Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сандық есептер шығару, 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні 11.12.17 |
Пәні Химия |
Сыныбы 11 Мұғалім Абишева Г.Т. |
Сабақ тақырыбы |
«Сандық есептер: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау.Химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу. Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу. |
|
Жалпы мақсат |
Есептер шығару арқылы формулаларды, химиялық қосылыстардың формуласын жаза білуге үйрету |
|
Міндеттері |
Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру |
|
Нәтижелері |
А)Формулалар арқылы есептер шығарады, анықтаманы тұжырымдайды В) есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар |
Видеопроектор, постер, фломастер |
|
Оқыту әдістері |
Топтық, жұптық, жеке |
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен максатын таныстыру, психологиялық ахуал жасау)
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1топ - Қазақстандағы мұнай негізгі кен орындары.
2 топ – Газ және көмірдің негізгі кен орындары.
3 топ – Экономикалық тиімділігі, Экологиялық ахуал
Қазақстандағы мұнай,газ және көмірдің негізгі кен орындары
Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.
-
Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар.Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.
Қазақстанның ең ірі көмір базасы-Қарағанды көмір алабы.Республикамыздың орталық бөлігінің 3000 км ауданының алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары – Абай,Сарань,Шерубайнұра,Шахтинск,Михаеловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50-300метрге дейін, ал Михаеловкада көмір жер бетіне өте жақын жататындықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы – Екібастұз. Ол 200 км жуық шағын ауданды алып жатса да,жалпы қоры 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы көмір қабаттарын жер бетіне жақын 100 метрге дейін жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштері.
Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштерін қатарына : Қостанай облысындағы Құсмұрын , Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы кендірілікті жатқызуға болады.Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.
Мұнай мен газ- көмірге қарағанда –жану жылуы жоғарғы отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай бірінші рет дүниежүзілік соғыс кезінде досор, Ембі және Мақатта өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал 60-қа жуық кен орында зерттеу жүргізілуде.Негізінен, республикамыздың батыс өңірі – мұнайлы өлке болып табылады.
Атырау өңірін ең алғаш орыс ғалымы Н.А.Северцев зерттеген. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған. Сөйтіп 1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұңғымасынан мұнай атқылады. Теңіз, Мақат Атырау облысында;Шұбарқұдық, Кеңқияқ Ақтөбе облысында; Қаратөбе, Мартыши, Камышин Орал облысында; Оңтүсітік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге т.б.; Қызылордада Құмкөл және Қумасай, Қызылқия, т.б. кен орындары бар.
Табиғи газ өндірісі- Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі.2001 жылы Жамбыл облысында Амангелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры – 9,5 трлн м болып есептеледі.Оның 68 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
Қазақстанда мұнай және газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсіпорындар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай өндіру және мұнай- химия өнеркәсібінің дамуына байланысты қоршаған ортаны
қорғау мәселелеріне де көңіл бөлініп отырады..
Экологиялық ахуал
Мұнай суда ерімейтін болғандықтан, суға төгілсе, судың бетін бүркеп, оттектің, ауа құрамындағы басқа газдардың еруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде, табиғи су қоймаларындағы микроорганизмдер мен жануарлардың тіршілігі жойылады. Мұның соңы экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін.
Мұнай қалдықтарын қорек ретінде пайдаланып, зиянсыз өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігі анықталған. Соларды мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты туындайтын ластанулар кезінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етіп,қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
Теңіз кен орнында қоршаған табиғи ортаның жағдайына кешеді мониторинг жүргізіледі. Мысалы, «теңіз-шевройл» компаниясы шаруашалық қызметінің қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсерін бақылаудың ТМД елдері ішіндегі ең озық жүйесі жұмыс істейді.
Экономикалық тиімділігі
Мұнай мен газды тасымалдауға байланысты Каспий мұнай құбыры консорциумы, «Батыс Қазақстан-Баку- Джейхан» мұнай құбыры, « Қазақстан- Түркменстан-Иран» мұнай құбыры, « Кеңқияқ-Құмкөл-Қытай» мұнай құбыры, т.б. жобалар іске асырылуда. Олай болса, дұрыс ұйымдастырылған мұнай және газ өнеркәсібі біздің ұлттық экономикамыздың өркендеуіне, жалпы халықтық әлеуметтік тіршілігінің жақсаруына септігін тигізері сөзсіз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Алгоритм
1-есеп. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі: 1. Заттың қарапайым формуласы С×Нy
w (С)=85,7% Заттың 100 г үлгісін қарастырайық. Зат құрамындағы
w (H)=14,3% элементтердің – көміртек пен сутектің массалары, олардың
D (ауа)= 1,93 массалық үлестеріне тең болады: m(С)=85,7 г; m(Н)=14,3 г
Т/к: СхНу=? 2. Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын
оның молярлық массасына бөлеміз:
3. Әр элементтің зат мөлшері формуладағы индекстерді көрсетеді. Молекуладағы атомдардың сандары бүтін болуы керек, сондықтан сандардың кішісін (7,14) бірлік ретінде алып, олардың қатынастарын табамыз:
Бұл қатынас қосылыс құрамындағы 1 атом көміртекке 2 атом сутек келетінін көрсетеді. Яғни, заттың қарапайым формуласы СН2 болады, ал оның молекулалық массасы 14-ке тең.
4. Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің нақты салыстырмалы молекулалық массасын табамыз: Мr(С×Нy) =29*Dауа=29*1.93=56
5. Қарапайым формуланың массасы нақты массадан 4 есе кем екен: 56:14=4. Сондықтан іздеп отырған көмірстутектің молекулалық формуласын шығару үшін қарапайым формула құрамындағы көміртек пен сутектің санын төртке көбейтіп, С4Н8 табамыз.
Жауабы: С4Н8
1. 0,5 моль метаннан трихлорметан түзілу үшін қажет хлордың көлемі ( қ.ж.,лиртмен)
А) 33,4
В) 33,2
С) 33,3
D) 33,5.
Е) 33,6
Шешуі: СН4 + 3СІ2 → CНСІ3 + 3НСІ
Vm = 22,4 л/моль
V(СІ2) = ν · Vm = 3 моль · 22,4 л/моль = 67,2 л
0,5 моль CН4 ---- х л СІ2
1 моль CН4 ---- 67,2 л СІ2
{дұрыс жауабы} = Е
2. Құрамында 80% көміртек, 20% сутек бар органикалық заттың сутек бойынша тығыздығы 15. Осы заттың формуласы.
А) СН4
В) С2Н6
С) С3Н8
D) С4Н10
Е)С5Н10
Шешуі: М(C) = 12 г/моль
m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г
М(Н) = 1 г/моль
m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г
Mr(CxHу) = Mr(H2) ∙ D(H₂) = 2 · 15 = 30
M(C2H6) = 12 ∙ 2 + 1∙ 6 = 30 г/моль
{дұрыс жауабы} = В
3. Ауамен салыстырғандағы тығыздығы 2-ге тең құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82,8%, сутектікі -17,2% болатын көмірсутектің молекулалық формуласы
А) С4Н8
В) С3Н8
С) С5Н10
D) С3Н6
Е)С4Н10
Шешуі: М(C) = 12 г/моль
m(C) = ν · М(C) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г
М(Н) = 1 г/моль
m(Н) = ν · М(Н) = 1 моль · 1 г/моль = 1 г
Mr(CxHу) = Mr(ауа) ∙ D(ауа) = 2 · 29 = 58 г/моль
M(C4H10) = 12∙ 4 + 1∙10 = 58 г/моль
{дұрыс жауабы} = Е
9. Егер жағуға 89,6л оттек жұмсалған болса (қ.ж.) жанған ацетиленнің көлемі (л)
А) 11,8
В) 12,5
С) 13,2
D) 28,3
Е) 35,8
Шешуі: 2C2Н2 + 5О2 → 4СО2 + 2Н2О
V(C2Н2) = 44,8л/моль
V(Н2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль
V(О2) = 112л/моль
V(Н2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль
89,6л О2---- хл C2Н2
112л О2 ---- 44,8лC2Н2
ІV. Үй жұмысы
V. Бағалау Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау
Рефлексия
Бағалау парағы
1-нұсқа
1 есеп. С4Н10 қаныққан көмірсутектің изомерін тап?
2 есеп. Метан, Этан, Пропан, Бутан, Гептан қаныққан көмірсутектердің құрылымдық формуласын және молекулалық массасын анықтаңдар?
3 есеп. 0,25 г пропан жанса қанша грамм көмірқышқыл газы түзіледі және судың зат мөлшерін анықта?
2-нұсқа
1 есеп. С5Н12 қаныққан көмірсутектің изомерін тап
2 есеп. Гексан, Пентан, Октан, Нонан, Декан қаныққан көмірсутектердің құрылымдық формуласын және молекулалық массасын анықтандар?
3 есеп. 0,75 г су түзілсе қанша грамм пропан жанды? Көмірқышқыл газының зат мөлшерін анықтандар.
А-деңгейі
І. CH3-CH3→ CH3-CH2CI → C2H4 → C2H5OH
ІІ.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 80% болса, 2л этиленнен неше грамм этил спиртін алуға болады?
ІІІ.Шығармашылық тапсырма: (Оқушының өз мүмкіндігіне қарай ерікті. Қосымша бағаланады). Генетикалық қатар бойынша сандық есеп мәтіндерін құрастырып,шығар.
В-деңгейі
І. CH4 → HCOH → CH3OH → CH3CI → C2H6
ІІ.Көлемі 107,5л құмырсқа спиртін алу үшін құрамында 96% метан бар табиғи газдың қандай көлемі қажет?
ІІІ.Шығармашылық тапсырма: (Оқушының өз мүмкіндігіне қарай ерікті. Қосымша бағаланады). Генетикалық қатар бойынша сандық есеп мәтіндерін құрастырып,шығар.
Зат мөлшеріне байланысты есептеулер
№1 2,25 моль метан оттекте жанғанда түзілген
көміртек диоксидінің көлемі (ќ.ж., литрмен)
Берілгені: Шешуі:
(СН4)=2,25 моль СН4+ 2О2= СО2+ 2Н2О
1моль 22,4л
2,25моль х
Табу керек:
(СО2) х =22,4•2,25 =50,4
Жауабы: СО2 50,4л
№2 0,5 моль метаннан трихлорметан түзілу үшін қажет хлордың көлемі
қ.ж., литрмен )
Берілгені: Шешуі:
(СН4)=0,5 моль СН4+ 2СІ2= СНСІ3+ 3НСІ
1моль 44,8
0,5моль х
Табу керек:
(СІ2) х =0,5• 44,8/1 =22,4л
Жауабы: СІ2 22,4л
№3 0,5 моль этилбензолдың массасы (г)
Берілгені: Шешуі:
(С6Н5С2Н5)=0,5 моль (С6Н5С2Н5) = М∙ ν((С6Н5С2Н5) =
106г/моль ∙ 0,5 моль = 53г
Табу керек:
(С6Н5С2Н5)-?
Жауабы: (С6Н5С2Н5)-53г
№4 0,5 моль
анилиннің массасы (г)
Берілгені: Шешуі:
(С6Н5NH2)=0,5 моль = М∙ ν(С6Н5NH2)=
93г/моль ∙ 0,5 моль = 46.5г
Табу керек:
(С6Н5С2Н5)-?
Жауабы: (С6Н5NH2)=46.5г
№5 0,3 моль глюкоза спирттік ашығанда түзілетін этанолдың массасы
(г)
Берілгені: Шешуі:
(С6Н12О6)=0,3 моль С6Н12О6 2 С2Н5ОН+ 2СО2
1моль 92г/моль
Табу керек: 0,3 моль х
(С2Н5ОН)-? х =0,3моль• 92г/моль/1 =27,6г
Жауабы: (С2Н5ОН)-27,6г
8. Оттекті органикалық қосылыстар
8.3 Спирттердің қасиеттері
18-есеп. 33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін
этанолдың массасын табыңдар.
Шешуі:
Реакция теңдеуі: 33,6 л х л
С2Н4 + Н2О = С2Н5ОН
22,4 л/моль 46 г/моль
Реакция теңдеуі бойынша:
Егер 22,4 л этиленнен 46 г этанол алынса,
Онда 33,6 л этиленнен х г этанол алынады.
Бұдан: х = (33,6 л∙46 г) / 22,4 л = 69 г.
Жауабы: 69 г.
19-есеп. Массасы 9 кг глюкозаны спирттік ашытып, қанша литр этанол
алуға болады. этанолдың тығыздығы 0,789 кг/м3.
Шешуі:
Глюкозаның спирттік ашу теңдеуі:
9 г х г
С6Н12О6 = 2С2Н5ОН + CO2
180 г/моль 46г/моль
Реакция теңдеуі бойынша:
Егер 180 г глюкозадан 2∙46 г этанол алынса,
Онда 9 кг глюкозадан х кг этанол алынады.
Бұдан: х = (9 ∙2 ∙46 ) / 180 = 4,6 кг.
Оның көлемі: V(С2Н5ОН) = m(С2Н5ОН) / ρ(С2Н5ОН) = 4,6 кг / 0,789
кг/м3 = 5,83 м3.
9. Отынның түрлері. Тас көмірді кокстеу
8 – есеп. Құрамында көлем бойынша: 90% СН4; 4% С2Н6; 3% С3Н8; 2%
С4Н10; 0,5% N2; 0,5% СО2 бар 500 л газды жағуға қанша көлем ауа
(ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 0,2 болса) жұмсалады?
Шешуі:
Алдымен 500 л газдың құрамындағы берілген заттардың (СН4; С2Н6;
С3Н8; С4Н10; N2; СО2) көлемдерін жеке-жеке анықтаймыз:
а) Қоспадағы метанның ( ) көлемі:
егер 500 л қоспа100% көлемді құраса,
онда V л метан 90% көлемін құрайды.
Бұдан: V(CH4) = V(газ) ∙φ(CH4) = 500 л ∙ 0,90 = 450 л.
Қоспаның құрамындағы басқа газдардың көлемдерін де осылай
есептейміз:
V(С2Н6) = V(газ) ∙φ(С2Н6) = 500 л ∙ 0,04 = 20 л.
V(С3Н8) = V(газ) ∙φ(С3Н8) = 500 л ∙ 0,03 = 15 л.
V(С4Н10) = V(газ) ∙φ(С4Н10) = 500 л ∙ 0,02 = 10 л.
V(N2) = V(газ) ∙φ(N2) = 500 л ∙ 0,005 = 2,5 л.
V(СО2) = V(газ) ∙φ(СО2) = 500 л ∙ 0,005 = 2,5 л.
Азот пен көмір қышқыл газы жанбайды, ал қалғандарын жағуға қажетті
оттектің көлемдерін сәйкес реакция теңдеулері бойынша пропорция
құрып есептейміз:
Метанды жағуға жұмсалатын ауаның көлемі:
450 л х л
СН4 + 2О2→СО2+2Н2О
22,4л/моль 22,4 л/моль
Егер 22,4 л метанды жағуға 44,8 л оттек жұмсалса,
Онда 450 л метанды жағуға х л оттек жұмсалады.
Бұдан: V(О2) = (450 л ∙44,8 л ) / 22,4 л = 900 л.
Басқа газдарды жағуға қажетті оттектің көлемдерін де осылай
есептейміз:
20 л х л
2С2Н6 + 7О2→4СО2+6Н2О
22,4л/моль 22,4 л/моль
Егер 22,4 л этанды жағуға 7∙44,8 л оттек жұмсалса,
Онда 20 л этанды жағуға х л оттек жұмсалады.
Бұдан: V(О2) = (20 л ∙7∙44,8 л ) / 2∙22,4 л = 70 л.
20 л х л
С3Н8 + 5О2→3СО2+4Н2О
22,4л/моль 22,4 л/моль
Жауабы: 70 л.
2-2012 Егер 22,4 л пропанды жағуға 5∙44,8 л оттек жұмсалса,
Онда 15 л пропанды жағуға х л оттек жұмсалады.
Бұдан: V(О2) = (15 л ∙5∙44,8 л ) / 22,4 л = 75 л
10 л х л
2С4Н10 +13О2→8СО2+10Н2О
22,4л/моль 22,4 л/моль
Егер 22,4 л бутанды жағуға 13∙44,8 л оттек жұмсалса,
Онда 10 л пропанды жағуға х л оттек жұмсалады.
Бұдан: V(О2) = (10 л ∙13∙44,8 л ) / 2∙22,4 л = 65 л
Барлық газдарды жағуға жұмсалған оттектің жалпы көлемі:
900л + 70л +75л + 65л = 1110 л.
Есептің шарты бойынша ауадағы оттектің көлемдік үлесі 0,2 екенін
ескеріп, газдар қоспасын жағуға қажетті ауаның көлемін
есептейміз:
Егер 100 л ауаның құрамында 20 л оттек болса,
Онда 1110 л ауаның құрамында х л оттек болады.
Бұдан: V(ауа) = (1110л ∙100 ) / 20 = 5550 л
Жауабы: 5550 л.
9. Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кен орындары
6-есеп. 5 кг антрацитті жаққанда, 8,96 м3 көмірқышқыл газы (қ.ж.)
газ түзілді. Антрациттегі көміртектің массалық үлесін
есептеңдер.
Шешуі: реакция теңдеуі бойынша пропорция құрып, Антрациттің
құрамындағы таза көміртектің массасын табамыз:
х г 8960 л
С + О2→ CO2
12 г 22,4 л
Бұдан: х = (8960 л ∙12 г ) / 22,4 л = 4800 г = 4,8 кг.
Демек, антрациттің құрамындағы көміртектіктің массалық үлесі:
ω(С) = (4,8 ∙100 ) / 5 = 96%.
Жауабы: 96%.
7-есеп. Азот пен пропанның 4 л қоспасын жаққанда түзілген өнімдерді
кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізгенде, 16 г карбонат және
25,9 г гидрокарбонат түзілді. Газ қоспасындағы пропанның көлемдік
үлесін анықтаңдар.
Шешуі: Азот жанбайтын болғандықтан, есептеулерді тек пропанға арнап
жүргіземіз:
Реакция теңдеулері:
0,107 моль 0,32 моль
С3Н8+5О2 = 3СО2+4Н2О (1)
0,16 моль 0,16 мол
СО2 + 3Са(ОН)2 = СаСО3 + H2O (2)
100 г/моль
0,16 моль 0,16 моль
СаСО3 + CO2 = Са(НСО3)2 (3)
162 г/моль
Алдымен түзілген карбонат пен гидрокарбонаттың массаларын немесе
зат мөлшерлерін біле отырып, (2) және (3) теңдеулер бойынша
реакцияға түскен көмірқышқыл газының көлемін тауып алып, сосын (1)
теңдеу бойынша жанған пропанның көлемін анықтаймыз.
Есептің шарты бойынша:
ν(CaCO3) = m(CaCO3)/M(CaCO3) = 16 г / 100 г/моль = 0,16 моль;
ν(Ca(HCO3)2) = m(Ca(HCO3)2)/M(Ca(HCO3)2) = 25,9 г/ 162 г/моль =
0,16 моль;
Σν(CO2) = 0,16 моль + 0,16 моль = 0,32моль;
ν(C3H8) = Σν(CO2) /3 = 0,32моль/3 = 0,107 моль;
V(С3Н8) = Vм ∙ ν(C3H8) = 22,4 л/моль ∙ 0,107 моль = 2,39 л.
Оның қоспадағы көлемдік үлесі:
φ(С3Н8) = V(С3Н8) / V(қоспа) 2,39 л / 4 л = 0,597 немесе 59,7%.
Термохимиялық реакциялар жайлы есептеулер
№1 Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі
2C2H2 + 5O2 4CO2 + 2H2O + 2610 кДж
болса, 2,5 моль ацетилен жанған кезде бөленетін жылу мөлшері
Шешуі:
2C2H2 + 5O2 4CO2 + 2H2O + 2610 кДж
2моль 2610 кДж
2,5моль х
Бұдан: х = (2,5 моль∙2610 кДж ) / 2моль = 3262,5 кДж
Жауабы: 3262,5 кДж
№2 Этанның жану реакциясының термохимиялықтеңдеуі
2С2Н6 + 7О2 → 4СО2 + 6Н2О + 3080 кДж
Реакция нәтижесінде 770 кДж жылу бөлінсе, жұмсалған (ќ.ж.)
оттегінің көлемі
Шешуі:
2С2Н6 + 7О2 → 4СО2 + 6Н2О + 3080 кДж
7∙22,4л 3080 кДж
х 770 кДж
Бұдан: х = (7∙22,4∙770 кДж ) / 3080 кДж = 39,2л
Жауабы: 39,2л
№3 Термохимиялық теңдеуі бойынша
C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
нәтижесінде 9100 кДж жылу бөлінсе, жанған этиленнің массасы
Шешуі:
C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
30г 1400 кДж
х 9100 кДж
Бұдан: х = (30г∙9010 кДж ) / 1400 кДж = 182г
Жауабы: 182г
Сабақ жоспары
САБАҚ: 7.2А: Жану реакциялары |
Мектеп: Абай атындағы ЖББМ |
|
|||||||
КҮНІ: 11.12.17 |
Мұғалім: Абишева Г.Т. |
|
|||||||
СЫНЫП: 7 |
Қатыспағандар Қатысқандар |
|
|
||||||
Сабақ тақырыбы |
Ауа. Ауа құрамы. (Жаңа сабақты меңгеру, 2 сабаққа берілген) |
|
|||||||
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты |
7.3.1.1 ауаның құрамын білу; 7.3.1.2 атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру |
|
|||||||
Сабақ мақсаты |
Ауа газдар қоспасы екенін біледі. Жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді Жану кезінде атмосфера ауасының ластанатының түсінеді |
|
|||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: - aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады; - ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді; - жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді; - жану өнімдерін анықтай алады; - жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді; -жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады; - 7-8 сұраққа дұрыс жауап береді. |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен май шамның ауада жану сынақ нәтижелерін ауызша сипаттайды Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ауа, ауа құрамы, азот, оттек, көмірқышқыл газы, инертті газдар, көмірсутек, су буы, жалын, күйе, жану, жану өнімдері. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
|
|||||||
Пәнаралық байланыс |
География. 7.3.2.1. Атмосфераның құрамын сипаттау (үй тапсырмасында география пәнімен байланыс) |
|
|||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Бір-біріне құрмет Жауапкершілік Өмір бойы оқу |
|
|||||||
Бастапқы білім |
Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып 5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар |
|
|||||||
Жоспар |
|
||||||||
Жоспарланған мерзімдер |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
Басталуы 0-3 3-8
(жалпы 8 минут) |
Оқушыларды түгелдеу. Жаңа сабақ тақырыбы және мақсаттары айтылады және жаңа сөздер беріледі. Белсенділік тапсырмасы. Ауа құрамының диаграммасын құру Мұғалім әр оқушыға газдар мен массалық үлестері жазылған карталар таратады. Тақтағы оқушылар ауа құрамының диаграммасын құрады. (Б) Бағалау: ынталандыру сөздерімен бағалау. |
Презентация Қосымша 1 |
|||||||
Ортасы 8-18 18-21 21-24
24-29 29-32 32-35
35-45
46-47
47-67 67-71
71-86 |
(Э) (Жж)Ауаны құрамын зерттеу зертханалық жұмысы орындалады. Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады. Оларға стаканмен май шамды жапқан кезде, май шам жалыны баяу өшетінін түсінулеріне мұмкіндік беріледі. Судың көтерілу деңгейіне назар аудару керектігі айтылады. Оқушылар судың деңгейі 1/5 бөлікке көтерілгендігін түсіндіреді. Оқушылар мұқият бақылап, жаңа сөздерді қолдана отырып өз қорытындыларын жазады. (С) Нәтижелер сыныппен талқыланады және оқушылардың бастапқы белсенді тапсырма бойынша құрған диаграммасын эксперимент жүзінде анықталған оттектің массалық үлесімен салыстырады. (Б) Бағалау: бағалау критерийлері бойынша бағаланады. (Ж) Әр оқушыларға ауа құрамын сипаттау үшін диаграмма сұлбасы беріледі. Оқушы ауа құрамына кіретін заттар мен олардың үлесін көрсетеді. (Б) Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды. (К) Оқушыларға түрлі жану процесі көрсетіледі. (Т) Оқушылар өз көргендерін талқылайды – заттың жануы кезінде не болады? Жану үшін тағы не керек? (К) Жанып тұрған шамның жалынына шыныны әкеліп, күйе түзілгенше ұстау, кейін шамды стақанмен жабу. Шам сөнген кезде түтін бөлінеді, оқушылардан оның не екендігін сұрау. Оқушылардан жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсер ететіндігі жайында сұрау, әңгімені бүкіл сыныппен талқылау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. (Т) Оқушылар атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында постер дайындап, сыныптың алдында баяндайды. Постерге қойылатын талаптар:
(Б) Жоғардағы талаптар бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Ең жоғарғы 12 балл Cабақ бойынша қорытынды тест тапсырмасы беріледі. (Б) Бағалау: жетістік критерийі бойынша бағалау |
Қосымша 2 майшам, шыны, стақандар, шыны бет, петри табақшасы, маркер, сіріңке Балауыз шаммен тәжірибе үшін оқушыларға арналған жұмысшпарақтары: http://www.plantscafe.net/modules/b_book_engl_t1_m1.pdf ал ауа құрамынан тұратын кестесі: http://eesc.columbia.edu/courses/ees/slides/climate/table_1.html Қосымша 3 https://stream.manchester.ac.uk/Play.aspx?VideoId=2496 (тек 3 мин көрсетіледі) майшам, шыны, стақандар, шыны бет. |
|||||||
Соңы 86-90
(жалпы 4 минут) |
Кіріктірілген үй тапсырмасы беріледі Рефлексия Нені білдім Не оңай болды Нені тағы толықтыру керек |
Қосымша 4 |
|||||||
Қосымша ақпарат |
|
||||||||
Дифференциация – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың? |
Айқаспа оқу сілтемелері Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру АТ-сілтемелер Шамаларға сілтемелер |
|
||||||
Барлық оқушылар: aуаның сапалық және сандық құрамын сәйкестендіре алады; - ауаның газдар қоспасы екенін түсінеді; - жану кезінде ауаның барлығы емес, кейбір бөлігі ғана пайдаланылатынын түсінеді; Көптеген оқушылар: - жану өнімдерін анықтай алады; - жану процесіне оттек газы қатысатының түсінеді; -жұмысқа ғылыми қорытынды жаза алады; - 7-8 сұраққа дұрыс жауап береді. Кейбір оқушылар: - жұмсалған газбен не болатынын болжай алады; |
Ынталандыру сөздері арқылы, зертханалық жұмысты жетістік критерийі арқылы бағаланады, бірі-бірін бағалайды |
Сіріңкемен жұмыс жасағанда сақ болыңыз! Көзілдірік киіңіз! |
|
||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге? |
Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек. |
|
|||||||
Сабақ мақсаты дұрыс таңдалынды. Бүгін оқушылар ауа құрамы газдардың қоспасы екенін, жану процесіне ауадағы оттегі қатысатының білді. Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты. Біздің жоспарлаған дифференциациямыз жақсы жұмыс істеді. Сабақ жоспар бойынша жүргізілді. |
|
||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім |
|
Күні:11.12.17
Сыныбы:8а
Сабақтың тақырыбы: Заттың аморфты және кристалдық күйлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қараевтың деңгейлеп-жүйелеп оқыту технологиясы, Интербелсенді әдістемелері арқылы білім беру, оқушының іс-әрекетін қалыптастыру арқылы оқу материалын игерту. Оқушылардың дарындылығын денсаулық сақтау дағдыларымен ұштастыра алатын ұрпақ тәрбиелеуде біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларға кристалл және аморфты денелер жайлы мәліметтер бере отырып, олардың «агрегаттық күй» туралы ұғымы жайлы дүниетанымын кеңейу. Деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында интербелсенді әдістеменің практикасын қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, табиғаттың тазалығын сақтауға баулу. Оқушыларды топқа бөліп топпен жұмыс жасау барысында ұйымшылдылыққа, бауырмалдылыққа, бірлдесе еңбектенуге, шығармашыл қарым-қатынас құруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді тексеру және бағалау
Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлеп-жүйелеп оқыту технологиясы, Интербелсенді әдістемелерін қолдану
Сабақтың көрнекілігі: Видео-проектор, деңгейлік кеспе қағаздары, слайд, плакат, интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті 2´
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрау сәті) 7´
3. Білім деңгейін жан-жақты тексеру сәті (өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сәті) 6 ´
4. Жаңа сабақты түсіндіру 10´
5. Жаңа білімді меңгеру кезеңі (пысықтау, бекіту сәті) 7 ´
6. Алған білім мен дағдыны бекіту, жаңа сабақ бойынша тапсырмаларды орындау сәті 3´
7. Оқушыларды бағалау сәті 6´
8. Үйге тапсырма беру 4 ´
қ/с |
Сабақтың сәттері |
Мұғалімнің атқаратын жұмысы |
Оқушының міндеті |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі Заттың үш күйде болатынын, қатты, сұйық, газ тәрізді. Бұл күйлерді заттың агрегаттық күйлері деп атайды. - Бір заттың өзі жағдайларға байланысты әртүрлі агрегаттық күйде бола алатындығын қарастыратынғымызды хабарлау |
Мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалайды. - Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі - Жоқ оқушыларды белгілеу. Бөлменің тазалығын, оқушылардң сабаққа сырттай әзірлігін тексеру. - Мұғалім тарапынан талап қою, ұстанымдылық, жинақылық, жүйелілік және оқушыларды ықыласпен ұйымдастыру - Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ортақ мәселе қою - Оқушы жауабын қорытындылау |
Оқушы оқу құралдарын әзірлеп, сабақта жұмыс істеуге дайындалады. Көрсетілген демонстрация бойынша сұраққа жауап б еруде белсенділік таныту |
2 |
Өткен сабақты қайталау 8-11 сынып есептер жинағы оқулығынан |
Деңгейлер бойынша оқушылардың есептерін тексеру. Олардың орта қателігіне және жетістіктеріне тоқталу |
Үй тапсырмасын орындауда туындаған мәселелерді талқылау. Парталасының немесе тобының үй тапсырмасын тексеру |
а |
Міндетті деңгей: А-тобының есептері |
||
ә |
Лайықты деңгей Б тобының есептері |
||
б |
Жоғарғы деңгей С тобының есептері |
||
3. |
Жаңа сабақтың мазмұны. Кристтал және аморфты денелердің ұқсастығымен шығармашылығын №1 кестеге толтыру. Кристалдық құрылымдардың түрлерін, деформацияның түрлерін видеороликтен үзінді көрсету арқылы түсіндіру (слайд). Салыстырмалы деформация, механикалық кернеу ұғымдарының анықтамасымен формуласының мазмұнын ашу. Крисстал, аморф денелердің өмірде кездесетіндігін атап көрсету. |
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Формуладағы шамаларға сипаттама беру. Формуладан белгісіз шаманы табу тәсілін көрсету. Қатты, сұйық, газ тәрізді денелер құрылысының ерекшеліктерін көрсету, баяндау. Кейбір заттардың балқу температурасы туралы айту. Кристалл және аморофты денелердің ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталу. Кристалдық құрылымдардың түрлеріне тоқталу. Ковалентті байланыс туралы мағлұмат беру. Кристалдық және аморфты денелерді алу жолдарын баяндау және оқушылардың оқулықпен бағдарлы жұмыс істеуін ұйымдастыру |
Дүниетану, физика пәндерінен оқыған білімдерін қолдану. Слайдтардан көргендерін оқулықпен байланыстыру. Дәптермен жұмыс орындау. Кристалл және аморфты денелерге талдау жасау. |
4. |
Жаңа сабақты бекіту |
Формулаларды еске түсіру, өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру мен есептеулер жүргізуде бағыт-бағдар беру |
Негізгі ұғымдармен шамаларға сипаттама беру, өзіндік мысалдар келтіру
|
а |
Міндетті деңгей Заттың үш күйіне сипаттама жаз (айт, түсіндір) Есеп шығару |
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру |
Берілген тапсырмаларды топтық түрде ұйымшылдықпен атқару. Бір-біріне үйрету |
ә |
Лайықты деңгей |
||
1 |
Венн диагарммасы |
Ұқсастық, айырмашылығын жазғызу
|
|
2 |
Плакатқа мына 3 сұраққа жауап жазады
|
Сұрақтың жауабын тексеру, қорытындылау |
Қосымша деректерді пайдалана отырып ойын жинақтап жобалау. Топ басшысы оқып жауапты қорғайды, білемін, білгім келеді, білдім |
б |
Жоғарғы деңгей |
|
|
1 |
Эссе жазу |
Топтағы 2-3 бала эссе жазады. Эссені қысқаша бірігіп жаздыру |
Эссе, буриманы топ ішінде бір-біріне оқып беру, ең үздік деп тапқанын сыныпта оқу. Істелінген жұмысты қабырғаға ілу |
2 |
Бурима жазу |
2-3 балал Бурима жазады. Бурима ұқсас сөздер беру. Батырам Отырам Шақырам Қатырам Атынан |
|
5 |
Қорытынды Оқушыларға сұрақ қоя отырыа сабақты қорытындылау. Кристалл және аморфты денелердің ұқсатығы мен айырмашылығы неде? Тақырып бойынша оқытудың нәтижелілігін оқушылардың жауаптары бойынша талдау. Оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру |
Кристалдар – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар (грекше krystallos, оның алғашқы мағынасы мұз дегенді білдіреді) қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық (қысым, температура) жағдайда кристалдық күйде болатын химиялық заттың нақты, тек өзіне тән кристалды атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдардан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, техникалық металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдардың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген килограмға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалдарымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдардың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдардың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды. Бұл заңдылық геометриялық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады. Геометриялық кристаллографияның ІІ заңы – бүтін сандар заңы — кристалдық заттардағы микропериодтылықтың макроскопиялық көрінісі болып табылады. Кристалдық тордың кез келген атомдық жазықтығы координаттық осьтер бағытында тор периодының бүтін сандарымен сипатталады. Кристалдың жақтары симметриялы болады, жақтары мен қырлары бір-бірімен симметрия амалдарының нәтижесінде беттесе алады. Әрбір амал симметрия осіне, жазықтығына не центріне байланысты орындалады. Кристалдық көпжақтар да симметрияның белгілі бір элементтерінің жиынтығымен сипатталады. Симметрияның 32 класы (32 нүктелік тобы) бар. Әрбір класс симметрияның белгілі бір элементтерімен сипатталады. Кристалдық тордың ерекшелігіне қарай кристалдың сыртқы пішіні белгілі бір класқа және сингонияға бөлінеді. Температураның не қысымның өзгеруіне байланысты кристалдардың құрылымы да өзгереді. Кейбір кристалды күйлер (фазалар) метастабильді (салыстырмалы тұрақты) күйде болады. Берілген зат құрылымының әр түрлі бірнеше кристалдық фазада болуы полиморфизм (мысалы, ақ және сұр қалайы, алмас және графит, кварцтың түрлері, т.б.) деп аталады. Қатты кристалдарға қарағанда, сұйық кристалдар мен аморфты денелерде (мысалы, шыны) атомдардың орналасу тәрітібі нашар сақталады. Кристалдардың өсуі кезіндегі тепе-теңдік шарттарының бұзылуы, кристалдану кезінде қоспалардың араласуы тәрізді әр түрлі әсерлердің салдарынан кристалдың идеал құрылымында ауытқулар байқалады. Кристалдық тор атомдарының орнын басатын аз мөлшерде қоспа атомдарын өндіру тәсілі кристалдың қасиеттерін өзгерту үшін техникада кең қолданылады. Мысалы, Al2O3 хром қосу арқылы кванттық электроникада пайдаланылатын лағыл (рубин) алынады. Кристалдардың бірқатар қасиеттері (жылулық, серпімділік, акустикалық) атомдардың өзара әсеріне байланысты анықталады. Мысалы, графитте атомдар жеке қабаттар түрінде орналасады. Оның көршілес екі қабаты арасындағы қашықтық бір қабаттағы атомдар арасындағы қашықтықтан үлкен болады. Сондықтан деформация кезінде графит жеке қабаттар бойынша біртіндеп ыдырайды. Бұл құбылыс графитті қарындаш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Кристалдар электроникада, оның ішінде, кванттық электроникада ерекше орын алады. Аса қатты кристалдар (алмас, т.б.) материалдарды өңдеуде және бұрғылау ісінде пайдаланылады. Лағыл, сапфир, т.б. кристалдар сағат және басқа да дәл өлшеуіш аспаптардың негізгі элементі болып есептеледі. Зергерлік істе қымбат асыл тастар (табиғи және синтетикалық) пайдаланылады. Қазіргі кезде синтетикалық кристалдар кеңінен қолданылуда.кристалына 0,05
|
|
6 |
Үй тапсырмасы |
|
|
а |
Міндетті деңгей А тобының тапсырмалары |
Тапсырмаларды орындау алгоритмін түсіндіру |
Үй тапсырмасын дәптерге, күнделікке жазып алу |
ә |
Лайықты деңгей. Кристал, аморфты денелерге морфологиялық талдау жасау |
||
б |
Жоғары деңгей. Кристалл және аморфты денелерге кіші ғылыми жұмыстың жоспарын түзіп келу, тәжірибе құрастырып келу, Интернеттен іздену жұмыстарын жандандыру
|
|
|
7 |
Оқушыларды бағалау сәті |
Оқушылардың жауаптарын баллдық көрсеткіштермен бағалау. |
Топ басшысы топ мүшелерінің күнделігін алып келіп топ мүшелерінің бағаларын қойдырады. |
|
|
А) Міндетті деңгей 8 – балл Ә( Лайықты деңгей – 12 балл Б) Жоғарғы деңгей – 15 балл Жалпы балл А) 1-4 = «2» Ә) 5-8 = «3» Б) 9-12 = «4» 13-15= «5» Оқушы еңбегінің құндылығын ашып керсете отырып, топтағы жинаған балдарына тоқтала отырып жеке оқушыларға жоғары баға қою |
|
11.12.17 |
10 сынып |
Сабақ № |
Тақырыбы |
Сандық есептер: экзотермиялық жəне эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер. |
|
Мақсаты |
Оқушыларға экзотермиялық жəне эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер бойынша сандық есептер шығару |
|
Міндеттері |
|
|
Білімділік |
Оқушылардың теориялық білімдерін қолдана отырып сандық есептерді шыаруды үйрену |
|
Дамытушылық |
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту |
|
Тәрбиелік |
Оқушыларды ұқыптылыққа, зейін қоюға тәрбиелеу. |
|
Сабақтың түрі |
Сандық есептер |
|
Сабақтың әдісі |
Есептер шығару |
|
Сабақтың типі |
аралас |
|
Күтілетін нәтииже |
экзотермиялық жəне эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер бойынша сандық есептер шығара алу |
|
Қөрнекіліктер |
Д.И. Менделеевтің перодтық кестесі |
|
Сабақтың барысы |
||
І. Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылармен амандасып, түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру |
|
ІІ. Өткен материалды қайталау |
|
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру |
Химиялық реакциялардың жылу эффектісінің
шамасы бірнеше факторларға тәуелді
болады: |
|
ІҮ. «Үш тіл-тұғырым» |
Жылу бөліну-выделение тепла- heat generation Әрекеттесу-взаимодействие- interaction Жану-горение- combustion Түзілу-образование- formation |
|
Ү. ҰБТ-ға дайындық |
1. Оттекті көп мөлшерде өнеркәсіпте алу жолы А) сынап (II) оксидінен В) ауаны сұйылту арқылы С) сутек пероксидінен D) калий хлоратынан Е) калий перманганатынан 2. Орын басу реакциясы А) CuO+H2SO4=CuSO4+H2O В) Zn+2HCl=ZnCl2++H2 С) 2Ca+O2=2CaO D) CaO+CO2=CaCO3 Е) NaOH+HCl=NaCl+H2O 3. Жану реакция- А) заттардың айырылу реакциясы В) заттардың оттегімен әрекеттесуі С) оттегімен әрекеттесу еракциясы D) оксид түзілетін реакциясы Е) жарық пен жылу бөліне жүретін реакция 4. Сутек оттекпен белсенді әрекеттескенде түзілген заттың формуласы A) H2O B) NH3 C) H2S D) NO E) Fe2O3 5. Химиялық құбылыс А) оттегінің кристалдануы В) сұйық ауадан ректификациялық айдау арқылы оттек алу С) сұйық оттектің булануы D) бертолле тұзынан оттекті алу Е) оттегінің суда еруі |
|
ҮІ. Сабақты бекіту |
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер. №18 моль алюминий оттекте түгелдей жанғанда 3352 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін тап. №244,8 л сутек (қ.ж.) хлормен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшері тап. H2+Cl2=2HCl+184,6 кДж №3.5,6 литр(қ.ж.) метан жанғанда 401 кДж жылу бөлінетін жағдайда реакцияның жылу эффектісі CH4 (г) + 2O2 (г) =CO2(г)+ 2H2O +Q №4.16 г күкірт жанғанда 148,8 кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның жылу эффектісі тап. S+ О2 =SО2 №5.Этиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі: С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О + 1400 кДж, егер реакцияға 336 л оттегі кірісетін болса, бөлінген жылудың мөлшері тап. |
|
ҮІІ. Қорытынды |
Оқушылар өздерінің ойларын айтады |
|
ҮІІІ. Үйге тапсырма |
Есептер мен жаттығулар жинағынан есептер шығару |
|
ІХ. Бағалау |
Есептер шығарған оқушыларды бағалау. |