Сәндік қолданбалы өнердің элементтері мен көркем өңдеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәндік қолданбалы өнердің элементтері мен көркем өңдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне сабақ кезінде қолдануға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Технология (ұл) Сыныбы: 10

Cабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнердің элементтері мен көркем өңдеу.

Сабақтың мақсаты: 
а)Білімділік:
оқушыларға көрем безендіру жайлы түсінік

беру, ыдыстың сыртын безендіруді үйрету
ә)Дамытушылық: бейнелеу өнері ережелерін ескерте отырып

көркем безендіруде ою элементтерін қолдана

білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс

жасау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың

ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын

арттыру, ой – қиялын дамыту.
б)Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: слйд, сөзжұмбақ, иллюстрациялар

Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сұрақ – жауап арқылы өткенді пысықтау.
- Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?
- Бейнелеу өнерінің қай түрі қазақ халқында ең дамыған?
- Қазақ халқында натюрморт дегенінміз не?
(жансыз заттардан құралған көркем шығарма)
- Пейзаж дегеніміз не?
(табиғат көрінісін бейнелеу)
- Батальдық жанр дегеніміз не?
(соғыс тақырыбында салынған суреттер)
- Анималистік жанр дегеніміз не?
(Жануарлар бейнесі салынған сурет)
- Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?
(елтаңбамыздың дәл ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз жарық пен пәктіктің белгісі)
-Ресей еліндегі ең танымал қол өнер түрлерін айтып беріңдер?

Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар өткен сабақта «Қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнері» деген тақырыпта сабақ өткен болатынбыз. Қане айта қойыңаршы, сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білеіңдер?
- Ағаш өңдеу
- Киіз басу
- Тоқыма
- Құрақ құрау
- Ши тоқу
- Тері өңдеу
- Сәндік қолданбалы өнер
- Тігін өнері
- Керамика
- Сырмақ сыру
- Зергерлік бұйымдар
- Ою - өрнек

Слайдтан «киіз басу» өнерін көрсетемін
- Ал, осы қолөнермен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?
- Қолөнер
- Ұста
- Зергер
- Ісмер
- Шебер
1. Ұста – қару – жарақ, ер – тұрман, сауыт – сайман жасаумен айналысатын адам.
2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам
3. Шебер – ағаштан ойып әр түрлі бұйымдар жасайтын адам
4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам

Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе сөз: Сәндік қолданбалы өнер ішінде ыдыс бұйымдарды көркем безендіру қолданады. Ежелден қазақ халқында тарихта қалған мұражайларда белгілі бұйымдар бар. Өсімдік оюлар мен тостаған, торсық, құмыралар безендірілген. Орыс халқында ағаш, қыш, фарфор ыдыстары неше түрлі оюлармен безендірулері танымал. 
Орыс халық қолөнерінің бірі – гжель өнері. Гжель бұйымдарының бояуы көк және ақ түсті болады. Гжель бұйымдарының өрнектері көбіне өсімдік өрнектерімен әшекейленеді. Ресейде арнайы «Гжель» атты жасөспірімдер өнер мектебі бар
Оқушыларға қағаздан «Папье – маше» жасап көрсетемін.

Балаларға тапсырма беру.
Алдарына берілген ыдыстың бір түріне көркем безендіру салу
1. Балаларға сол ыдыс бетіне 96 беттегі өрнектер бойынша сурет салғызу.
2. Оқушыларға берілген ыдыстың силуэті арқылы эскиз жасау.
3. Эскиз суретбойынша сүт құйғыш ыдысын көркем безендіру

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз беттерінше шығармашылық жұмысы.
Көркем безендіруді гуашь немесе акварель бояулармен қолданады

Балалармен жұмыс нәтижелерін көрмеге шығару

Үй жұмысы.
Баланың өзі қалаған тұрмыстық бұйымына көркем безендіру
Жұмыс орындарын жинап тазалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі