Қарағанды облысының білім басқармасы
Шет ауданы білім бөлімінің
С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебі
Тақырыбы:«Сәндік – қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі »
Қолданбалы композиция пәнінің педагогы:
Смаилова Саткен Серикпаевна
2023-2024 оқу жылы
Педагогтың аты-жөні: Смаилова Саткен Серикпаевна
Күні: 08.04
Сабақтың тақырыбы: «Сәндік-қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
-білім алушыларды тұзды қамыр пластикасы жайлы, оның жасалу жолдарымен және одан кез-келген қажетті мүсіндер жасауға болатындығымен таныстыру;
-оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа дағдыландыру;
-қолөнерге деген қызығушылығын дамыту, қорытындылаужәне жүйелеуге зейінін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: тұзды қамыр, ұн, стакандағы су, қылқалам, пластикалық пышақтар, кептірілген дайын бұйымдар, тағамдық бояулар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІІ.Сарамандық жұмыс.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Ү.Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қысқаша жүйелеу, тұжырымдау:
Тұзды қамырдан бұйымдар жасау - қамырдан түрлі сыйлықтар және үй ішін сәндеп безендіруге арналған бұйымдар жасау өнері.
Тұзды қамыр соңғы жылдары мүсіндеу саласында ерекше орын алуда.
Тұзды қамырдың артықшылығы:
-
Қол жетімді
-
Созылмалы – серіппелі
-
Өңделуі жеңіл
-
Бұйымдар ұзақ уақыт сақталады
Ежелден бері Қытайда тұзды
қамырдан қуыршақ театрларының марионеткалары жасалынады. Қытай елі
әр мереке сайын тұзды қамырдан сувенирлер жасап сыйлыққа беріп
отырған.
Қамырдан бұйымдар жасау - өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі
заманда да өз қолымен жасалған бұйым ретінде жоғары
бағаланады. Қамырдан бұйым жасау үлкенге де, кішіге де
қызықты. Тұзды қамырдан әртүрлі композицияларды жасауға, сонымен
қатар түрлі түстерге бояуға болады. Бұл жолы бүлдіршіндер есік
алдындағы итті, үйшікті және ауладағы табиғаттың бейнесін жасады.
Тұзды қамырдан бұйымдар жасау – адамға қызығушылық пен қуаныш
сыйлайды. Мұндай шеберлік сағаттары бүлдіршіндердің шығармашылық
қабілетін дамытуға, қол еңбегін меңгеруге, төзімділікке тәрбиелеп,
эстетикалық талғамын арттыруға
көмектеседі.
ІІІ.Сарамандық жұмыс. (видео слайдта)
Тұзды қамырды әзірлеу жолдары
1.Тұзды қамырды әзірлеу
үшін арзан сұрыпты бидай ұнын пайдалануға болады.
Рецепт: 2 стақан ұн , 1 стақан тұз, 2 стақан су, 2 ас қасық
лимон қышқылы, 2 ас қасық сұйық май, тағамдық бояу.
2. Қамырға қосылатын тұз ұсақ, майда болуы тиіс. Суды қамырға
тек суық күйінде ғана қосу қажет,ыстық қайнаған су қолдануға
болмайды.
3. Ең бірінші ұнды ыдысқа салып, 2 стақан тұз, лимон қышқылын
араластырып аламыз. Суды құйып, отты баяулатып қоямыз. үзбей
араластыра отырып, сұйық май қосамыз. Қамыр қоюланған кезде отты
сөндіреміз. Бөліктерге бөліп, тағамдық бояу қосамыз.
4. Қамырды полиэтилен пакетпен тоңазытқышта сақтаған жөн,бір айға
дейін сақтауға болады.
5. Бұйымды
батареяде немесе төмен температурамен духовкада, ал жазда күнге
кептіреді.
Тұзды қамырдан балалардың шығармашылық жұмыстарынан
фотосуреттер (слайд)
Шығармашылық жұмыс: Видео слайд
ІҮ.Сабақты бекіту.
Оқушылардың жаңа сабақты түсінген сұрақ-жауап арқылы және демонстрациялау, яғни жасап жатқан жұмыстарын көрсету арқылы бекітеміз.
Ү.Бағалау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сәндік – қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі »
«Сәндік – қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі »
Қарағанды облысының білім басқармасы
Шет ауданы білім бөлімінің
С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебі
Тақырыбы:«Сәндік – қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі »
Қолданбалы композиция пәнінің педагогы:
Смаилова Саткен Серикпаевна
2023-2024 оқу жылы
Педагогтың аты-жөні: Смаилова Саткен Серикпаевна
Күні: 08.04
Сабақтың тақырыбы: «Сәндік-қолданбалы өнерде тұзды қамырдан бұйым жасаудың әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
-білім алушыларды тұзды қамыр пластикасы жайлы, оның жасалу жолдарымен және одан кез-келген қажетті мүсіндер жасауға болатындығымен таныстыру;
-оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа дағдыландыру;
-қолөнерге деген қызығушылығын дамыту, қорытындылаужәне жүйелеуге зейінін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: тұзды қамыр, ұн, стакандағы су, қылқалам, пластикалық пышақтар, кептірілген дайын бұйымдар, тағамдық бояулар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІІ.Сарамандық жұмыс.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Ү.Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қысқаша жүйелеу, тұжырымдау:
Тұзды қамырдан бұйымдар жасау - қамырдан түрлі сыйлықтар және үй ішін сәндеп безендіруге арналған бұйымдар жасау өнері.
Тұзды қамыр соңғы жылдары мүсіндеу саласында ерекше орын алуда.
Тұзды қамырдың артықшылығы:
-
Қол жетімді
-
Созылмалы – серіппелі
-
Өңделуі жеңіл
-
Бұйымдар ұзақ уақыт сақталады
Ежелден бері Қытайда тұзды
қамырдан қуыршақ театрларының марионеткалары жасалынады. Қытай елі
әр мереке сайын тұзды қамырдан сувенирлер жасап сыйлыққа беріп
отырған.
Қамырдан бұйымдар жасау - өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі
заманда да өз қолымен жасалған бұйым ретінде жоғары
бағаланады. Қамырдан бұйым жасау үлкенге де, кішіге де
қызықты. Тұзды қамырдан әртүрлі композицияларды жасауға, сонымен
қатар түрлі түстерге бояуға болады. Бұл жолы бүлдіршіндер есік
алдындағы итті, үйшікті және ауладағы табиғаттың бейнесін жасады.
Тұзды қамырдан бұйымдар жасау – адамға қызығушылық пен қуаныш
сыйлайды. Мұндай шеберлік сағаттары бүлдіршіндердің шығармашылық
қабілетін дамытуға, қол еңбегін меңгеруге, төзімділікке тәрбиелеп,
эстетикалық талғамын арттыруға
көмектеседі.
ІІІ.Сарамандық жұмыс. (видео слайдта)
Тұзды қамырды әзірлеу жолдары
1.Тұзды қамырды әзірлеу
үшін арзан сұрыпты бидай ұнын пайдалануға болады.
Рецепт: 2 стақан ұн , 1 стақан тұз, 2 стақан су, 2 ас қасық
лимон қышқылы, 2 ас қасық сұйық май, тағамдық бояу.
2. Қамырға қосылатын тұз ұсақ, майда болуы тиіс. Суды қамырға
тек суық күйінде ғана қосу қажет,ыстық қайнаған су қолдануға
болмайды.
3. Ең бірінші ұнды ыдысқа салып, 2 стақан тұз, лимон қышқылын
араластырып аламыз. Суды құйып, отты баяулатып қоямыз. үзбей
араластыра отырып, сұйық май қосамыз. Қамыр қоюланған кезде отты
сөндіреміз. Бөліктерге бөліп, тағамдық бояу қосамыз.
4. Қамырды полиэтилен пакетпен тоңазытқышта сақтаған жөн,бір айға
дейін сақтауға болады.
5. Бұйымды
батареяде немесе төмен температурамен духовкада, ал жазда күнге
кептіреді.
Тұзды қамырдан балалардың шығармашылық жұмыстарынан
фотосуреттер (слайд)
Шығармашылық жұмыс: Видео слайд
ІҮ.Сабақты бекіту.
Оқушылардың жаңа сабақты түсінген сұрақ-жауап арқылы және демонстрациялау, яғни жасап жатқан жұмыстарын көрсету арқылы бекітеміз.
Ү.Бағалау
шағым қалдыра аласыз













