УДК 339.548
Бақтыберген Айым
Университет «Тұран»
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенті, (Алматы қ., Қазақстан)
e-mail: 23240542@turan-edu.kz
САНКЦИЯЛАР ДИПЛОМАТИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ РӨЛІ
Аңдатпа
Бұл мақалада санкциялар дипломатиясының халықаралық қатынастардығы рөлін, яғни экономикалық кысым құралы ретіндегі тиімділігі және мүмкін салдары қарастырылады. Жақтаушылар пікірі бойынша санкцияларды әскери қақтығыстардың алдын алу және адам құқықтарын қорғау құралы ретінде атап өтіледі. Сонымен қатар, кейбір жағдайлардағы санкциялардың тиімсіз болып, халыққа теріс әсер етуі мүмкін оқиғалар талданады. Мақалада санкциялардың саяси құрал ретінде қолданылуын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері тарихы және қазіргі мысалдар негізінде талданады.
Түйін сөздер: санкциялар, дипломатия, халықаралық қатынастар, экономика, экономикалық қысым, халықаралық саясат.
Кіріспе
Санкциялар – халықаралық саясаттағы экономикалық және саяси қысым көрсету құралы. Қазіргі жаһандану заманында мемлекеттер арасындағы қатынастар күрделене түсуде. Осындай саяси күрделі жағдайда санкциялар халықаралық саяси аренада қысым көрсету және бейбіт реттеу құралы ретінде жиі қолданылады. Олар белгілі бір мемлекеттің саяси көзқарасын өзгертуге, халықаралық құқық нормаларын және адам құқықтарын сақтау мақсатында салынады. Алайда санкциялар дипломатиясының тиімділігі мен тиімсіздігі туралы ғалымдар мен саясаткерлер арасында пікірталас көп. Бірінші тарап оларды қажетті және тиімді дипломатиялық құрал ретінде қарастырса, екінші тарап оларды тиімсіз және зиянды әсерлері бар ұзақ мерзімді шектеулер ретінде атап өтеді. Осы мақалада санкциялар дипломатиясының жақсы және жаман жақтары талданады. Талдау тарихи және қазіргі уақыттағы мысалдар бойынша жасалады. Бірінші бөлімде халықаралық қатынастардығы рөлі атап өтіледі. Екінші мен үшінші бөлімде санкциялардың тиімді және тиімсіз жақтары тарихи және қазіргі мысалдармен талданады. Қортындысында, ұсыныстар мен субьективті көзқарас беріледі.
I. Санкциялар дипломатиясы түсінігі
Санкция халықаралық құқықты бұзған мемлекеттеке қарсы әрекетті білдіреді, бұл мемлекетті заңды сақтауға мәжбүрлеуге арналған акция болып келеді.[1]
Халықаралық қатынастарда тараптар өз мүдделерін қорғау, реттеу немесе мақсаттарына жету үшін түрлі құралдар қолданады. Соның қатарында санкциялар – қақтығыстарды шешудегі бейбіт әрі тиімді құрал ретінде айрықша орын алады. Санкциялардың көмегімен акторлар әскери күш қолданбай, саяси және экономикалық қысым көрсету арқылы қарсы тараптың іс-әрекеттеріне ықпал ете алады. Осылайша, санкциялар дипломатиясы халықаралық аренада белгілі бір саяси мақсаттарға жету үшін іске асырлатын шаралардың бірі болып келеді. Айылған жабдық көбіне адам құқықтарын бұзу, халықаралық құқықтық нормаларды сақтамау, халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіру қатарлы оқиғаларда пайдаланылады.
Салынатын санкциялар саясаттын басым құралы екені белгілі және санкциялар 20 ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама штаттарының 32 президенті Франклин Делано Рузвельт Жапонияға қарсы салынған санкциялардан бастап қолданылуда. Бастапқы кезеңде санкциялардың басым көпшілігі екі тараптық сауда қатынастарға ұқсаған, мысалы, Кубаға 1962 жылы АҚШ, Гаитиға 1993-1994 жылдары БҰҰ және АҚШ салған санкциялар.[2] Халықаралық аренада санкциялардың салынуы басқада саяси құралдар тәрізді нормалар мен жарғылармен шектелген. Халықаралық экономикалық немесе әскери санкциялар салыну легимтілігі Ұлттар Лигасы және Біріккен Ұллтар Ұйымымен орнатылған. Осылайша, 1920 жылғы Ұлттар Лигасының жарғысы бойынша, нақтылап айтқанда 16-бабында санкциялардың қолданылуы қарастырылған. Бапта экономикалық және әскери санкциялардың Ұлттар Лигасының жарғысын бұзған тарапқа мәселені бейбіт, әскери күш қолданылуынсыз шешу мақсатында салынуына рұқсат етілген.[3] БҰҰ санкциялар қолдану құқығы мен төтенше жағдайларда әскери күш қолдану туралы қағидат жетінші бөлімінде атап өтілген. Нақты айтатын болсақ, 39-бап бейбітшілікке қауып төнген жағдайда бейбітшілікті қалпына келріту мақсатында шаралар қолдануға рұқсат ету, шаралар тізімі 41, 42, 43 және 46-баптарда белгіленген.[4]
Санкциялардың мақсаттарымен түрлері:
-
стартегиялық режимді өзгертуге немесе оның ауысуына бағытталған (стратегиялық санкциялар)
-
елдің саяси көзқарасын өзгерту әрекеті ретінде (тактикалық санкциялар) [6]
Ғалым Д. Девин, Д. Фейси және Р. Гарфилдпен жүргізілген зерттеу, экономикалық санкцияларды 4 түрге бөлуге болатынын көорсетті. Олар:
-
қаржы санкциялары
-
ел ішінен экспортты бұғаттау
-
ел сырттына импортты бұғаттау
-
аралас санкциялар (бірінші 3 түрлер бірге) [7].
Қазіргі таңда санкциялар қолдануы аса көр мөлшерде іске асырлады. Мысалы төмендегі диаграмма соңғы 4 жылда салынған санкциялардың өсуін көрсетеді. Мәліметтер бойынша 2022 жылы ортақ санкциялар мөлшері 15069 есептік көрсеткішке тең болса, 2023 жылы 24178, 2024 жылы 32380, биылғы 2025 жылдың басында 37788-ге жеткен. Жалпы салыстырмалы түрде алғанда бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,3 есе жоғары. Мәліметтер 7 мемлекет негізінде жасалған атап өтсек: Ресей, Иран, Сирия, КХДР, Мьянма, Беларусь, Венесуэла.[5]
1-диаграмма: статискалық мәліметтер

II. Санкциялардың тиімділігін талдау
Санкцияларды жақтаушы ғалымдар оларды тиімді дипломатиялық құрал ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, санкциялар қарулы қақтығыстардардың алдын алуға, халықаралық құқық нормаларды елемеген халықаралық қатынастардың акторларын жазалауға бейбіт күш ретінде қолданылады.
Гари Хуфбауэр, Джеффри Шотт және Кимберли Эллиот сынды зерттеуші ғалымдар еңбектерінде санкциялардың 30-40% жағдайда тиімді болатыны айтылған. Олардың зерттеулері бойынша, санкциялар экономикалық қысым көмегімен мемлекеттердің саясатын өзгертуге ықпал ете алады. Төмендегі кестеді санкциялардың енгізудің түпкі мақсаттары және мүдделері бойынша енгізілгені көрсетілген. Авторлар санкциялардың тиімділігін орташа пайызын анықтады және ол барлық санкциялардың 34% немесе үштен бірін құрады. Санкциялар жоғарғы сәтті көрсеткішті саяси көзқарасты өзгерту мақсаты үшін тіркелді (51%), керісінше ең төмен көрсеткіш соғыс тоқтату мақсатында болған (21%). [8]
1-кесте: Санкциялардың мақсаттына байданысты тиімділігі
|
Саяси мақсаты |
Табысты |
Табыссыз |
Барлығы |
Пайыздық көрсеткіш |
|
Елеусіз саяси өзгеріс |
22 |
21 |
43 |
51% |
|
Маңызды саяси өзгеріс |
10 |
23 |
33 |
30% |
|
Әскери шиеленіс |
9 |
20 |
29 |
31% |
|
Әскери құқықбұзушылық |
4 |
15 |
19 |
21% |
|
Режим өзгеруі мен демократия |
25 |
55 |
80 |
31% |
|
Барлығы |
70 |
134 |
204 |
34% |
Мәліметтерді қарастырған кезде экономикалық санкциялардың тиімділігіне күмән келеді. Алайда тарихы мысалдарға тоқталуға болады. Мысалы, Л. Девии пен С. Энгермен зерттеуінде санкциялардың тиімділігінің дәлелі ретінде 1990 жылы Иракқа АҚШ мен БҰҰ бірігіп салынған санкциялары аталып өтіледі.[10] Екінші мысал ретінде, 2014 жылдан бергі Қырым аралының аннексиясынан кейінгі Ресейге салынған санкцияларды атап өтеміз. Аталған санкциялар Ресей экономикасы нұсқау келтірді, мысалы, рубльдің долларға шаққанда құлдырауы, шамамен 300 млрд доллар резервтің шетеле бұғатталды.
Бұл санкциялардың тиімділігінің тағы бір дәлелә болып табылады. Себебі, санкциялардың маңызды аспектілерінің бірі – олардың халықарлық құқық нормаларын бұзған мемлекеттерді жазалау құралы ретінде қолданылуы. Қазіргі таңда БҰҰ, өткенде ұлттар лигасында санкциялар режимін халықаралық тұрақтылықьы сақтау мақсатында жиі пайдалынылады.
Міне осы себептен бүгінгі таңдада санкциялар қолданылуда. Осылайша 2022-2025 жылдар аралығында көптеген елдер санкциялар қармауына түсті. Мысал, 2-кестеде көрсетілген. [9]
2-кесте: Санкциялар салынған елдер (2022-2025)
|
Мемлекет |
Санкция салынды (-дан бері) |
|
Ресей |
12-2023 |
|
Иран |
11-2023 |
|
Сирия |
08-2023 |
|
КХДР |
11-2023 |
|
Мьянма |
10-2023 |
|
Беларусь |
08-2023 |
|
Венесуэла |
11-2023 |
Аталған елдерге санкциялар бейбіт реттеу саясаты негізінде салынып отыр. Салынған санкциялар мөлшері жылдар бойында жиналуда, осылайша, 2025 жылдың басында ортақ көлемі 37788 санкциялар жеті ел арасында келесідей бөлінеді. Бірінші орында Ресей 24387 санкциямен, кейін Иран 5475, Сирия 2879, КХДР 2223, Мьянма 1027, Беларусь 959, Венесуэла 838 санкция бойынша орналасқан. [5]

Бұл санкциялардың стратегилақ артықшылықтарына байланысты. Оларды қолдану арқылы мемлекеттер әскери араласуға жүгінбей, қарсылас елдердің саясатын өзгертуге ісер ете алады. Санкциялар көбінеме халықаралық қауымдастықтың қолдауына ме болып отыр. Сонымен қатар, санкциялар тек экономикалық емес, саяси және моральдық қысым көрсету құралы ретінде қолданылады. Санкцияларды жақтаушылар оларды адам құқықтарын бұзатын режимдерге қарсы қолданудағы тиімді жол деп есептейді. Олардың ойлары бойыншасанкциялар арқылы мемлекеттер өз мүдделерін қорғап, халықаралық нормаларды сақтауды қамьамасыз етеді. Бұл бөлімде қарастырылған мысалдар санкциялардың белгілі бір жағдайларда тиімді болатынын атап өттік. Алайда, санкциялар әрдайым тиісді бола берметіні белгілі.
III. Тиімсіздігі мен салдары.
Санкциялардың ұзақ мерзімді тиімділігі туралы пікірталастар халықаралық қатынастар мен экономика саласындағы ғалымдар арасында қызу талқыланып кележатқанына біраз уақыт болды. Ғалымдардың пікірінше санкциялар ұзақ мерзімді қолданыста өзінің экономикалық және саяси тиімділігін жоғалтады. Д. Стиглиц пен Д. Родрик ғалымдардың айтуы бойынша санкциялар көп жағдайда экономикалық қысым көрсетудің тиімсіз әдісі. Олардың зерттеулерінде атап айтқандай, санкциялар енгізген мемлекеттер жиі балама экономикалық стратегияларды қолдану арқылы немесе сауда серіктестерін іздеу арқылы экономикалық қысымды айналып өтеді. Мысалы, зерттеу бойынша 2022 жылы Реcейге салынған санкциялар ЖІӨ-нің 2,1% төмендеуіне әкелсе, 2023 жылы Ресей экономикалық бейімделіп, Қытай жіне басқа елдермен сауданы арттуру арқылы ЖІӨ-нің 3,6% өсуіне әкелген. [11] [12] Тағы, 1960 жылдардан бастау алған Кубадағы қақтығысты атап өтуге болады. АҚШ салған санкциялар мемлекеттін саяси режимін өзгертуге бағытталғынымен ұзақ мерзімде қойылған мақсатына жете алмады.
Санкциялардың негізгі теріс жағының бірі олардың қарапайым халыққа әсері. Экономикалық шекеулер көбінесе санкциялар салынған мемлекет ішінде өмір сүретін халықтың өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуіне, инфляцияның өсуіне және жұмыссыздықтың артуына әкеледі, яғни бұл БҰҰ бекітілген адам құқықтарын бұзу.
Осы туралы, Мохсен Эмади зерттеулерінде атап өтетіндей, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде адам құқықтарын есепке ала отырып шешімдер сирек қабылданады. Сонымен қатар, кей жағдайларда ол шешімдер халықаралық құқықтық нормалар мен адам құқықтарына сәйкес келмей оларды бұзып отырды.[2] БҰҰ жарғысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің басты назар аударатын принципі адам құқығының сақталуы болу керек. 24-бап келесі мәселені қарастырады, қауіпсіздік кеңесі өз өкілеттілігін тек БҰҰ мүдделерімен мақсаттарында қолдануы керек, әсіресе арасында 1 бабында аса назар аударылатыны адам құқықтарын қорғау мәселесі. Сонымен қатар, БҰҰ жарғысында 55 және 56-баптарды, адам өмір сүруінде жоғарғы стандарттарын сақтау туралы атап өтілген. Кейіннен 62-бапта Экономикалық және Әлеуметтік кеңеске адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар берілген. Яғни, жарғының 24-бабына сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі шешім қабылдау барысында осы принциптерді ескеруге міндеттелінген.[4] Алайда, санкциялар осы міндеттемелерді ескермейді.
Санкциялардың айта кететін экономикалық санкциялардың маңызды теріс әсері халықаралық саудаға тигізетін әсері. Дүниежүзілік сауда ұйымы санкциялардың халықаралық сауда жүйесіне әсерән зерттей келе, олардың жаһандық сауда қатынастарын бұзатынын атап өтті. ДСҰ деректеріне сәйкес, санкциялар енгізілген жағдайда сауда ағындары бұрмаланып, кейбір салалардағы өндіріс пен экспорт көлемі айтарлықтай төмендейді. Бұл өз кезегінде халықаралық инвестициялық климатқа теріс әсер етеп, трансшекаралық капитал ағынын шектейді. Мысалы, Иран мен КХДР қарсы енгізілген экономикалық шектеулер бұл елдерге тікелей келетін шетелдік инвеситициялар көлемінің күрт төмендеуіне әкелді.[13]
Қорытынды
Санкциялар қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде саяси қысым мен экономикалық әсер етудің маңызды құралына айналды. Бұл зерттеу барысында біз экономикалық санкциялардың тиімді және тиімсіз жақтарын тарихи және бүгінгі күнгі мысалдармен талдыдық. Теориялық тұрғыдан алғанда, санкциялар мемлекетаралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуге арналған балама құрал ретінде қарастырылды. Алайда тәжірбие көрсеткендей, олардың тиімділігі жағдайға, мақсатқа және халықаралық реакцияға тікелей байланысты. Зерттеу барысында Дрезнер, Хуфбауэр, Стиглиц, Родрик, Эмади және тағы басқа ғалымдардың еңдектері негізінде санкциялардың күрделі табығаты мен көпқырлы әсерлері талданды. Көп жағдайда олар кері әсерге ие болады: халықтың құлдырауы, ішкі тұрақсыздық тудырып, халықаралық қатынастарда сенімсіздік орнатады.
Сонымен қатар, әртүрлі жағдайларда санкциялар халықаралық құқықтық нормаларға қайшы келіп, көпжақты келісімдерді бұзуы мүмкін. Бұл халықаралық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына нұсқан келтіреді. Осы себепті санкцияларды қолдану алдында олардың ықтимал салдарын жан-жақты қарастырған жөн. Ғылыми қауымдастық бұл құралдың тиімділігіне скептикалық көзқараспен қарап, балама дипломатиялық және экономикалық ынтымақтастық стратегияларын іздеуге шақырады.
Қорытыдылап айтатын болсақ, экономикалық санкциялар – аса күрделі және екіұшты құрал. Олар табысты пайдалану үшін халықаралық құқық талаптарын сақтай отырып, нақты мақсат қою, стратегиялық серіктестік пен дпиломатиялық арналарды бір уақытта пайдалану қажет. Айта кетерлігі, қазіргі көпполярлы дәуірде санкциялар ескіріп бара жатқан баламалы құрал. Әлемдік саясатта әртүрлі экономикалық және саяси мүделері бар мемлекеттердің өсіп келе жатқан ықпалы санкциялардың бірыңғай әсерін әлсіретіп отыр. Бұрыңғыдай жаһандық консенсусқа жету қиындап, кейбір елдерге тіпті санкцияларды айналып өтудің баламалы нарықтарын дамытып жатыр. Бұл зерттеудің нәтижелері болашақта халықаралық саясат пен экономикалық дипломатия саласында тиімді шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін.
Пайданалынған әдебиеттер тізімі
-
Захарова Е.В., Майер М.В. Санции против России. Анализ влияния экономического кризиса на розничную торговлю // Современные научные иследования и инновации. 2015 №4
-
Emadi Mohsen. The impact of economic sanction of the UN Security Council on Human rigths // Journal of Foreign Policy. 2012. p. 121-161.
-
Ұлттар лигасы. Ұлттар лигасының пактісі. Женева: Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы өкілдігі. 28 маусым 1919 жыл
-
БҰҰ жарғысы. Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпыға бірдей декларациясы. Нью-Йорк: Біріккен Ұлттар Ұйымы, 1948
-
«Количество наложенных санкций» Statbase.ru. Доступ к данным получен 9 апреля 2025 года
-
Hadinejad M., Mohammadi T., Shearkhani S. Examine the sanction’s Efficiency on Iran’s non-oil Trade
-
Garfield R., Devin J., Fausey J. The health impact of economic sanction // Bulletin of the New York Academy of Medicine. Vol. 72. № 2 p. 454-469.
-
Hufbauer G. Clyde, Jeffrey J. Schott, Kimberly A, Elliott, Barbara Oegg. Economic Sanction Reconsidered, 3rd ed. Washington, DC: Peterson Institute for International Economics, 2007
-
World Population Review. “Samctioned Countris 2025”.
-
Davis L., Engerman S. Sanctions: Neither War nor Peace // Journal of Economic Perspectives. 2003. Vol. 17. №2. p. 187-193
-
Stiglitz Joseph E. Globalization and Its Discontents. New York: W. W. Norton & Company, 2012
-
Rodrik D. The Globalization Paradox: Democracy and the Future of the World Economy. New Yotk: W. W. Norton & Company, 2011.
-
World Trade Organization. Trade Policy Review: United States. Geneva: WTO, 2023.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз