400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері 9 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу. 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алгебра.

9 сынып

I тоқсан.

16.11.2020ж.


Сабақтың тақырыбы: 9.2А Тізбектер. Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері

Мақсаты: 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу. 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу.

Конспект


у=f(x), функциясын натурал аргументті функция немесе сандық тізбек деп атайды және у=f(n) немесе , … … деп, яғни тізбек мүшелерін, әдетте оның реттік нөмірлерін көрсететін индекстер жазылған әріптермен белгілейді.

Егер сандар тізбегі (функция) алғашқы натурал сандар жиынында берілсе, онда тізбек шектелген сандар тізбегі; егер барлық натурал сандар жиынында берілсе, онда тізбек шексіз сандар тізбегі деп аталады.

Мысалы:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, … – шексіз сандар тізбегі;

1, 3, 5, 7, 9, …, 99 – шекті сандар тізбегі.

Тізбекті құратын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды. , … …

Бірсарынды тізбектер. Егер тізбегінде әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен үлкен болса, онда тізбек өспелі; (1, 3, 5, 7, 9, … , 99 – өспелі)

Егер әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен кіші болса, онда тізбек кемімелі;( -10, -12, -14, …, -98 – кемімелі)

әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне тең болса, онда тұрақты тізбек( – тұрақты)

деп аталады.

Тізбектің кез келген мүшесін белгілі бір нөмерден бастап алдыңғы мүшелері арқылы анықтайтын тәсілді рекуренттік тәсіл дейді.

Мысалы, тізбектер өмірде кездеседі:

  1. 1. бактериялардың көбеюі: бактериялар бір жасушаны екіге бөлу арқылы көбейеді, сонда 1; 2; 4; 8; 16; ... тізбегі пайда болады.

  2. 2. Фибоначчи саны (1; 1; 2; 3; 5; 8; 13; 21; … .): теңіз жұлдыздары; сәулелерінің саны; түрлі күрделі түсті өсімдіктердің гүлшоғырлары: ирис гүлінің 3 күлтесі, бәйшешекте (примула) – 5, жусанжапырақты ойраншөпте (амброзия) – 13, қарапайым егінекте (нивяник) – 34, ақкекіреде (астра) – 55 және 89 күлте; өсімдіктердің бұтақтары; Паскаль үшбұрышында коэффициенттер қосындысы.

  3. 3. Пирамида түрінде қаланған кірпіштердің әр қатардағы кірпіш саны, тағы сол сияқты.

1-мысал. Мына жазылған сандар тізбек болып табыла ма?:

  1. 5;10;15;20;25; … ? Жауабы: болады, өйткені сан тізбегінің бірінші мүшесі-5, екінші мүшесі-10. байқағанымыздай, әрбір мүшесін беске қосқанда келесі мүшесін табуға болады. Қандайда бір заңдылыққа тәуелді. Бұл тізбекте алтыншы мүшесі көрсетілмесе де 30-ға тең болатынын білеміз.

  2. 13; 24; 1;7; 46? Жауабы: екінші жағдай тізбек бола алмайды, себебі бұл сандар жиыны шектеулі.



2-мысал. Тізбегінің жалпы мүшесін табу керек. Жауабы:

байқағанымыз, бөлшектің бөлімінде тізбектес натурал сандар орналасқан. Сонда, тізбектің кез келген мүшесін табуды, деп аламыз.

3-мысал. 5-ке бөлгенде қалдығы 2-ге тең болатын натурал сандар тізбегінің жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар: Жауабы: , (5 ке еселік сандарды 5n(n€N) деп жазамыз. Қалдық, r=2)


Тапсырмалар:

  1. Тізбек берілген: 3;7;11;15;… 1) бұл тізбекті басқаша қалай беруге болады? 2) Тізбектердің берілуінің түрлері сұлбасын құрыңыздар.

  2. 7-ге еселік натурал сандар тізбегінің жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар.

  3. 1,7,13,19... тізбегінің жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар.

  4. болса, алғашқы бес мүшесін жазыңдар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі