Сандық әзірлеу технологиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сандық әзірлеу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сыныпқа арналған сабақ жоспары,сандық әзірлеу технологиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Технология (ұл) Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Сандық әзірлеу технологиясы.


Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының қолөнерінің

ерте кезден ақ дамығанын оқыта отырып

сандық жасау технологиясын үйрету.

Оқушыларға сандық жасау үшін керекті

материал дайындау үшін ағаш беттерін

сүргілеу, кесу, өлшеу бірліктерін,

құрастыру әдістерін үйрету

ә)дамытушылық:  Теориалық білімдерін практикалық іс-

әрекеттерге ұштастырып оны іс жүзінде

пайдалану. Оқушылардың ой өрісін,

ынтасын шығармашылық қаблетін дамыту

б)тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамға,

икемділікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілік: Сызбалар,бекіту бұрандалы шеге желім түрлері ПВА момент ағаш сыналар


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу оқу құралдарын әзірлеу

Жаңа тарауды бастаймыз.


Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ - жауап арқылы.

1. Үй бұйымдары мен ұсақ-түйек заттарды сақтайтын, көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі. 
2. Ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлікті не деп атайды? 
3. Ыдыс-аяқ және азық-түлік сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі. 

Жаңа сабақ:

Сандықтың қолданылатын орны және байырғы жасалу әдістері

Сандық әр-түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған үй жиһазы мүлік. Киім кешек әр-түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық әбдіре және жағдан сандықтарын пайдаланған сөйтіп қазақ халқының сандық жасау әдісі үш түрге бөлінген

а. Үлкен сандықтардың ұзындығы 90-100см. Биіктігі мен ені 45-50см. Жұқа қарағай тақтайдан жасалынады. Сырты терімен қапталып ою-өрнек салу арқылы безендендірілген әл-ауқаты жақсы адамдар сандық сыртын жез,күміс,алтын түсті асыл тастармен өрнектер салғызған

б. Жағдан сандығы азық түлік киім-кешек салатын тұтастай теріден істеліп сыртын қаңылтырмен шегендеген сандықтың көне түрі Қазақстанның оңтүстік өңірінде

XVIII-XIX ғасырда кең таралған. Негізінде әбдіре сандық сияқты үлкен емес 60-70см.

Биіктігі мен ені 30-35см.

г. Қолсандық бойжеткен қыздарға арналып жасалынады. Ол ұзартылған қыздың жасауына кіреді. Ұзындығы 45-50см. Ені 25-30см биіктігі 15-20см.





Сарамандық жұмыс:

Технологиялық карта

Ағаштан Материал дайындау

Сандық Өлшеу,сүргілеу,кесу

Жасау Материалды егеп өңдеу

Жолдары Әшекейлеу жолдары

Құрастыру әдістері

1.Шегелеу

2.Бұрандалы шеге

3.Ағаш сынасы арқылы

4.Желімдеу

5.Ойма қиыстыру арқылы

Жұмыс түріне қарай құрал сайман пайдалану

Сандық жасау технологиясы

1.Сызғыш                                           6.Бұрандалар

2.Ағаш балға                                      7.Топса

3.Сүргі                                                 8.Ілмектер

4.Ағаш арасы                                      9.Ою-өрнек ою әдістері

5.Темір арасы                                     10.Дайын бұйымды құрастыру



Сабақты бекіту:

1.Сандықтар қандай түрге бөлінеді

2.Сандық қандай әдіс-тәсілдермен әшекейленеді

3.Сандық қандай материалдан жасалынады

4.Сый-кәделік сандық неше негізгі бөліктен құралады?


Бағалау: Жаңа тақырып бойынша сұрақ қою арқылы салыстырмалы түрде бағалап бекіту.


Үйге тапсырма: Сандық жасау технологиясы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
1339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі