400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сапалы білім берудегі жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
21 ғасыр- жаңа технология заманы. Заман ағымына сай білім беру саласы да дамып жатыр. Осыған байланысты сабақта жаңа инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Рахаева Э.Т.

Арнайы пәндердің оқытушысы


САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:

1. Қызығушылығын ояту-үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау» және т.б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

2. Мағынаны тану (түсіне білу) - ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өзен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

3. Ой-толғаныс - тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.

Қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс жасауға баулу өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушы белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу.

Сондай-ақ қазіргі заманға сай сапалы білім беруге ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану өте тиімді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. АКТ құралдарына :

  • Интерактивті құрылғылар

  • Сандық теледидар

  • Интернет желісі (қашықтықтан оқыту)

  • Ұтқыр қондырғылар

  • Компьютер, планшет, ноутбуктар жатады.

Сандық бейнені қолдану. Түсірілген бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін және жеңіл қолданыста болатын Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама оқушылардың ұшқыр қиялдарының шарықтауына мүмкіндік берді.

Аудио және подкастинг. Подкастинг балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Ол радиоқойылымға ұқсас, бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы тыңдай алады. Подкаст жасаудың балалар үшін берері мол:

  1. Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын аудиторияны құрайды

  2. Сауатты дағдыларын дамытуға көмектеседі ( сценарий, сұхбат жазу) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ АКТ-ні қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді

Активстудио бағдарламасы. Интерактивті тақтада активстудио бағдарламасы арқылы өткен әрбір сабақ қызықты да тиімді болып өтеді. Ол оқушылардың қызығушылығын ғана оятып қоймай, сондай- ақ ойлау қабілеттерін шындай түседі. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада көрнекі жазылған ребус, жұмбақ, басқатырғыштарды шешу арқылы, ақыл- ойын, ынтасын, зейінін дамытуға болады. Тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар, тақырыптық тесттерді қолдануға болады. Бұдан шығатын нәтиже: сөздік қорын толықтырылады, жүйелі ойлау дағдысы дамиды.

Презентация жасау бағдарламасы. Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарына презентация жасап, оны көпшілік аудиторияда қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Презентацияны оқушы өз шығармашылық деңгелеріне қарай жасайды: суреттер қойып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Бұл бағдарлама арқылы оқушы өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыра алады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Мұғалімдердің тағы бір және де өте маңызды міндеті - дарынды балалармен жұмыс істей білу. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Олар сондай - ақ бір салада қабілетті болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттерін, біліктілігін мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай туғызу мұғалімнің, ата-ананың міндеттері болып табылады. Мұндай талантты балаларды түрлі сайыстарға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатыстырып өздерінің қабілеттерін шыңдата түсіреді.

Жас мемлекетімізді өркениетті елдер деңгейіне жеткізу және дүниежүзілік бәсекеде қатар жүру мақсатында білім сапасын көтеріп, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің болашағына сенімді қадам басу үшін жарқын болашақ орната алатын білімді де, білікті жас ұрпақ тәрбиелейік.




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Ж.У.Кобдикова, Орта мектепте білім алуды технологияландыру: оқу құралы, Қызылорда, 2002ж.

  2. Г.С.Ибрагимова, Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері, Мектептегі технология №2,2010ж.

  3. Қожахметова К. «Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика» Алматы, 1997 ж. «Республикалық баспа кабинеті»

  4. 1. Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді – шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар. Көзқарастар. Тәжірибелер» атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы (2010 жыл),- Қызылорда: Қазақ - Қытай институты, 2010, 90-95 б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі