Материалдар / "Саптық тұрыс" 11- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Саптық тұрыс" 11- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
1199
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 – сыныпқа АӘД арналған

Сабақ жоспары.


Тақырыбы: Саптық тұрыс. Әскери қызметшілердің сәлемдесуі.

Білімділік мақсаты. Саптық тұрысты және әскери қызметшілердің

сәлемдесуі мен таныстыру

Дамытушылық мақсаты. Жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты. Елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа

тәрбиелеу


Оқыту әдістері. Әңгімелеу, сұхбат, көрсету.


Көрнекіліктер. Плакаттар, сызбалар


Кіріспе бөлімі. 7 мин.

сапқа тұру

взвод командирінің пәрмен беруі

сәлемдесуі

сырт көрнісін тексеру

өткен тақырыпты сұрау

Негізгі бөлімі; 35 мин

Саптық тұрыс «Сапқа тұр!» немесе «Тік тұр!» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша тығыздалмай, тік тұрып, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептін сызығы бойынша, олардың табаның еніне қойып түзеу керек; кеудені тік ұстап, ішті тарту керек; иықтарды жазып, ал саусақтарды жартылай бүгіп және жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап, шұғыл әрекетке даяр болу керек.

Орнындағы саптық тұрыс бұйрық берілгенде және қабылданғанда, баяндау кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалғанда, әскери сәлемдесу берілгенде, сондай-ақ команда берілгенде қабылданады

Бөлімшені орнында түзету қажет болған жағдайда «Түзел!» немесе «Солға – Түзел!» командалары беріледі. «Түзел!» командасы бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иекті көтеру керек) және әрқайсысы өзінен бастап төртінші адамның кеудесін көретіндей түзуленеді. «Солға – Түзел!» командасы бойынша сол жақ шеттегіден басқасының барлығы бастарын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иекті көтеру керек). Түзулену кезінде әскери қызметшілер біршама алға. Артқа немесе жан-жағына қозғала алады. Бөлімше айналып бұрылған кезде команда бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы, «Солға (оңға) – Түзел!»

«Еркін тұр!» командасы бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұру керек.

«Реттел!» командасы бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек, қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастығынан сұрануға болады. «Реттел!» командасы алдында, «Еркін тұр!» командасы беріледі.

«Бөлімше – Тараңдар!» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығып, жан - жаққа тарайды.

Бас киімдерді шешу үшін; «Бас киімді шеш!», ал кию үшін; «Бас киімді ки!» командасы беріледі. Қажет болған жағдайда, жекелеген әскери қызметшілер бас киімді командасыз шешеді және киеді. Шешілген бас киім кокардасы алға қаратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады қарумен «арқаға» күйінде бас киімен оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге» және «аяққа» күйінде – сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» командасы бойынша жүргізіледі. Мысалы; «Бөлімше бір қатарға – Саптал!». Бұл команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды..

Әскери сәлемдесу. Аға шендінің «Сәлеметсіздерме, мырзалар!» деген сәлеміне саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер «Сәлеметсіз бе!» деп жауап береді, «Қош болыңыздар, мырзалар!» деп қоштасса, онда әскери қызметшілер, «Қош болыңыз!» деп жауап беру керек. Жауаптың соңын «Мырза!» деген сөз бен әскери атағы әскердің немесе қызметтің тегі көрсетілмей қосылып айтылады. Мысалы: «Сәлеметсізбе, кіші сержант мырза!», «Қош болыңыз, лейтенант мырза!» және т.б.

Егер командир (бастық) қызмет ретімен әскери қызметшіні құтықтаса немесе оған алғыс айтса, онда әскери қызметші командирге (бастыққа): «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деп жауап қатады.

Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, ол созылынқы үш дүркін «Ура!» деп жауап қатады, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, әскери бөлім (бөлімше): «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!» деп жауап қатады.

Сәлемдесуге қозғалыста жауап қату. Саппен қозғалыстағы әскери сәлемдесуді орындау үшін бөлімше командирі бастыққа дейін 10-15 адым жерде «Бөлімше, Тік Жүр, назар оң - Ға(Солға) командасын береді. «Тік Жүр!» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-Ға» (Солға) командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе арқаға күйінде қарумен болса, басын бұрып, қолын бас киімге қояды.

Бастық жүріп өтісімен немесе «Еркін тұр!» командасы бойынша бөлімшенің командирі «Еркін тұр командасын береді және қолын түсіреді.

Бастық сәлемдескенше немесе алғыс айтқанда әскери қызметшілер қатты, анық, бір дауыспен жауап береді. Қозғалыс кезінде барлық әскери қызметшілер сол аяқтарын жерге қоя отырып, әрбір адыммен сөздерді айтып жауап береді.

Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімге тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды бас киімнің шетіне (күнқағарға) ұстау керек. Басты бастық (атағы үлкен ) жаққа бұрған кезде қолдың бас киімдегі орналасуы өзгеріссіз қалады

Бастықты (аға шендіні) басып озғанда әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады екінші адыммен басты тік

ұстап оң қолды түсіру керек.

Бас киімсіз және қолы бос болмаған жағдайда әскери сәлемдесуді саптан тысқары беру үшін аға шендіге (бастыққа) үш-төрт адым қалғанда басты аға шенді жаққа бұрып саптық тұрысты қабылдап оның бетіне қарауы керек.

Бастықтың сәлемдесуіне немесе алғыс жариялау кезінде әскери қызметші қатты дауыстап, анық жауап береді. Қозғалыс кезінде жауапты сол аяқты жерге қоюмен бастайды.

Бекіту сұрақтар

1. Қайта сап құру үшін қандай пәрмендер беріледі?

2. Әскери қызметшілердің сәлемдесуі туралы айтындар

3. Әскери қызметшілер бастықтын сәлемдесуіне өз орнында және сапта қалай жауап береді?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!