Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сәндік -қолданбалы өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған кыскаша жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқаша мерзімді жоспары

Машықкердің аты жөні: Алтыбаева Динара

Пән:

Көркем еңбек

Күні:30.09.2020ж

Мектеп: «Қарақол орта мектеп бақшасы» КММ


Сынып: 7а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сәндік- қолданбалы өнер

Сабақ мақсаты:

Мақсаты: Бояудың көмегімен бұйымның әр-бір формасын және де өзіндік түстерін қолана білуді,матаға сурет салуды,түстерін таңдай білуді.

Дамытушылық: Баланың ой- өрісін,ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыны әсемдікке,көркемдікке,өзін таза ұстауға тәрбиелеу


Көрнекілік:

А4,мата,акварел,гуаш,қара карандаш,стикерлер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспаранған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурсстар

Психологиялық ахуал 5 мин

«пих-пах» психологиялық ойын

Оқушылар мұғалім айтқандай шеңберге тұрады,мұғалім екі баланын есімін атағанда екеуіде пих-пах деу керек кім бірінші айтады сол жеңеді ал,жеңілген қарсылас ойыннан шығады.

Теориялық түсінік 10 мин

Сән және қолданбалы өнер - сән өнерініңбір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. 


Қазақстанның ежелгі шеберлерінің ыдыстарға салған өрнектері.Ағаш ыдыстарға бояумен өрнек салып, әшекейлеу Қазақстанда бұрыннан пайда болды.Сурешілер сурет салуға әртүрлі мәдениеттің өзара кірігу дәрежесімен қазақтың ою мотивтерін пайдаланған. Қазақтың той және мерекелерінде көркем өрнекпен әшекейленген ыдыстардан қымыз ішуге болады.Ою-өрнек түстерінің үйлесімділігі маңызды олар белгілі бір реттілікпен орналасуы тиіс.Композицияға байланысты түс пен сурет таңдалады.Қазақстанда ою- өрнектермен безендірілген алғашқы қыш құмыра бұйымдары б.з.д. төртінші мыңжылдықта неолит кезеңінде Қазақстанның оңтүстік өңірінің қалаларында пайда болған. Қыш құмыралар жасау өнері кеңінен таралған, бұйымдар ою -өрнектер безендірілген отырып өндірілен.

Қыш құмыралар көбінесе қара бояумен боялған сондықтан ою- өрнектердің контурлары айқын көрінеді.


Батик-матаға сурет салу өнері. Батиктің бірнеше түрі болады: салқын, ыстық, көркем бедер салу, еркін өрнек, түйінді батик.

Резервтеу барысында матаның боялмайтын жерлері бояудың кенепке жойылуын шектейтін арнайы қоспамен көмкеріледі.Ол матаға сіңеді де оның жекелеген жерлерін бояу әсерінен қорғайды.

Салқын батик: резервті тұйықталған салқын түрде түсіріп соның төңірегінде бояумен көркем сурет салуды тұспалдайды.

Ыстық батик: Балқытылған резерв сурет сұлбасына түсіріледі немесе кенептің жекелеген жерлерін жабады.

Матада еркін өрнек салу: Бастапқы сурет бояумен салынады, резерв тек соңғы өңдеу барысында қолданылады.

Көркем бедер салу: матаға өрнек салу барысында алдын ала дайындалған ағаш қалыпқа қою бояуды жағады да қосымша басып түсіреді яғни суретті матаға тығыздайды.

Хохлама- ағашқа салынған сәнді өрнек. Дәстүрлі хохлама өрнегі өсімдіктерді қойбүлдірген мен шетен жидектері,бүршік, атқан бұтақтарды бейнелейді. Құстар балықтар және т.б. бейнелер сирек кездеседі.

Гжель- керамика,фарфор, керамикалық бұйымдарды безендіру.Гжельде балшықтың түрлі сұрыптары он жетінші ғасырларда өндіріле бастады.Ыдыстар адамдар мен хайуандар мүсіні ашықжасыл, сары, қызыл, бояулармен салынатын.



Көркем өрнек(Қыз балаларға арналған)

Авторлары:Р.Ш Алимсаева, И.А Развинкова, О.С Лосенко, Е.Е Велькер

https://kk.m.wikipedia.org/wik

https://infourok.ru/saba-zhospari-olner-sndikoldanbali-ner-elementterini-trleri-1027780.html


Практикалық бөлім 20 мин

Оқушыларға құрал-жабдықтарды таратып берілді.

Оқушыларға батик жасау жолын үйрету.

Акварель,карандаш,А4, мата

Бағалау 2мин

Бағалау парағы

Бағалау парағы

Үйге тапсырма 1мин

Үйге тапсырма батик жасау

Тақырыбы: матаға гүл салу

Күндеікке жазып алу

Рефлекция 1мин

Көңіл күй смайлдары

смайликтер

Қорытынды 1мин

Балалар сабақ бойы өткен тақырыбымызды талдайды


















































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КММ

Бекітемін:_____

Колледж әдіскері: Оразбаев.Р.А

Келісемін:______

Пән мұғалімі:Аралбаева.Ш.К

«Қарақол орта мектеп бақшасы»







Тақырыбы:Сәндік-қолданбалы өнер





Машықкер:Алтыбаева Динара

Сыныбы:7а

Баға:____







Семей-2020



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2020
312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі