Материалдар / Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Көбейту және бөлу туралы пысықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2018
940
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу.

Жалпы мақсаттар оқыту нәтижесі

Тәрбиелігі: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдысын ұқтыру, ұйымшылдыққа, жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Білімділігі: көп таңбалы сандарды көбейту мен бөлуден тұрған білімдерін нақтылау, тиянақтау.

Дамытушылық: жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырыпалғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: көбейту және бөлуге арналған карточкалар, т.б

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, енді шаттық шеңберін құрып бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз.

Бүгінгі күн терезеден

Бізге күліп тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл-күймен,

Басталады бұл сабақ.

Топқа бөлу.

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Фигуралар арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Көбейту кестесін еске түсіру. Оқушылар ауызша орындайды.

  1. Қосудың компаненттерін ата.

  2. 1 дм-де неше см бар?

  3. Көбейтудің компаненттерін ата.

  4. 1 ц-де неше кг бар?

  5. Азайтудың компаненттерін ата.

  6. бір тәулікте неше сағат бар?

  7. 1 ғасырда неше жыл бар?

  8. 1 аптада неше күн бар?

  9. Бөлудің компаненттер ата.

  10. 1 жылда неше күн бар?


Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым – папам,

Балан үйрек – апам.

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Жаңа сабақ

А) Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу:

Ә) Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін түсіндіру. Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.

1-топ:

1.Тиімді тәсілмен есептеп тап:

25 * (2 * 3) 31 * (3 * 100) (200+50) * 4

90 / (5 * 2) 7200 / (9 * 4) (300+240) / 6

2-топ:

2. Тиімді тәсілмен есептеп тап:

400 / (25*4) 70 / (5*2) 240 / (10*3) 7200 / (100*3)

320 / (4*10) 96 / (2*8) 560/ (10*7) 8400 / (7*100)

3-топ:

3. Тиімді тәсілмен есептеп тап:

90 * (2*5) 150 * (2*9) 2500 * (4*3) 50 * (2*19)

50 * (4*7) 47 * (25*4) 250 * (8*9) 25 * (8*41)

Топтық жұмыстарды тексеріп, бағалап өтеміз.


Дәптермен жұмыс.

4.Тиімді тәсілді қолданып, қалдықпен бөлуді орында

406 / (2*10) 4208 / (4*100) 72189 / (9*1000) 400 / (10*3)


5.а) Бір жәшікте 7 кг, ал екінші жәшікте 3 кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екінші жәшіктегіден 840 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша тұрады?

ә) Мұражайға барған бір топ оқушы 600 теңгеге, ал екінші топ 480 теңгеге билет алды. Бірінші топта екіншісіне қарағанда 4 оқушы артық болды. Әр топта неше оқушы бар?


6. а) Дүкенде екі қорап ойыншық сатылды, оның біріншісінде 32, ал екіншісінде 22 ойыншық болған. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 1000 теңгеге арзанға түсті.Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленді?

ә) Балабақша үшін бірдей бағамен бірінші күні 6000 теңгеге, ал екінші күні 4800 теңгеге ойыншықтар сатып алынды. Екінші күні біріншіге қарағанда 4 ойыншық кем сатып алынды. Сонда әр күні неше ойыншық сатып алынды?


7.Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.

А) 60 санын 3 және 2 сандарының көбейтіндісіне бөлу;

ә) 60 санын 3 және 2 сандарының көбейтіндісіне көбейту;

б) 60 санын 3 және 2 сандарының қосындысына бөлу;

в) 60 санын 3 және 2 сандарының қосындысына көбейту;


8.Теңдеулерді шешу.

50 * 2 + х = 1482 с + 182 = 900 * 3

А – 100 / 2 = 2894 342 * 2 – х = 709


Сабақты бекіту рефлекция:

Стикерге өз ойларын жазу.

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?


Үй тапсырмасы:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма? өз көңіл-күйлерін стикерге жазу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!