Наурыз мерекесі қарсаңында «Шаңырақ күніне» орай ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауының сценарийі
https://youtu.be/6LZu2b1eAc0?si=8uH8bpTEHaodjs2N күйге фон
Ансамбль – күй
Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, құрметті мұғалімдер және мерекемізді тамашалап көзайым болуға келген қадірлі көрермен!
Бүгінгі думан өзге мерекелерден тым бөлек. Неге десеңіз, ұлтымыздың тірегі, отбасының белгісі саналатын киелі «Шаңырақ күні»! Шаңырақ күні – еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттайтын ерекше күн. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін отбасындағы беріктікті, өзара құрмет пен махаббатты нығайтуға бағытталған.
Сол себепті, қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше дәстүр-салт болған. Бұл салт екі арнада кетіп бара жатқан ағысты өзен мен телегей теңізді бір арнаға біріктіру. Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ дәстүріни жетік білетін белгілі этнограф-жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған «...у-да шу, арсыл гүрсіл той-думанның ішіне кіріп кетсең, бұл хәліңнен 30 күн бойы шыға алмайсың. Сүттей үлбіреп тұрған екі жастың бас қосуы күллі ел үшін атаулы мереке. Алып ұшып тұрған жас жүректер дүрсілі, қуанышқа ортақтасқан құрбы-құрдас әгугәйі, шаңырақ көтерді деп төбесі көкке жеткен үлкендер ақ батасы, бәрі-бәрі қазақтың тойын есте қалдырарлықтай етеді.» , - деген болатын. Бәрін айтта бірін айт, одан да бәрін өз көзімізбен тамашалайық. Сахнада 5 «Ә» сынып оқушылары.
Көрініс – «Үйлену» 5 «Ә» сынып
Шаңырақ көтерген екі жастың той-думаны мұнымен тоқтап қалған жоқ. Керісінше қызық енді басталды. Тату мен бірлікте ғұмыр кешіп жатқан қос жүрекке Жаратушы тағы бір жүректі сыйға тартты. Ыриясыз сезім мен ізгі сүйіспеншіліктің жемісі - кішкене періште өмірге келді.
Қазақтың салт-дәстүрі таусылған ба? Әсіресе дүниеге келген сәбиге қатыстысы жетерлік. Соның бірі – баланы қырқынан шығару.
Бұл дәстүр бала өміріндегі ең маңызды шақтың бірі. Себебі ата-бабамыз жаңа туған нәрестені қырық күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей ұстайды.
Жалпы, қазақ халқы тілге бай ғой. Әр сөзін талдап, оған жіті мән берген. Қазақ үшін сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні мен орны бар. Осы орайда жазушы Зейнеп Ахметованың 40 санына қатысты ойлары еріксіз еске түседі. Ол 40 санын адамның жаратылысымен тікелей байланысты деп қарастырады.
«– Баланы не үшін қырқынан шығарады? Себебі 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең. Мәселен, қырқынан шықпаған баланың терісін ұстап көрсең, еті бөлек, терісі бөлек жүреді. 40 күнде ғана баланың еті мен сүйегі бірігеді. Адам қайтыс болғанда да қырқын береді ғой. Өйткені 40 күнде ет пен сүйек ажырайды, соған біз құдайы берміз. Ал мына жерде ананы 40 күн бойы қалжалап, күтеді. Тіпті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі 6 аптаны жас босанған ана мен балаға қауіпті дейді. Алты апта – 42 күн. Ал әжелеріміз сол қырық күннің қатерлі екенін қалай білген? Жас босанған анаға ауыр жұмыс істетпейді. Бір сөзбен айтқанда, кір жуғызбайды, салқын су ішкізбейді, қой сойып, сорпа беріп, қалжалап баптайды. Бұл уақыт баланың өмірге бейімделетін кезеңі. Қырқынан шықпаған баланың көзі тұманданып тұрады. Ал қалай қырқынан шығады солай жарыққа қарайды. Дыбысқа елеңдейді. Бұл медициналық жағынан да дәлелденген дүние.» , - деп жазады Зейнеп Ахметова. Осыншалықты маңызы бар дәстүрді білу кез-келген адамға қажет деп білеміз. Ендеше, баланы қалай қырқынан шығаратынын көру үшін сахнаға 5 «В» сыныбын және ата-аналарын шақырамыз.
Көрініс – «Қырқынан шығару» 5 «В» сынып
Өмірге келген сәбидің алғашқы отауы – бесік десек артық айтқандық емес. Бесіктің пайдасы күні бүгінге дейін талай кітаптарға арқау болған. Әгілі жазушы, білгір этнограф Мұхтар Әуезов: Ел боламын десең, бесігіңді түзе деп бесік тәрбиесін бүкіл еллік деңгейге бір - ақ көтергені мәлім. Ел болу деген ұғымның аясы мен ауқымы өте кең. Біздіңше, бүған дініміз де, тіліміз де, бірлік – ынтымақ бауырмашылығымыз да, өзге жұрттың соңында қалмай, тереземіз теңелуі де, қысқасы ешкімнен ұялмай, екі дүниеде бақытты ғұмыр кешудің бәрі де түгел сыйып кетеді. Міне осының бәрі бесіктен шығатынын заңғар жазушымыз меңзеп отыр. Ендеше, ел болуымыз үшін баланы қалай бесікке салатынын мұқият тамашалайық. Сахнада, 5 «Б» сынып оқушылары.
Көрініс – «Бесікке салу» 5 «Б» сынып
Баланың әрбір іс-әрекеті, қылықтары жақындары үшін қуаныш. Ал баланың алғаш тәй-тәй басуы – үлкен жеңіс, жетістік. Бесіктен шыққан, қаз тұрып бастаған балаға арналған келесі дәстүр – тұсаукесер. Бұл баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін аяғындағы тұсауын кесу. Халықтың түсінігі бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Ендеше, баламыз сүріншек болмауы үшін, 5 А сыныбы және ата-аналарын кішкене бөбегімізбен бірге ортамызға шақырайық.
Бөбегіміздің тұсаукесу рәсімін орындау үшін мектебіміздің директоры Смагулова Гүлжазира Гиниятқызын ортаға шақырамыз.
Көрініс – «Тұсаукесер» 5 «Б» сынып
Шаңырақ күні отбасылық құндылықтарды құрметтеу және жас ұрпақты тәрбиелеу тақырыбын алға тартады. Отбасында балаға берілетін тәрбие оның бүкіл өміріне әсер етеді. Балаға сүйіспеншілік, құрмет, жауапкершілік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дарыту, оған еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын сыйлау, үлкендердің сөзін тыңдауға үйрету – әрбір ата-ананың міндеті.
Шаңырақ күні тек отбасы үшін ғана емес, тұтастай қоғам үшін де маңызды. Бұл күні әрбір азамат өз отбасына деген құрметті арттыра отырып, елдің бірлігін нығайтуға үлес қосады. Қазақ халқында «Шаңырақтың беріктігі – бүкіл үйдің беріктігі» деген нақыл сөз бар. Яғни, отбасының тұрақтылығы мен бірлігі – қоғамның да тұрақтылығының негізі. Ұлтымызыдң үлағатын асыратын бүгінгі кешіміз де өз мәресіне жетті. Мәдени және рухани құндылықтарға бай етіп шығарған бүгінгі шараға үлесін қосқан сынып жетекшілер мен оқушыларға және уақытын бөліп келген, өз білетіндерімен бөліскен ата-аналар қауымына үдкен алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шаңырақ күні сценарий

шағым қалдыра аласыз