Оқушыларды
парталарына жайғастырып, оқу құралдарының дайындығына көз
жеткіземін.
«Кім
жүйрік?»
Оқушыларға цифрлар
жазылған карточкалар тарқатып, сол сан жайлы өздері не білетінінін
сұрау. Мыс: 7 – тақ сан, 6-мен 8-дің көршісі,
т.б.
«Кір жаятын жіп»
әдісі
Жіпке 1-ден бастап
цифрларды ілу, “Әрі қарай қандай сан болуы
тиіс?” — деп сұрап отыру. Сәйкес сандары бар парақшаларды біртіндеп
қыстырып, бұлардан кейін тұратын сандар жазылған парақшаларды
осылайша ретімен орналастыруға болатынын айту. Сөйтіп, сандық
сәулені құрастыру.
Түсіп қалған
сандарды тап.
Оқушыларға сабақтың
басында жіптен жасалған түзудің
бөлігін
оқулықта суреті
берілген түзумен салыстыруды ұсыну және “Қандай сандар түсіп
қалған?” деген сұраққа жауап
алу.
Жауабы: 2, 5,
7.
Қанша сан түсіп
қалған?
Оқушыларға
тапсырманы жеке орындату.
Жауабы:
2 саны үшін:
алдыңғы сан — 1; келесі сан —
3;
5 саны үшін:
алдыңғы сан — 4; келесі сан —
6.
Шығарып
көр.
Оқушыларға жұппен
жұмыс жасай отырып, суретке қарауды ұсыну. Оқушылардан “Аю бал
құмыраларын дұрыс қойған ба?” деп сұрау. Оқушылар өз жауаптарын
айтулары ке-рек. “Барлық құмыра ретімен тұру үшін қайсыларының
орындарын ауыстыру қажет?” деп
сұрау.
Жауабы: дұрыс
емес
Орындап
көр.
Парақшаларды ретімен
орналастыр.
Оқушыларға
оқулықтағы доминоның суретін қарауды ұсыну. Әр доминода қанша нүкте
барын сұрау. Балалардан домино тастары топтамасын оқулықта
көрсетілген ретпен орналастыруды сұрау. Қалай орындалғанын жұп
болып тексеруді ұсыну.
Оқушыларға сұрақтар
қою:
—
Бір нүктесі бар
тасты табыңдар;
—
Келесі таста қанша
нүкте бар? (Жауап: екі.)
Яғни 1-ден кейін 2
болады, 2-ден кейін 3 болады және
т.с.с.
Оқушылардың назарын
барлық сандардың ретімен орналасатынына және әр санның өз орны
болатынына аудару.
Жұмыс
дәптеріндегі тапсырмаларды
орындату

Рефлексия.
Әр оқушыға өзінің
өзіндік жұмысын бағалауды
ұсынамын.
Мен_________түсіндім.
Мен енді_______
жасай аламын.
Менің
қолымнан_______ келеді.
Менің
.......................... білгім
келеді
|