Материалдар / "Сандық жасау технологиясы"

"Сандық жасау технологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сандық жасауға арналған сабақ жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Сандық жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың түрі:
 дәстүрлі

Сабақты оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс

Сабақты ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту

Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта,дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, “Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.

Керекті құрал-саймандар: ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б.

Пәнаралық байланыс: сызу,тарих,биология,экономика,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа шолу жасау.

1)Ағашты қол арамен кесудің қандай жолдары мен тәсілдері бар?

2)Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар?

3)Сүргіні кері қозғалтқанда,қалыптың артқы жағын неге көтереді?

ІІІ.Жаңа сабақ /түсіндіру/

Теория бөлімі:

1)Ағаштың тарихы жайлы түсінік беру.

2)Ағаштан жасалатын үй жиһаздары туралы.

3)Қолөнер бұйымдарының өрнек мотивтері.

4)Сандықтың тарихы,түрлері /қолсандық,жағлан,әбдіре/

5)Сандықшаның жасалу ерекшелігі,композициялық көркемдеу стилі.

Оқушылар! Бүгін біздер сабақта үй жиһазы - сандықша жасап үйренеміз.Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған.Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар:Солтүстік Шығыста,Алтай төңірегін-де қайың,шырша,қарағай; Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары; Батыста қара-ғай,қайың,жөке.Ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші,оймашы,балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.Ағаштың адамзатқа,тұрмыс-тіршілі-гіндегі қолданылатын орнымен қатар ата-бабаларымыз үшін қасиетті де, киелі ағаштың орны бір бөлек екенін байқаймыз.

Ел іші-өнер кеніші” дегендей біздің өлкемізде де ағаштан түйін түйетін небір атақты шеберлеріміз болған. Халық шеберлерінің ағаштан жасаған, кең тараған бұйымдарының бірі-сандық. Оған киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған. Қыз ұзатқанда қыз жасауы сандық болған. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының безендіру тәсілдерінің де ерекшеліктері бар. Мысалы: Оңтүстікте бояумен сәндеу,ою жүргізу басымырақ болса, Солтүстік,Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі. Ал, Батыста бедерлеп ою ойылып, қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып үйлесімді көркемделеді.

Үй жиһаздарына салынатын ою-өрнек мотиві де әр түрлі. Оңтүстікте геометриялық фигурада пайдаланса, Солтүстік, Орталық, Шығыс аймақтарда жануар стилі (зооморфты) және өсімдіктер стилін жиі пайдаланады.Ертеде қазақ халқы үй жиһазының әдемілігіне ерекше көңіл бөлген.Әсіресе өрнегі-не. Ежелгі шеберлер үй жиһаздарының бетіне нақыштап сүйектен,күмістен, алтыннан оюлармен әшекейлеген. Мысалы:сандықтың,ағаш төсектің беттері-не.Қолөнерге бай қазақ халқының үй жиһаздарының ішінде сандықтың ежелден үш түрде жасалып келген киім-кешек,әр түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық,жағлан және әбдіре пайдаланған.Үлкен әбдіре-сандықтың ұзындығы 90-100 см,биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады.Жағландар әбдіре-сандық сияқты үлкен емес.Оның ұзындығы 60-70 см,ені мен биіктігі 30-35 см шамасында. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасатады.Оның көлемі де шағын,ұзындығы 45-50 см,ені 25-30 см,биіктігі 15-20 см шамасында болады.

Жасалу ерекшеліктеріне байланысты да әрқилы.Мысалы:ағаштан ойған сандықтар,терімен қапталған жағландар,сүйек сандықтар,жұмсақ қаңылтырмен әсемделген сандықтар.Олардың аяғы болмаған.Қазіргі жағ-дайда сандық жасағанда,жерге қойғанда түбі дымқыл тартпау үшін оның астыңғы төрт бұрышына үйлестіре тақтайдан бұрыштап аяқтар орнатамыз Екі қапталына екі тұтқа орнатылады және төмендегідей үлгіде жасалы-нады. Тұтқаларды қалың сым темірден немесе қалың қаңылтырдан дайындауға болады. Сандықшаның алдыңғы қабырғасының дәл ортасынан қақпағына кекіл орнатылады.Кекіл сандықшаны құлыптап қою үшін қажет. Жасалынатын сандықшаның қарама-қарсы қабырғалары бірдей болғандықтан,олар бірге дайындалады.Бұл екі беті бірдей сүргіленген қара-ғай тақтайларды бір-біріне қапсырып қағуымыз керек немесе желім жағып желімдеуге болады. Қақпағын екі жерден топсамен бекітіп, тұтқасы мен кекілін орнатамыз. Сандықшаның даярлама бөлшектері дайын болғаннан кейін, ретімен мұқияттап қағамыз. Енді сандықшамыз әзір болғасын, оның бет жағын әсемдеуді жасаушы оқушылардың өзіндік логикалық ойлау ерекшеліктері мен (фантазиясы) шеберліктеріне байланысты. Сонымен, оқушылар, біздер сандықтың шығу тарихын, түрлерін, оның беті қандай және қалай өрнектелетіні туралы біраз ой қозғадық, ерекшеліктері мен жасалу технологиясына тоқталдық. Қазіргі сабақта қол сандықты жасап үйренеміз. Қол сандықты жасауды нұсқау картасына сүйене отырып дайындаймыз. Әрі қарай ендігі жұмысты техника қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай отырып, сарамандық жұмыс жүргіземіз.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегітехника қауіпсіздігі ережелері:

1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.)

2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.

3. Кесу,сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері:

1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама.

2. Қаңылтырмен жұмыс істегенде,міндетті түрде қолғап кию қажет.

3. Сым темірмен жұмыс жасағанда,оның екінші ұшына сақ болған жөн.

Сарамандық жұмыста сынып оқушыларын 5 топқа бөліп, әр топтың тапсырмаларын түсіндіру. Сандықшаны жүйелі түрде жасап шығару үшін, жасалу технологиясын 5 кезеңге бөлеміз. Әр кезеңнің жұмысын әр топ жасайды.

Сандықшаның жасалу технологиясы:

1 кезең /І топ/.Өлшемі бойынша бет жағын және артқы жағын,екі жанын жасайды.

2 кезең /ІІ топ/.Өлшем арқылы қақпақтың екі жанын бірдей жасайды.

3 кезең /ІІІ топ/.Сандықшаның бет жағына түсетін оюды қағаздан ойып,қаңылтырға түсіреді.Қаңылтырды өлшемі арқылы қию.

4 кезең /ІV топ/.Шеку шегесі (чекан) және балғамен алдын ала қаңыл-тырға түсірілген өрнекті бедерлеп шеку,түзету.

5 кезең /V топ/.1,2,3,4 топтар жасаған бөлшектерді құрыстырады. Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады.Екі бүйіріне тұтқа қағып,топсаларымен кекілін бекітеді.


Сарамандық жұмыс

Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтарды, халаттарды үлестіреді.Әр топтың жетекшілеріне тапсырылады.

Қорытынды бөлім

5 кезеңнің жұмыстары 5 топтың мүшелерінің көмегімен аяқталған соң, әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап,қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білім-дерінбағалау.

Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу. Топтың жетекшісі еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып,кезекші шеберхананы жинастырады











































Сабақтың тақырыбыМеталдарды өңдеу. Металдарды кесумен

өңдеу

МақсатыОқушыларды металл кесу білдектерінде конустык жөне

фасондык беттерді өңдеу технологиясымен таныстыру.

Олардың металдар жөніндегі түсініктерін кеңейту.

Қурал-жабдықтар: жабдықтар, өлшегіш аспаптар, кескіш

аспаптар, дайындамалар, ҚТ жөніндегі плакаттар,

"Металдарды өңдеу" плакаттары.

Сабақтың барысы

I. Кіріспе бөлім

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Бұрынғы өткен материалды кайталау.

— "Қасиет" деген сөзді біз калай түсінеміз?

— Сендер металдардың кандай қасиеттерін білесіңдер?

— Металдарды термиялык өңдеу дегеніміз не?

— Жылумен еңдеудің негізгі түрлерін атаңдар.

ІІ. Жаңа материалды баяндау

Талап етілген формалар мен берілген өлшемдердегі тетіктер мен бүйымдарды жасау үшін, металдарды әртүрлі әдістермен өңдейді.

• Қысыммен өңдеу (сүлбаны қараңдар).

• Құйма

• Пісіру

Илем түрлері:

• Сұрыптық

• Арнаулы

• Табақтык

• Құбырлық

Илемдік пітттіндер (суретті қараңдар)

Металдарды кесумен өңдеу. Кесу процесі — бұл металдарды жоңқаларды алу жолымен өңдеу. Жоңқаны кескіш аспаптармен алады.

Металдарды кесу қол аспабымен жөне металл кесу білдектерінде жүзеге асырылады. Металды кесудің негізгі операцияларына: кесу, аралау, бұранда ою, жону, бүрғылау, жонғылау, сүргілеу және ажарлау жатады. Неғұрлым жоғары дәлдіктегі жөне төменгі кедір-бұдырлы беттер өңдеу кезінде ұңғылау, қыру, үңгіштеу және басқа операциялар қолданады.

Металдарды кесу мен өңдеу кезіндегі маңызды практика-лық міндет — өңдеу режімін дұрыс таңдау.

Өлшемнің, сызбаның, өрнектің немесе бұйымның, тіпті суреттің бейнесін металдың бетіне түсіруді белгі түсіру деп айтамыз.

Белгілеу сызығы негізгі, бақылаушы және көмекші сызықтарға бөлінеді.

Негізгі белгілеу сызыгымен арнаулы бүйым сызбасының шекара сызығьш, өңделуін белгілейді. Бақылаушы белгілеу сызық негізгі сызыктың жанынан қатар жүргізіледі, ал көмекші белгілеу сызығынсимметриялы бөліктерді, дәл ортаны жөне шеңбердің, радиустың ортасын белгілейді.

Темірге белгіні бізбен тырнау арқылы, ал түсті металға белгіні каламмен сызу арқылы түсіреді.

Бірақ қаламньщ ізі жүмыс барысында қол жиі тиген кезде тез кетіп қалады. Ол үшін қаламмен түсірілген күрделі сызбаның (өрнектер, бейнелер, т.б.) үстінен бір қабат нитролак жағып шығу керек.

Темірге бұйымның елшемін түсіру кезінде дайындалатын бүйым-ныңнақтылы өлшемі белгіленеді және шикізатты үнемдеуге көңіл бөлінеді. Бүл әдіс өндірісте жекеленген және үсақ-түйек бұйымдар шығаруда көп қолданылады. Ал өте күрделі бұйымдар шығаратын өндірістерде бұл әдіс арнаулы білдектің көмегімен сызылып белгіленеді.

Бұйымның өлшемі темірге үш түрде түсіріледі: түзу белгіде, бір жазықтықтағы белгіде және кеңістіктегі белгіде.

Бір өлшемдегі түтас темір бөлігін алу үшін (мысалы, сымтемір, т.б.)түзу белгідегі әдіс, белгілі бір бүйымның жалпы көлемін қамту үшінбір жазықтықтағы әдіс, ал кез келген бұйымның, өрнектің, т.б. бейнесін металға түсіру үшін кеңістіктегі белгі әдісі қолданылады.

Темір бүйымның өлшемін немесе белгілі бір бейнені түсіру үшін арнаулы құралдар қолданылады.

Олар: темір сызғыш, бүрыштама, біз, арнаулы өлшегіш аспап түрлері, арнаулы шеңбер сызғышы, т.б.

Арнаулы біз темірге белгілі бір бұйымның нақты өлшемін немесе өрнектің бейнесін түсіруге арналған. Өндірісте біздің үш түрі кең көлемде қолданылады, олар: басы үшкір, қатты сым темірден жасалынған біз, басы үшкір, аяғы қайырылған, арнаулы түтқалы біз, ауыстырмалы инелі біз.

Біздің барлық түрлері алдын ала белгіленген елшем орнын немесе сызықтың бұрышын батыру арқылы белгілеу үшін қолданылады. Бүл өдіс, өдетте, сызылған бүрыштарды анықтау үшін, қайта сызып алу мүмкіндігін сақтау үшін немесе бұрғылау орны нақтылы белгіленуі үшін қолданылады.

Қарапайым түртпе — бұл үзындығы 100, 125 немесе 160 мм-лік, көлемі 8, 10, 12 мм-лік домалак пішінді, басы үшкірленген болат темір. Оның үратын басы жіңіпткеріл доғал келеді. Түртпенің үшы жалпы 60°-та өңделеді. Өте дөлдікті қажет ететін түртпе — 30—45° шамасындағы түртпе, ал шеңбер тесілетін орынды белгілеуге бүрышы 75°-тық түртпе қолданылады.

Арнаулы түртпелер — қоңыраулы пішінді, циркульді (шеңбер-сызғы), механикалық, электр қуатымен іске қосылатын больш бөлі-неді. Арнаулы түртпелер өте жауапты жүмыстарға қолданылады. Ол берілген күш арқылы із түсіріп, серіппетң көмегімен өз орнына, артқа кетеді. Шеңберсызғы түртпе шеңбердегі белгілерді қоюға жөне оны екінші жерге нақтылы өлшемде көпгіруге арналған. Сондайақ геометриялық өлшемдерді белгілеуге, көшіруге өте қолайлы. Шеңберсызғы түртпенің қарапайым жөне серіппелітүрлері болады.

1. Материалга белгі түсіру дегеніміз не?

2. Белгілеу сызығының неше түрін білесіндер?

Темір өңдеудегі, өрнек түсірудегі күрал-саймандардың түрлеріне, атқаратын кызметі мен касиеттеріне сипаттама беріңдер.

Металдармен жүмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

Жұмыс басталғанға дейін

• Жұмыс орнында орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері жөніндегі нұсқамадан өту.

• Арнаулы киімді кию.

• Мұғалімнен тапсырма алу.

Тапсырманы алғанан кейін

• Қажетті жеке қорғаныш құралдарын (аспапты қайрау, болат және қаңылтыр табақтарын дайындау мен тазарту кезіндегі қорғаныш көзілдірігі) дайындау.

• Жұмыс орнының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.

• Жұмысты орындауға қажетті аспаптар мен жабдықтарды дайындау және олардың қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеру.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің мынадай талаптары бұзылған кезде жұмысты бастауға рұқсат берілмейді:

а) аспаптар мен қорғану құралдарының ақаулығы болғанда;

ә) жұмыс орны жеткіліксіз жарықтандырылғанда.

ІІІ. Сабақты қорытындылау





















































«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ



















Сандық жасау технологиясы




Күні: 11.10.2016 ж.

Сыныбы: 8 «Ә»

Пән мұғалімі: Б. Анапиянов










2016-2017 оқу жылы



«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ



















Металл бетін өңдеу кезінде белгі соғатын құрал



Күні: 18.10.2016 ж.

Сыныбы: 8 «Б»

Пән мұғалімі: Б. Анапиянов











2016-2017 оқу жылы












14 Қазан 2018
1162
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі