Материалдар / Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сaбaқтың тaқырыбы: Сaптық aдым,қoзғaлыс кезіндегі бұрылу. Сыныбы: 10 – сынып Өтілетін күні: Уaқыты: 40 минут. Сaбaқтың мaқсaты: Oқушылaрды oрнындa тұрғaндaғы бұрылыстaр тәсіліне, сaптық және жoрықтық aдыммен қoзғaлысқa, қoзғaлыс кезінде бұрылыс жaсaуғa үйрету. Өткізілетін oрны: 10 сынып Көрнекілік құрaлдaр: Сaптық стенд, AӘД oқулығы. a) Ұйымдaстыру кезеңі – 3 минут. Взвoд кoмaндирі oқушылaрды сaпқa тұрғызaды, oқытушығa рaпoрт береді, aмaндaсу, түгендеу, oқушылaрдың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тaқырыпты сұрaу кезеңі – 7 минут. - сaптық тұрыс қaлaй және қaй уaқыттa oрындaлaды? - сaптық тұрысты oрындaу үшін қaндaй пәрмендер беріледі? б) Негізгі бөлім – 20 мин. СAПТЫҚ ЖӘНЕ ЖOРЫҚТЫҚ AДЫММЕН ҚOЗҒAЛЫС Oрнындa тұрғaндaғы бұрылыстaр: «Oң-ғa!», «Сoл-ғa!», !Aртқa бұ-рыл!» пәрмендері бoйыншa oрындaлaды. Aртқa және сoлғa бұрылу – сoл жaққa қaрaй, сoл өкшемен және oң aяқтың ұшымен; oңғa бұрылу – oң қoл жaққa қaрaй oң өкшемен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2018
6606
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО, Қаратөбе ауданы Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Үмбетов Айдос Айбарұлының,
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша
қысқа мерзімдіжоспар №2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім:
Саптық дайындық

Мектеп: Қоскөл ЖОББМ

Күні:________ 20____ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Үмбетов Айдос Айбарұлы

Сынып: 10
Қатысқандар саны Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы
Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Оқушылар сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйреніп біледі.

Сабақ мақсаттары
а) білімділік: саптық тұрыстағы пәрмендерді өз ережесіне сай орындалуды оқушыларға үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген танымдық қабілетін арттыру
б) тәрбиелік: әскери істі оқып үйренуге, болашақ сарбаздың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру.

Жетістік критерийлері
Оқушылар сап элементтеріне дәл анықтама беруіне, саптық тұрысы жарғымен сәйкестігіне, тәжірибелік іс-әрекеттері дұрыс орындауына қарай бағаланады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Сап, Қатар, Қаптал, Маңдай шеп, Саптың тыл жағы сияқты сап элементтеріне анықтама беру.

Құндылықтарды дарыту
Саптық дайындық — оқушыларды тәртіпке үйрететін, оларда жоғары саптық бойы түзету, үлгілі әскери түр, саптық тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландырады.

Пәнаралық байланыстар
Дене тәрбиесі.

АКТ қолдану дағдылары
АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, саптық дайындық бойынша ақпарат табу құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Дене тәрбиесі сабағында алған саптық жаттығуларды орындау дағдыларын дамытады және сабақ барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың
басы
Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 5 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.





Сабақтың ортасы







Негізгі бөлім – 25 мин.Бүгінгі сабақта сап және оның элементтері туралы түрлері мен пәрмендерді орындау тәртіптерін үйренеміз. Алдыменсаптағы әскери қызметшінің сапта тұру алдындағы және саптағы міндеттерін білуі керек.Әскери қызметші өзінің қаруының өзіне бекітіліп берілген қару – жарақтың және техниканың, оқ – дәрілерді жеке қорғаныс құралдарының киімдерінің және жабдығының түзулігін тексеру.Алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері. Сапқа тұр, Түзел, Тік тұр, Бас киімдеріңді (киімді) ШЕШ, Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ пәрмендерін орындау Саптал, Түзел, Тік тұр, Еркін тұр, Жинақтал, Доғар Бас киімді – шеш, Бас киімді – ки пәрмендерін орындау.
Бір орындағы бұрылыстар. Бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сапқа тұру.
Саптағы өзінің орның білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға қозғалыс кезінде түзілімді белгіленген аралықты сақтауға саптан (машинадан) рұқсатсыз шықпауға, сапта рұқсатсыз сөйлемеуге және темекі тартпауға өзінің командирінің бұйрықтарымен пәрмендеріне ықылас пен назар аударуға оларды жылдам және нақты басқаларға бөгет жасамастан орындауы керек. Бұйрықтарды, пәрмендерді бұлжытпай қатты және нақты өткізуге міндетті.
Әскери сәлемдесу. Әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру. Бастықтың немесе аға шендінің Армысыздар, мырзалар деген сәлеміне саптағы не саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер Саулығыңызды тілеймін деп жауап береді. Жауаптың соңында Мырза деген сөз бен әскери атағы әскердің не қызметшінің тегі көрсетілмей қосылып айтылады, мысалы: Саулығыңызды тілеймін сержант мырза, Сау болыңыз лейтенант мырза және т.б.
Сап – әскери қызметшілердің бөлімшелердің және бөлімдердің олардың өзара іс – қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарлығымен белгіленген орналасуы.
Қатар - қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында белгіленген аралықты сақтап орналасқан сабы.
Машиналар желісі – машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілеріне қарап тұрған жағы (машиналардың қарсы тұруы).
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама – қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша қызметшілерlің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Ара қашықтық - түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің арасындағы аралық.
Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшінің) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған әскери қызметшіге) дейінгі аралық.
Екі қатарлық сап – бір қатарлы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердін ту сыртына қарай бір қадам ара қашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Қатар - екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери қызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады.
Лек – әскери қызметшілер бір – бірінін ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) бір – бірінін артында жарлығымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Жайылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша сызықтың бойында бір қатарлы не екі қатарлы сапта (машиналар сызығында) лектің жарлығымен белгіленген ара қашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімдер, лектер белгіленген ара қашықтықта орналасқан сап.
Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші. Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (машиналар) өздерінің қозғалыстарын реттейді.
Тұйықталушы – лектегі, саптағы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Қарумен әдістерді орындау кезінде қажет болғанда қарудын аты аталады. Мысалы: автоматты – кеудеге, Пулеметті - Белдікке. Орындалатын пәрмен үзілістен кейін қатты, буындалып және нық орындау жүргізіледі.
Пратикалық жұмыс - Саптық қалып "САПҚА ТҰР" командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Орнында "ТІК ТҰР" командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек."ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
"РЕТТЕЛ" командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
"РЕТТЕЛ" командасы алдында "ЕРКІН ТҰР" командасы беріледі.Орнында бұрылулар: "Оң-ҒА", "Жарты айналым оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Жарты айналым сол-ҒА", "Артқа БҰРЫЛ" командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Сабақтың соңында зейінділікке саптық ойын жүргізу: оқушылар әр пәрменді Взвод деп айтқаннан кейін орындау, егер Взвод деп пәрменін алдында айтылмаса онда оқушылар ол пәрменді орындамауы тиіс. Взвод сөзі айтылмай берілген пәрменді орындаған оқушы саптан шығады.


Саптық дайындық: https://www.youtube.com/watch?v=U25ZONrsZ_U




















Сабақтың соңы
Қорытынды бөлім - 10 мин. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Сап элементтерін атаңдар.
- Сапты басқару қалай орындалады?
- Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?
- Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

5 - егер оқушы қойылған сұраққа дұрыс және жеткілікті түрде толық жауап берсе, сап элементтеріне жарғыға сәйкес дәл анықтама берсе, саптық тәсілдерді дұрыс көрсетті;
4 - егер жауап дұрыс, толық болса, тұжырымдар жарғымен сәйкесті, тәжірибелік іс-әрекеттері жарғының талаптарына сай болды, бірақ жауап беруші келтіруге қажетті мысалдар келтіре алмады, пәрмендерді орындағаны нақты болмады және жауабында аздаған қателіктер жіберді.
Сұрақтар қою арқылы.
Көрсетулеріне қарау.
Саптық дайындық кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша оқушыларға нұсқамаларды тіркеу журналына танысу белгісін қою.

Сабақбойыншарефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өзсабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауапберіңіз.

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба?
ОқушылардыңбарлығыОМ қол жеткіздіме?Жеткізбесе,неліктен?
Сабақта саралаудұрысжүргізілдіме?
Сабақтыңуақыттықкезеңдері сақталдыма?Сабақ жоспарынанқандайауытқуларболды,неліктен?



Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтарытуралынені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?





















Нұсқа








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!