Нүктелер
достығы.
Ерте-ерте ертеде Геометрия
деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті.Бұл өзі өте әдеміқызыл
түсті нүкте еді.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына
енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе
жатыр.Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп,оның қайда бара жатқанын
сұрайды.
-Дос іздеп шықтым.Менің қасыма
қатар тұр,бірге серуендеп келейік ,-деді қызыл нүкте.Біраз уақыттан
кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте
шықты.Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп,дос болып
кетеді.Көбейгендері сонша бір қатарға тұра қалып еді,түзу шыға
келді.Осылайша түзу сызық пайда
болады.
Нүктелер түзу келе жатса,түзу
сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық
шығады.
Сандар мен
цифрлар
Әлемде үлкен ел болыпты.Бұл
елдің тұрғындары сандар екен.Олармен қатар бұл елде цифрлар
да өмір сүріпті. Сандардың көпшілігі соншама,санасаң сан жетпейді
екен. Ал цифрлар бар болғаны
он:1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен
цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес»десе,15
саны жетіп келеді,егер оны жазу керек болса 1мен5 цифры қатар тұра
қалып, 15 деген санды қояды екен.
Күндер
өтіп жатады.Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрға
келіп:
-Біз
көппіз,ал сендер бар болғаны онсыздыр.Сондықтан біз сендерден
мықтымыз,-дейді.
Цифрлар
сандарға ренжіп қалады.Сонда О цифры басқа
цифрларға:
-Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік.Сандар
өздері қалсын.Көрейік,не істейтіндерін?
–дейді.
Күндердің
күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады.Енді әркім өз үйінің
есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын
қанша айқайласа да ештеңе шықпайды.Өйткені олардың қасында цифрлар
жоқ қой.Сонда ғана сандар қаншама көп болсада ,цифрларсыз өмір сүре
алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды
тауып алып,кешірім сұрап,елдеріне цифрларды қайта алып
келеді.
Содан бері
сандар мен цифрлар тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр
екен.
Цифрлар
айтысы.
Бір күні цифрлар нөлмен ұрысып
қалады да, оны мазақтайды.
Сен біз сияқты цифр болсаң да,
түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 текше алып қоя алады, ал сені алса
ештеңе қоя алмайды.
- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе
де, - деді бес.
- Ештеңе, ештеңе,- деп баска
цифрлар шулап кетті.
- Сендер түк түсіңбейтін
ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағана қатар тұра қалсам
бір қаңдай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нөл сандарға.
Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға
келді.
- Егер сенің оң жағына тұра
қалсам, сен қандай санға айналасың? - деді нөл беске. Нөл бестің оң
жағына тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, нөл барлық
цифрлардың оң жағыфна тұра қалып, цифрлардан олардың қаңдай
сандарға айналғандарын сұрап шықты.
- Мен сендердің барлығыңды
үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар деисіндер. Көне,
жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті
сендер жоқ жерде де мен мендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай
мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар
ма:
5-5 - .., 7-7 - .., 9-9 = ...
.
- Қане, ойланыңдаршы.
Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты
ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтың болды. Бірақ
енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа
бастады.
- Мен барлығыңнан үлкенмін,
мен қайдағы бір кішкентай бір емеспін ғой, - деп мақганып тоғыз
шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың
сол жағына тұра қалды.
-
Ал, қанеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! -
деді бір (19 саны шықты ғой).
-
Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсын. Он тоғыздан үлкен
емес пе?
Осы
кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағына
тұра қалып еді, 79 саны шықты.
-
Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті
тоғызға.
Осылайша барлық цифрлар кезек-кезек келіп
тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға
келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып
қалды.
Цифрлар осыдан кейін өз қателіктерін түсініп,
айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды
жасауға болады?
Қорытынды: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрса
ғана үлкен, ал егер олар бір-бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп
кетеді. Ең бастысы — санның жазылуындағы цифрлардың
орны.
Бір мен
екі
Бұрынғы уақытта бір және екі
саны болыпты. Екі саны ылғида ойланып жүреді екен – осы мен бірден
көп болсамда, неге бірден соң тұрамын. Содан екеуі бір жардың
басына келіп қоныпты.
Екі саны айтыпты(мен бірден
көппін сондықтан мен жоғары жатам- деп
ойлапты):
Сөйтіп, бір екінің аяқ жағына
жатыпты.Екі ұйықтап қалғанда, бір екінің үстінгі жағына шығып
жатып:
-Әй, екі, мені басып кеттің,
арырақ жат,- депті. Екі жылжи беріп, жардан құлап
кетіпті.
Осыдан соң екі әрқашан бірден
кейін жүреді екен.
Сандардың
айтысы
Бір күні математика сабағында
сандар жиналыпты.Олар бір- біріне:
-«Математика - ғылымдар
патшасы» - патша біздің қайсысымызды жақсы көреді екен – деп
сұрасыпты.
Сонда бір
тұрып:
-Әрине, мені жақсы
көреді.Себебі барлығы менен басталады –
депті.
Үш:
-Сен орынсыз мақтанасын патша
мені де жақсы көреді.Өйткені үш бар жерде күш бар,үш киелі сандар
қатарына жатады – деп дауласады.
Бес:
-Сендер босқа мақтанасыңдар.
Патша мені жақсы көреді.Бес жақсы сан, оқушылар сабақ оқып мені
алғанда қатты қуанады.Сондықтан саған қарағанда патшы мені жақсы
көреді.
Бестің сөзін бөліп,
жеті:
Себебі мен сендерден көппін
және мен өте киелі санмын және де мені сендерге қарағанда көп
қолданады.
Сандар әрқайсысы өздерін
мақтап, көп таласады.Бірін – бірінің сөзіне бірі көнбейді.Ақыры,
олар патшасынан барып сұрайды.
-
Сендер босқа
таласпаңдар.Бәріңді де бірдей пайдалысындар.Барлығыңды да
қолданамыз сендерсіз телефон нөмерлері, туылған кун кундері, ай
күндері, сағат және де көптеген күнделікті өмірде көп өз орындарың
бар.Сендер адамзат өмірінде үлкен және маңызды рөл атқарасындар.
Сондықтан ғылым үшін де,адамзат үшінде сендер ауадай
қажетсіндер.