Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №84


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 14.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару.

Сабақтың мақсаты

Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

  • дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • санның (шаманың) бөлігін және бөлігі бойынша санды (шаманы) табуға берілген есептердің шығарылуын түсіндіреді;

  • мәтін есептерде әріпті өрнектердің құрастырылуын сипаттайды;

  • мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, практикалық мазмұнды есептер.

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.


Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

а) Үйде 56 тұрғын бар. Оның 1/8 бөлігі – оқушылар. Үйде қанша оқушы бар?

ә) Жарысқа 24 спортшы қатысады. Оның 1/6 бөлігі – мектепке дейінгі балалар. Жарысқа қанша мектепке дейінгі бала қатысады?

б) Шарбақтың 5 метрін бояды. Бұл – бүкіл шарбақтың үштен бірі. Шарбақтың жалпы ұзындығы қанша?



Сабақтың ортасы

Сабақты өзектендіру


Шаманың бөлігін табыңыз:

1. 48 метрдің 5/8 бөлігі;

2. 10 сантиметрдің 3/5 бөлігі;

3. 100 килограмның 7/10 бөлігі;

4. 120 центнердің 8/15 бөлігі;

5. 80 тоннаның 7/8 бөлігі;

6. 6 сағаттың 1/3 бөлігі.


Бөлігі бойынша шаманы табыңыз:

1. 3/5 бөлігі 48 метрге тең;

2. 7/9 бөлігі 210 килограммға тең;

3. 4/12 бөлігі 8 сағатқа тең;

4. 5/6 бөлігі 30 тоннаға тең болса.


Бекіту тапсырмалары

Тапсырма 1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең екені белгілі. Оның доғал бұрышы барлық бұрыштар қосындысының 5/9 бөлігін құраса және сүйір бұрыштарының бірі 3/9 бөлігін құраса, үшінші бұрышы неге тең екенін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Жаңа жыл мерекесіне арнап мектеп ұжымы 48 кг торт дайындады. Оның 3/8 бөлігі бастауыш сынып оқушыларына берілді, қалған бөлігінің 2/3 орта буын оқушыларына берілсе, жоғары сынып оқушыларына неше килограмм торт берілгенің анықтаңыз.


Практикалық мазмұнды есептер

1. «Біз қаншамыз»

Проблемалық сұрақ: біздің сынып оқушылары мектеп оқушылары жалпы санының қандай бөлігін құрайды?

Тапсырма:

  • мектепте неше оқушы оқитынын анықта;

  • 5 сыныптарда неше оқушы оқитынын анықта;

  • 5 сынып оқушылары мектеп оқушыларының қандай бөлігін құрайтынын анықта;

  • 5 сыныпта оқитын қыздар мен ұлдар мектеп оқушыларының қандай бөлігін құрайтынын тап.

2. «5 Б сынып оқушылары өлшемдерінің анықтамасы»

Проблемалық сұрақ: сенің бойынның ұзындығы сынып оқушыларының бойлары ұзындықтары қосындысының қандай бөлігін құрайды?

Тапсырма:

  • сыныптағы әр оқушының бойының ұзындығын өлше;

  • өз бойынның ұзындығы сынып оқушылар бойының ұзындығының қандай бөлігін құрайтының анықта;

  • салыстыруға қатысты сурет сал.


Оқулық






























http://urok.1sept.ru/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/653766/

Сабақтың соңы

Қорытынды кезең


Практикалық мазмұны бар есеп

Математика кабинетінің еденінің ауданын анықтаңыздар. Еденнің 5/9 бөлігінде парталар орналасқаны белгілі болса, кабинеттің парталардан тыс бөлігінің ауданын табыңыздар.

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені білдік, неге үйрендік

- не түсініксіз болды

- әлі немен жұмыс жасау керек


Үй жұмысы

685 есеп шығару.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12