"Сапалы білім-саналы ұрпақ" Баяндама мұғалімдерге

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сапалы білім-саналы ұрпақ" Баяндама мұғалімдерге

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сапалы білім-саналы ұрпақ" Баяндама Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндетттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сапалы білім-саналы ұрпақ

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндетттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конститутциясында, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы”, “Білім туралы”, “Кемтар балаларды әлеуметтік - медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы”, “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” туралы Заңдарында қарастырылып, бекітілген.

Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінсіз инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мүмкін емес. Психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі - оқу- тәрбие үдерісінде әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, әр түрлі мамандардың жүйелі ұйымдасқан әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуі.

Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мектептің педагогтер ұжымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Мектептегі психологиялық педагогикалық қолдау қызметі мектеп басшысының бұйрығымен құрылады. Қолдау қызметінің құрамына мектеп директоры, оқу-ісінің жұмысы бойынша директордың орынбасары, логопед мұғалім, педагог- психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог кіреді. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары арнайы мамандардың жұмысын ұйымдастыру, оқушыны психологиялық педагогикалық қолдаудың жеке бағдардамасын әзірлеу және жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шараларды жүргізуді басшылыққа алады.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбысары сыныптан тыс уақытта арнайы және әдеттегі сынып оқушыларын біріктіруге қатысты жауакершілікті өзіне алуға тиіс. Мектептің педагогикалық кеңес құрамына психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары да кіруге қажет. Қолдау мамандары мектеп мұғалімдеріне мүмкіндігі шектеулі оқушылардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктері, оқушылар арасындағы сабаққа үлгермеушіліктің себептері мен алдын алу жолдары, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар, оқушыларға жеке дара ықпал етудің әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтар береді.

Психологиялық -педагогикалық қолдау қызметінің құрамындағы логопед мұғалім тізімге алынған оқушылардың ауызша сөйлеу тілі (дыбыс айту, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі) мен жазбаша сөйлеу тіліндегі (оқу және жазу дағдылары) кемшіліктерді түзету, алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

Педагог психолог тізімге алынған оқушылардың танымдық үдерісі мен оқу бағдарламасын табысты меңгеруіне бағытталған түзете-дамыту жұмыстарын жүргізсе, әлеуметтік педагог оқушыларды әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтендіру және танымдық үдерістерін түзете-дамыту, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Балаларды психологиялық педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін педагог-психолог, логопед мұғалімінің және басқа да мамандардың кабинеттері түзете-дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (оның ішінде техникалық), арнайы оқу- әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықталуы керек. Қорыта келе, инклюзивті білім беру табысты іске асырылуы үшін жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі тиімді ұйымдастырылып, басшылық тарапынан бақыланып, қолдау мамандары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс.



Қостанай облысы Амангелді ауданы

«Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ

Педагог -психологі Ш.Ф.Магзумова






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2022
661
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі