?

  • сандарды білемін, есептер шығара аламын, екітаңбалы сандарды үйренгім келеді

Бағалау

оқушылар есептер шығару арқылы бір- бірін бағалайды бармақ

Айшаның 7 түрлі түсті қарындашы бар, ал Мәдинаның 3 түрлі түсті қарындашы бар. Қыздарда түрлі түсті қанша қарындаш бар?

Азамат 10 мәшине жинау керек. Оның 5 мәшинесі бар. Оның мәшинеcінің саны 10-ға жету үшін әлі неше мәшине керек?


Кері байланыс: екі жұлдыз, бір тілек


Рефлексия

Сабақ мақсаттары

/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе,неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?































Түсініктеме (250 сөз)

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулін мұғалім қалай және неге енгізгенін түсіндіреді.

ОМЖ құрастырғаннан кейін ҚМЖ  құрастыру қиын болған жоқ деп ойлаймын. «Сандар мен цифрлар» тақырыбына құрылған жоспарымда    Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы және тиімді. Алдымен сыныпты «Көршіңді тап» ойыны арқылы топқа бөлдім. 8 және 10 сандарын салыстырып ерекшеліктерін анықтап, белгілеп, өз ойларын талдап және сараптап, оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін  көрдім. Топ ішінде жұмыс жасағаннан кейін бәрі бірігіп қатысты, ұялшақ оқушылар өздері сұранды.  Бұл кезеңде оқушылар бір-бірін «Бармақ» бағалау түрімен бағалады. Түсіну кезеніңде «Ойлан-жұптас-бөліс»  әдісі арқылы оқушыларға берілген жұмбақтар бойынша қандай сандардың шешімі туралы алдымен жеке, сосын жұппен талдап одан соң ойларын ортаға салды. Жұмбақтарды компьютер арқылы шешкізіп, содан соң суреттерін көрсеттім. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу кезіңде олардың  дарындылығы  дамытылып,  олардың арасында ынтымақтастық пен қарым – қатынас туып, құрбыларының  ойы мен де есептесу қажет екенін де түсініп, уақыт үнемделеді. Қолдану, талдау кезеңдерінде «Кім жылдам?»  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес салыстырмалы есептер шығартамын. Осы есептердің шығарылуын талдап, «тең» немесе «кем» таңбаларын қолданатынымызды айта кетеміз. Оқушыларға рефлексия жүргізе отырып, Не білемін? Нені үйрендім? Нені білгім келеді? Ары қарай кері байланыс жасалып, ол менің келесі сабағымды жоспарлауыма мақсат болды. Кері байланыс арқасында оқушы жіберген қателерін тауып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік туады.  Бағалау кезеніңде оқушыларға қалыптастырушы бағалау ретінде смайликтерді т.б қолдандық. Бұл сабақта әр тапсырманы орындағаннан кейін оқуды бағалау оқу үшін бағалау жұмыстарын қатар жүргіздім.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.01.2018
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі