№ 18 ҰОҚ. Сандықты аш, білімнен шашу шаш. Сандықты безендір (ою өнері) | Мектеп: Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі |
Күні: 22.01.2019ж | Педагогтің аты-жөні: Нурманова Назгул |
Мектепалды сынып «А» | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: |
Оқыту мақсаттары | 0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу). 0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
Күтілетіннəтижелер
| Барлығы:• ермексаздан бұйым, сандық жасай алады;• бұйымның бөліктерін бір-бірімен құрастыра алады. |
| Көпшілігі:• бөлімдердің пішінін айнытпай салып, бір-біріне мұқият бекітеді; • жеке-жеке элементтерден композиция құрастырады. |
| Кейбірі:• ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады;• ойындағы бейнені жасай алады. |
Бағалау критерийі | Сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады.Суреттегі заттардың аттарын атай алады. Ермексаздан бұйым, сандық жасай алады. Бұйымның бөліктерін бір-бірімен құрастыра алады. |
Тілдік мақсаттар
| Дағдыларын дамыту: • ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту; • сұрақтарға жауап беруге, талқылауға белсене қатысуға дайындау.Көптілділік: сандық – сундук – chest. |
| Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:• ермексаз, қатырғықағаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, домалақтау, те-гістеу, техника қауіпсіздігі. |
| Талқыланатын сұрақтар.– Ою-өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? – Ертедегі қазақтардың баспанасы – тұрған үйі қалай аталады?– Киіз үйдің қандай жабдықтарын білесіңдер? |
Құндылықтарға баулу | Оқушылардың патриотты сезімін ояту мақсатында «Зайырлы қоғам мен асқақ рух» қағидатын дарыту |
Пәнаралық байланыс | МАД сөйлеуді дамыту,қауіпсіз-мінез құлық негіздері |
Алдыңғы білім | Ермексаздан жасалған қарапайым жұмыстар, бұйымды сәндік тәсілмен жасау. |
Жоспар |
Жоспарланғануақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар
|
Сабақтың басы
| (Ұ) Оқу қызметіне балалардың назарын тартып, жағымды атмосфера құру үшін балаларды шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын айтқызамын.Қуан шаттан алақай,Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн!Күліп шықты күн бүгін.– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ширату жаттығуы: «Миға шабуыл »әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіре отырып тақырыппен байланыстыру.Оқушыларға сұрақтар беріледі.(Ұ, Ө) Мүсінші Ермек ауылда тұратын ата мен әжеге қонаққа баруды ұсынамын. Қазақ халқының баспанасы –киіз үймен, оның ішіндегі жиһаз жабдықтарымен таныстырамын.
| Проектор «Киіз үй» тақырыбындағы слайдтарды тамашалау. |
Ортасы
| (Ұ) Қорытынды.Сандық бізге сонау ескі заманнан жеткен. Халқымыз оны әлі күнге дейін пайдаланады.(Ұ) не жайлы әңгіме болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындаймын.
| Киіз үй жабдықтарының суреттерінен әзірленген иллюстрациялар.«Сандық». |
Сабақтың соңы
| (Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс. Балалар әліппе-альбомдағы киіз үй жабдықтарымен танысады. (Ұ, Ө) Ой қорыту.Киіз үй қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне сай жабдықталған. Сандық ұлттық ою-өрнектермен нақышталған.(Ұ) Талқылау. Қазақтар ұзатылатын қыздың жасауына міндетті түрде сандық қосқан. Оның үстіне көрпеше, көрпе-жастық жиналады. Төсек-орынды қыздың жақын туыстары дайындайды.(Ұ, Т, Ө) Сандықтың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу (тікбұрышты, қақпағы бар, ұлттық ерекшеліктерге сай безендірілген).(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Мұқият бол». Қазақтың ұлттық нақышта жасалған сандықтарын қарап шығыңдар. Олардың бетіндегі ою-өрнектердің атауын атап беріңдер.(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә – жоқ».Ермексазбен және пышақпен жұмыс істеу ережелерін талқылау, балалар ережелерді естеріне түсіріп, талқылап, түсіндіреді.(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге талқылау»1. Сандықтың негізгі бөлігін қатырғықағаздан қиып, жапсырып аламыз.2. Ермексаздан кішкене кесіп алып, пластина жасаймыз.3. Қапталын пышақпен кесіп, дайындаған қатырғықағазға жапсырамыз. 4. Қара түсті ермексаздан бірнеше ширатпа дайындап аламыз. Бұл безендіру үшін қажет.– Ширатпаны қандай тәсілмен дайындаймыз?5. Сандықты баланың таңдауы бойынша ою-өрнектермен безендіреміз (мүйіз, ботагөз).6. Құлып жасаймыз.(Т, Ө) Ой қорыту.Сандықтың барлық бөліктері бір-біріне сәйкес, үйлесімді әрі тегіс болуы шарт.Бөлшектерді қандай тәсілмен біріктіреміз? (Жағу арқылы).(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Құлып».(Ұ, Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.(Ө) Өзіндік жұмыс.Балаларға жеке көмек көрсету.(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.Өз жұмысыңды қалай безендіретініңді ойлан.Ойын-жаттығу: «Сандықтың ішінде не бар?...» | Әліппе-альбом. |
Рефлексия
| (Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.«Шебер қолдар»Балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырамын.Ермек балаларға өзі жасаған жұмысқа баға беруді ұсынамын.1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды;2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.3. Жұмысын жасай алмағандар – қызыл түспен бояйды. | Балалардың жұмыстарына арналған көрме.Әліппе-альбом, қарындаштар.
|