Санды өрнектерді салыстыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Санды өрнектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге дайын ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ----- ------

Пәні: Математика Мұғалім:Зулхарнаева Г

Күні:13.02.2018 Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «а» Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Санды өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаттары

1.2.1.3 қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a

1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a

1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

Көптеген оқушылар: Бірнеше амалдан тұратын (жақшасыз) өрнектің мәнін табады. Санды, әріпті өрнектер құрастыру үшін «-», «+», «=» таңбасын қолданады.
Кейбір оқушылар:Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды   шығару, ой-пікірін білдіреді.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

Бағалау критерийлері

Әріпті өрнек пен санды өрнектің айырмашылығын біледі. Оларды оқып, жаза алады, әріпті өрнек құрастыра біледі.

Тілдік мақсаттары

Өрнектің мәні

Құндылықтарды дарыту

Бір -біріне құрмет көрсету, оқушылардың бойына ұқыптылық жауапкершілік, нақтылық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,парақшалар, кеспе суреттер, цифрлар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз
- Саламатсыздарма? Здравствуйте! Гудмонин!

-Қазір бізде қандай сабақ?

- Біз нешеге дейінгі сандармен таныстық?

Хормен: 20-ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санаймыз

«Артық, кем, тең» туралы видиороликті көру.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?

  • Ендеше алдымен топқа бөлініп алайық.

Топқа «Артық», «Кем», «Тең» деп бөлеміз.


Шаттық шеңбер









Цифрлар





Сабақтың ортасы

8 минут



Кіріспе тапсырма:

Топтық жұмыс: Әр топқа ішінде цифрлары мен суреттер және таңбалар салынған конверт ұсынылады. Әр топ өз атына сәйкес есептер құрастырып, оны дәлелдеп берулері керек.

Жұптық жұмыс: Әр оқушы бір санды өрнектен құрастырып, оның мәнін табады. Шыққан санды екеуі жұпта салыстырады. Мысалы:

Бірінші ойыншы: 2+3

Екінші ойыншы: 6+4

2+3 ? 6+4

5 < 10

Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Мысалы:

2 + 3 ? 6 + 4;

5 < 10;

2 + 3 < 6 + 4.

Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыныңыз.

Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс

Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері,торлар,

аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.

Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға “Хайуанат дүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

3 + 4 = 2 + 5;

6 + 6 > 8 + 3;

4 + 4 < 2 + 8.

Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беріңіз. Мүмкіндік болса интерактивті тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдаланыңыз. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп жағалатып жіберіңіз. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға да болады.

Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалатыңыз. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды.

Жауабы:

18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;

5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10;

2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10.

Дәптермен жұмыс Жұптық тапсырма:

Цифрды анықта. Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.

Слайд









Парақша











Кесте

















Сюжетті суреттер












































Жұмыс дәптері

Сергіту сәті

1 минут

« Мен қазақпын»


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

12 минут

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесіңіз. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз

Жауабы:

а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4;

в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2.

Слайд



Аяқталуы


12минут




Жеке тапсырма: Бағытты таңда: Оқушылар тапсырмадағы санды өрнектердің мәндерін салыстырып, салыстыру белгілерін қояды және суреттегі теңдікке апаратын жолды бояиды.

Қалыптастырушы бағалау:Жеке тапсырма

1-тапсырма

Салыстырыңыз. >, <, = таңбаларының тиістісін қойыңыз

Дескриптор: Білім алушы

- «=» таңбасын тиісті орнына қояды;

- «>», «<» таңбаларын тиісті орындарына қояды

2-тапсырма

( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша теңдік құрастырып жазыңыз



Дескриптор: Білім алушы

- ( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша қосу

амалына теңдік құрастырады;

-( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша азайту амалына теңдік құрастырады

Ойлан: Робис пен Бота сауда жасады. Қайсысының заты ауыр? Санды өрнек құрастырып, салыстыр.

8+7>6+5

15>11

Бүгінгі сабақта қай топ жеңіске жетті?
Жинаған смайликтерімізді санап, салыстырамыз
.


Тапсырма жазылған парақшалар


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Смайлик

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

сандар, шамалар мен санды өрнектер ара­сын­ дағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.

Жетістік баспалдағымен”











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
1549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі