Сапалы білім - ел егемендігінің кепілдігі!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сапалы білім - ел егемендігінің кепілдігі!

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман екені белгілі. Бүгінгі таңда білім саласы заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғандықтан жастар үшін көп жағдай оңайға түсіп отыр. Өйткені, қазіргі жастар жаңа техниканың қыр сырын жетік меңгерген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оралбаева Ж.З.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Қаржы және есеп» кафедрасы, э.ғ.к., доцент



Сапалы білім - ел егемендігінің кепілдігі!


ХХІ ғасыр бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман екені белгілі. Бүгінгі таңда білім саласы заманауи жаңа технологиялармен жабдықталғандықтан жастар үшін көп жағдай оңайға түсіп отыр. Өйткені, қазіргі жастар жаңа техниканың қыр сырын жетік меңгерген.

Алайда, сапалы білім мен саналы тәрбие алу сатысы алдымен ата-ана тәрбиесінен, ұстаздан, балабақшадан, мектеп қабырғасынан қаланатыны ақиқат.

Бүгінгі таңда көптеген студенттер еліміздегі қайнаған білімнің қара шаңырағы, киелі білім мен тәрбие ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде сапалы білім алып келеді. Бұл біз үшін мақтаныш, абырой.

Қасиетті білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бір ғасырға жуық талай түлектерді түлетіп, шексіз алғыс пен ыстық ықыласқа, қуанышқа толы жанарлардың күлкісіне себепкер болған өнегелі жылдардың жемісі десек қателеспейміз.

Осы мақаланы жазуымызға түрткі болған жағдай – жастардың білім деңгейі, нәтижелері, жетістіктері, білім саласының жастарға көрсетіп отырған қолдау, көмектері болатын.

Жастардың жұмыспен қамтылуы, баспаналы болуы, білім деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жұмыс табу үшін әуелі білім керек. Білімді болу бар да, білікті болу бар. Екі-үш дипломы бар жастардың жұмыс таба алмай жүруі – білім саласындағы олқылықтардың көрінісі деуге де болады. Сапасыз оқу ордаларының кесірінен жұ­мыссыз қалып жатқан жастарды қайта даярлау курстары арқылы мамандандыру қолға алынуда. Мектеп бітірген түлектердің бәрі грантқа ие бола алмайтыны түсінікті. Білім алуға талпынынысы болғанымен, отба­сылық жағдайы ақша төлеп оқытуға кел­мейтін жағдайлар көп кездеседі. Жұмыс­сыздықтың ең өзекті тұсы осыдан басталады. Бірақ бүкіл жастар заңгер, инженер болуы мүмкін еместігі сияқты, елдің бәрі тұрақты айлық алып, қызмет атқаруы да қиын. Қазір еркіндік заманы. Өнеркәсіпке, шағын бизнеске мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуде. Несие алып, кәсіптеніп, отбасын ғана емес, өзге­лерді де жұмыспен қамтып жүрген жастар жетерлік.

Жастар Алашымыздың айнасы екені белгілі. Олай болса, еліміздің гүлденуі де, көркеюі де айбынды жастарымызға байланысты. Еліміздің тәуелсіздігімен қатар өркендеп, кең қанат жайып келе жатқан жаңа заманның жаңашыл жастарынының жалыны сөнбесе талай биік белесті бағындырары анық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі