Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу.

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ оқушыларға көбейту мен бөлуді .Осы тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтай отырып есептер шығарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылы

26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Айымбетова Роза Жубаткановна

Тақырыбы: Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты: Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;

Шапшаң және дұрыс есептеуге дағдыландыру.

Сауаттылыққа,ұқыптылыққа ,патриоттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: топтық ,түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу

Көрнекілігі: кестелер, оқулық

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

б) Психологиялық дайындық.

Күннен, жерден нәр алған

Біз – өмірдің гүліміз

Есептерден басталған

Сәтті болсын күніміз.



Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде

Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз

Оқушыларды фигуралық арқылы «Шаршы», «Тіктөртбұрыш», «Текш» «Үшбұрыш» деп 4 топқа бөлу.

2.Үй жұмысын тексеру. №9 есеп күрделі теңдеу .Әр топтан 1-1 баладан «Допты қақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл» - «Мина алаңы» әдісі арқылы. (Әр топ келесі топтарға 2 тапсырмадан жазып, бүктеп лақтырылған )

ІІІ. Жаңа сабақ :Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу.

Көбейтудің қасиетері туралы есептерді түсіндіремін.

3. Дәптермен жұмыс.

2 Әр топтан 1 оқушыдан шығып 1 бағаннан шығарады.

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

400:(25*4)= 70: (5*2)= 240: (10*3)= 7200: (100*3)=

320:(4*10)= 96: (2*8)= 560: (10*7)= 8400: (7*100)=

90* (2*5)= 150* (2*9)= 50* (2*19)= 50*(2*19)=

50* (4*7)= 47*(25*4)= 25*(8*41)= 25* (8*41)=

4 Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

1 топ 2 топ 3 топ 4топ

4026/5=805(қалд1) 40028/5=8005 (қалд3) көбейтумен тексеру

5 және № 6 тапсырмаларды постерлер арқылы қорғап шығару.

І топ: Бір жәшікте 7 кг,ал екінші жәшікте 3кг алма болды.Бірінші жәшіктегі алма екінші жәшіктегіден 840 теңге қымбат.Әр жәшіктегі алма қанша тұрады?

ІІтоп:Мұражайға барған бір топ оқушы 600 теңгеге,ал екінші топ 480теңгеге билет алды.Бірінші топта екіншісіне қарағанда 4 оқушы артық болды.Әр топта неше оқушы бар?

ІІІтоп:Дүкенде екі қорап ойыншық сатылды,оның біріншісінде 32 ,ал екіншісінде 22 ойыншық болған.Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 1000 теңгеге арзан түсті.Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленді?

ІV топ:Балабақша үшін бірдей бағамен бірнші күн 6000 теңгеге, ал екінші күн 4800 теңгеге ойыншықтар сатып алды.Екінші күні бірінші күнге қарағанда 4 ойыншық кем алынды.Сонда әр күні неше ойыншық сатып алды?

Сергіту сәті

Бір, екі, үш – 
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты – 
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз,он – 
Қарлығаш боп қон

7 тапсырманы математикалық диктант жаздыру арқылы нәтижесін табамыз.

805 және 5 сандарының көбейтіндісін 1025-ке арттыру; 805*5+1025=5050

10 000 санын 40025 және 5 сандарының бөліндісіне кеміту; 10 000- 40025/5=1995

4025 және 5 сандарының бөліндісін 100 есе арттыру. 4025/5*100=2 012 500

60 санын 3 және 2 сандарының көбейтіндісіне бөлу;60: (3*2)=10

9 есептеп шығару.І-ІІ топқа:

Үшбұрыштың периметрі 13 см. Оның екі қабырғасы өзара тең, ал үшінші қабырғасы 3 см. Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларының ұзындықтарын тап.

Ш: 13-3=10 10/2=5 Р=3 см+5 см+5 см=13 см

ІІІ-ІV топқа: Тік бұрышты параллелепипед пішіндес хауыздың өлшемдері 10м,5м және 2м .Оның көлемін және табанының ауданын тап. а=10м в=5м с=2 м V=? S=?

V=10*5*2V=100м³ S=10*5 S=50 м²



Шығармашылық жұмыстар орындау- логикалық тапсырмалар орындау.

Математикалық жұмбақ:


  1. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос құлақты, қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой. (19)

  1. 11 түйе 5 жылқы

2 сиыр, 2 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң бол күлкі? (25)

  1.  Ақ қалпақ, көк қалпақ!
    Барлығы – алты қалпақ.
    Ақ қалпақ бесеу болды,
    Көк қалпақ нешеу болды? (1)

  2. Үйде аға - жеңгем,
    Үш әпке, жездем.

    Апам, әкем, шешем,
    Інім және мен.
    Келді досым Төкен,
    Еріп келді Бекен.
    Барлығымыз қанша?
    Айтшы санын көкем!
    (13)

Жеке оқушымен жұмыс – үлестірме тарату.

Логикалық есептер.

4 мысықтың неше аяғы бар? 4 * 4 = 16

8 тышқанның неше құлағы бар? 8 * 2 = 16

9 торғайдың неше қанаты бар? 9 * 2 = 18

6 сиырдың неше аяғы бар? 6*4=24



Релексия

-Сендерге қандай тапсырма ұнады?

-Қандай тапсырманы орындауда қиналдыңдар?

Сабақты бекіту: «Ыстық орындық» ойынын ойнату. Әр топтың топ басшыларына ойнату. Ойынның шарты - орындыққа отырғызған оқушыға топ мүшелері есептер айтады, оқушы тез жауап беру керек. Себебі орындық ыстық, күйіп қалуы мүмкін.

Оқушыларды бағалау. Топ басшыларына өз топтарының мүшелерін бағалату.

Үйге тапсырма: №8 есеп, 123 – бет.

















































26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «Ә»

Пән мұғалімі:Айымбетова Р.Ж

2016-2017 оқу жылы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі