Материалдар / Шаншымдар,тігістер,тігімдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шаншымдар,тігістер,тігімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
. Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек - кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік - үзік болып көрініп тұрады. Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0, 5 - 0, 7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
772
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Өндірістік оқыту

Күні: 03.02.2022.ж

Оқу тобы: Ш-191

Сабақтың тақырыбы:Шаншымдар,тігістер,тігімдер

Сабақтың мақсаты: қол тігіс түрлерінің орындалу технологиясын үйрету
Міндеттері: 1) қол жұмысы кезінде қолданылатын терминдермен танысу; инешаншымдар мен тігім түрлерін орындауды үйрену; 2) шеберлікке, ұқыптылыққа, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеу; 3) эстетикалық талғамын жетілдіру, ізденушілігін арттыру, шығармашылығын дамыту
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,тест
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Қажетті құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп түрлері; қайшы, түйме, оймақ
Сабақ/оқу барысы

Реттік

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі қою. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақты қайталау

а) Бізді, оймақты не үшін қолданамыз?
ә) Ине не үшін қажет және оның неше түрі бар?
б) Қайшы неден жасалады және оның неше

3

Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру

Тігім – қайталанған инешаншымдар қатары. Инешаншымдар ұзындығы –шаншылып алынған инелердің арақашықтығы, ол мата қалыңдығы мен орындалатын жұмыстың түріне байланысты болады. Тігіс ені -бөлшектің қиылған жері мен тігімнің арасы.

4

Өткен сабақты бекіту

1. Киім бөлшектерін уақытша қосып тігу?

2. Иненің екі шаншымы арасындағы жіптер, жіптің матаға өрілу процесі?
3. Көшірме тігімде ілмек биіктігі қанша см болады?
4. Түйме қадау үшін қандай инешаншым түрі қолданылады?
5. Қол тігімдерін орындау үшін қандай нөмірлі жіп қолданылады?
6. Торлау тігісі қай кезде қолданылады?

5

Үйге тапсырма

Шаншымдар,тігістер,тігімдерді тігіп көрсету

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау


Арнайы пән оқытушысы:Ералиева Ш.А
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ тақырыбын хабарлау.Мақта, зығар маталары. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғыларды сипаттау: материалы, түрлері, қолданылуы. Қауіпсіздік ережелері.

ІІІ.Жаңа сабақ. 1). «Ұшын түймегеннің, үш шаншым ісі қалар» Жіптің матаға өрілуі – инешаншым деп аталады. Инешаншым-иненің екі шаншымы арасындағы жіптер. Тігім – қайталанған инешаншымдар қатары. Инешаншымдар ұзындығы –шаншылып алынған инелердің арақашықтығы, ол мата қалыңдығы мен орындалатын жұмыстың түріне байланысты болады. Тігіс ені -бөлшектің қиылған жері мен тігімнің арасы.

2).Тарихқа көз жүгіртсек... «Жіп иіру». Үлкендер балаларын жұмысқа қызықтыра түсуі үшін «жүнді тұмсығыңа дейін түтсең, мұрныңнан маржан түседі» деп иландырып шапшаңдыққа тәрбиелеген. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды». Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы өнеркәсіп орталығынан қашық жатты. Матадан, теріден,өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба,торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қолмен тікті. Қолмен тігу отбасының мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Киімдерді, төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды. Қол тігістері: жөрмеу, саба тігіс, бүгіс, қаю, тепшу, көктеу,қабырға тігіс,шет тігісі, таңдай тігіс, шалып тігу, «тышқан із», т.б. 
Көркемдік кесте тігістерін сәндік-қолданбалы бөлімде үйренеміз. Бүгін алжапқыш тігуге арналған қол тігістеріне тоқталамыз. Тігін шеберханалары мен үйде болсын пішілген бұйымдарды тігін мәшинесінде тігуден бұрын кейбір бөліктерін (алдын ала инешаншымдармен) көктеп алады. Содан кейін тігін машинасында тігіп шығады. Тігін мәшинесінде тігіп болғаннан кейін инешаншымдарды алып тастайды.

3). «Талаппен баста, талғаммен аяқта» 
Сабақты бекіту. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өнері көптің ермегі көп». «Жайлаудағы кілемшілер» шығармасы. Сырмақ, текемет, кілем ою-өрнектерін құрастыру. Сабақты пысықтау сұрақтары- тест беру. 
1. Киім бөлшектерін уақытша қосып тігу? а)торлау ә)көктеу б)жапсыру 
2. Иненің екі шаншымы арасындағы жіптер, жіптің матаға өрілу процесі?
3. Көшірме тігімде ілмек биіктігі қанша см болады? а)0,5-1 см ә)0,2-0,3см б)1-1,5см
4. Түйме қадау үшін қандай инешаншым түрі қолданылады? а)түзу ә)ілмелі б)ілмек тәрізді
5. Қол тігімдерін орындау үшін қандай нөмірлі жіп қолданылады? а)№50,60 ә)№40 б)№70
6. Торлау тігісі қай кезде қолданылады? а)бір бөлшектен екінші бөлшекке сызық көшірмелеу ә)түйме қадау б)түймелік қиықтарын өңдеу
Қорытынды. Бағалау. Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыларды бағалау. «Талаптарыңыз таудай биік, көңілдеріңіз қардай кіршіксіз аппақ, өмірлеріңіз жаздай жайдары болсын!»

Үйге тапсырма: Шаншымдар,тігістер,тігімдерді тігіп көрсету















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!