Оқушыларды парталарына жайғастырып, оқу құралдарының
дайындығына көз жеткіземін.
Ширату.
Сабақты заттардың санын анықтайтын сұрақтар қоюдан
бастаймын.
-Терезенің жанында қанша бала
отыр?
- Сенің алдыңда отырған бала саны
нешеу?
- Сенің артыңда қанша бала
отыр?
- Сыныпта сенімен бірге қанша бала
бар?
- Ал мұғаліммен бірге қосқанда ше? Оқушылардыі санау
дағдыларын байқап анықтаймын.
Көкейкестілік.
Сыныптағы ұлдарды бір қатарға, қыздарды бір қатарға
тұрғызамын. Ұлдарға қыздарды, ал қыздарға ұлдарды
санатамын.
-Балалар, сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар көп
пе?
- Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы
келіпті?
- Сыныпта барлығы неше парта
бар?
- Бөлме гүлдері қанша?
Мақсат қою. /проблемалық
жағдаят/.
Заттарды
сана.
Тапсырманы жалпы
сыныпқа орындатамын. Оқушылар әр топтағы заттардың санын
санайды
Мысалы:
Ит –
2.
Мысық –
4.
Гүл –
7.
Шар -
9
Жаңаны ашу.
Шығарып
көр.
Тапсырманы жұппен
орындатамын.
Оқушылар алдымен оқу
құралдарын санайды. Бір – бірлеріне алма кезек сұрақ қойғыза
отырап, суреттегі заттардың санын
анықтатамын.
Тапсырма
критериі:
1. Тыныштық
сақтау.
2. Әр заттың санын
дұрыс анықтау.
3. Сұрақ қойған оқушы
міндетті түрде есептік сан есім сұрағын
қолдану.
4. Өз жауаптарын жұпта
талқылау.
Нәтижесін «Бас бармақ»
әдісі арқылы бағалайды.
Жаңаны қолдану.
Орындап көр.
Тапсырманы жұпта
орындатамын.
Әр оқушы өзінің сөмкесіндегі түрлі –түсті қарындаштарын
партаның үстіне қояды. Сосын оны санап санын анықтайды. Егер оқушы
10 нан ары санай алмаса өз жұбын көмекке
шақырады.
Сергіту сәті:
Оқушыларға Қанша? ойынын ойнауды
ұсынамын.
Бір оқушы тақтаға шығып бір заттың суретін көрсетеді де
қазақ тілінде Қанша? деп сұрайды. Сұраққа бірінші
болып
жауап берген жеңімпаз келесі суретті көрсетіп, орыс тілінде
сколько? деп сұрайды. Келесі жеңімпаз келесі суреттегі заттарды
көрсетіп, ағылшын тілінде Nov many? деп сұрап ойынды ары қарай
жалғастыра береді.
Рефлексия.
Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды
ұсынамын.
Мен_________түсіндім.
Мен енді_______ жасай
аламын.
Менің қолымнан_______
келеді.
Менің
.......................... білгім
келеді
|