Сақтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша оқиғаларды қорытындылап, өз бетімен жұмыс істеп, өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту.Оқушының сақ тайпалары қалдырған мәдени мұраларын құрметпен қарауға, сақтардың өте ержүрек халық екенін айта отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сақтар ( қайталау сабақ). 6 сынып.

Мақсаты: Тақырып бойынша оқиғаларды қорытындылап, өз бетімен жұмыс істеп, өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту.Оқушының сақ тайпалары қалдырған мәдени мұраларын құрметпен қарауға, сақтардың өте ержүрек халық екенін айта отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі:топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жарыс сабақ (слайд)

Сабақтың көрнекілігі: карта, кесте, суреттер,буклет

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты үш топқа бөлу

1 топ – Парадарайа

2 топ- Тиграхауда

3 топ- Хаомоварга

Жарыстың кезеңдері:

  1. «Жүзден жүйрік» әр топ басшысына 10 сұрақ қойылады

  2. «Құпия ұяшықтар» ұяшықты таңдап сұрақтарға жауап беру

  3. «Кім тапқыр» әр топқа жұмбақ жасырылады ,жауабы 20 ұпаймен бағаланады

  4. «Ойлы болсаң озып көр»1 топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының қоныстануы . 2 топ: Сақ қоғамындағы әлеуметтік топтар. 3 топ: Сақ тайпаларының атауы.

  5. «Бас қатырғыш» берілген әріптерден сөз құрау және оны кім айтқанын табу. (Тапсырмалар слайдпен көрсетіледі)

«Жүзден жүйрік»

1 топ сұрақтары:

1.Б.з.б. 1 м.ж. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа?(сақтар)

2. Парсы жазбаларында сақтарды қалай атаған? (құдіретті еркектер)

3. Жетісу,Тянь-Шань тауларында, Сырдария өз. орта ағысында тұрған шошақ-бөрікті сақтарды парсылар қалай атады? (сақ тиграхауда)

4.Сақ қоғамы неше топтан тұрды? (3)

5. Сақ жауынгерлері қандай түсті киім киді? (қызыл)

6. Тарихтың атасы деп кімді айтамыз? (Геродот)

7. Б.з.б. 570-520 жж өмір сүрген сақ патшайымы? (Томирис)

8. Сақтардың А.Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған кім? (Арриан)

9. Қызылордадан 300 шақырым жерден табылған сақ ескерткіші? (Шірік-Рабат)

10. Оңт.Қазақстандағы Арал теңізінің шығ. орналасқан сақ тайпаларының ең көне ескерткіші? (Түгіскен, Ұйғарақ)

2 топ:

1.Иран жазбаларында сақтарды қалай атады? (жүйрік атты турлар)

2. Сақ қоғамында ақ түсті киім киген кімдер? (абыздар)

3. Мургаб аңғарында өмір сүрген сақтар? (хаомоварга)

4. Сақтардың негізгі шаруашылығы ? (мал шар.)

5. Отырықшы сақтар неге табынды? (жерге)

6.Б.з.б. 530 ж сақ жеріне басып кірген кімдер? (парсылар)

7. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ қолбасшысы? (Спитамен)

8. Парсы патшасы 1 Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері? (Шырақ)

9. Алтын киімді адам қай жерден табылды? (Есік)

10. Сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында қолөнердің қандай стилімен таныс болды? (аң стилі)

3 топ:

1.Ежелгі гректер сақтарды қалай атады? (азиялық скифтер)

2. Сақ қоғамында малшылар қандай түсті киім киді? (сары, көк)

3. Сақтар қандай баспаналарда тұрған? (киіз үй, ағаштан жасалған үй)

4. Көшпелі сақтар неге табынды? (күнге ,отқа)

5. Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысты? (егіншілік)

6. Б.з.б. 519 ж сақтарға қарсы жорықты басқарған парсы патшасы? (1 Дарий)

7. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған билеушісі?(Спаргапис)

8. Сақтар қолөнерде қандай стильді пайдаланды? (аң стилі)

9. Шілікті алтын адамын тапқан археолог ? (Әбдеш Төлеубаев)

10. Қара теңіздің солт. Арал тең. маңында ,Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысын мекендеген сақтар? (парадарайа)

«Құпия ұяшықтар»

Тұлғалар:

10- Бехистун жазбаларында айтылған «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» , деген сөздердің авторы? (1 Дарий)

20- Сақтарды «киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған кім? (Геродот)

30- Рим тарихшысы Помпей Трог: «Әйел болса да ,жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»- деп кім туралы айтып тұр? (Томирис)

40- «Мен сендерді адастырдым, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым ,мен дегеніме жеттім, Енді қолдарыңнан келгенді істей беріңдер» деп елі үшін өзін құрбан еткен сақ жауынгері? (Шырақ)

50- «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді, ұрысқа араласады»- деп айтқан кім? (Грек тарихшысы Ктесий)

Жылдар:

10- Кир бастаған парсы әскері сақ жеріне қашан басып кірді? (б.з.б. 530 ж)

20- Есік қаласындағы Алтын киімді адам қай жылы табылды? (1969 ж)

30- Парсы патшасы 1 Дарий қай жылы сақтарға шабуыл жасады? (б.з.б. 519 ж)

40- Сақ патшайымы Томирис қай жылдары өмір сүрді? (б.з.б. 570-520 жж)

50- Қызылордадан 300 шақырым жерден табылған сақ ескерткіші Шірік-Рабат қай ғасырға тән? (б.з.б. 4-2 ғ)

Терминдер:

10- «Азиялық скифтер» деген кімдер? (Еж. Грек авторлары сақтарды солай атаған)

20- Оба деген не? (адам жерленген орындар)

30- Тиграхауда деген қандай мағына береді? (Шошақ бөрік киген сақтар)

40- Саркофаг деген не? (Қайтыс болған адамды салып жерлейтін астау)

50-«Аң стилі» дегенді қалай түсінесің? (сақтардың бұйымдарына аңның бейнесін бейнелеуі)

«Кім тапқыр»

1 топ:

  1. Қадам бас алға сүрінбей
    Болашақ кілті – білімде.
    Қандай мағына береді,
    «Сақ» сөзі парсы тілінде
    ?(Құдіретті еркектер)

  2. Таихты жаттап кешегі,
    Саналы ұрпақ өседі
    Аргипейлер қай жерде,
    Мекен қылды кешегі
    ? (Аралдың солтүстік шығысы)

  3. Білімді алтынға теңедік,
    Достарға ашық, кең едік.
    Әйгілі сусын жасаушы,
    Сақтарды кімдер деп едік.
    (Хаомаварга)

2 топ:

  1. Басынан кешкен шақтарды
    Тарихшы тізіп ақтарды
    Кімдер деп тағы атады.
    Грек Геродот сақтарды?
    (Массагеттер)

  2. . Көгенге құлын байлады,
    Бес қаруды да сайлады.
    Айтыпберші, қайсақтар,
    Арал мен Сырдыжайлады?
    (Парадарайа)

  3. . Арайлып таңы атады,
    Маужырап күні батады.
    Түйе сүтін балмен тең,
    Сақтар қалай атады?
    (Шұбат)

3 топ:

  1. Бел – белестенасады,
    Өрсақтардың жасағы.
    Тиграхаудасақтары,
    Қайжердімекенжасады?
    (Жетісуды)

  2. Кеңболыптүздетүлеппін,
    Шарапаты мен ізгітілектің,
    Көшпелілерқалайаталды,
    Деректеріндегректің
    ? (Дайлар)

  3. Еңселі ел көпкетанылды,
    Ізгіниеттілердеағылды.
    Егіншісақтармекені,
    Қайқаламаңынантабылды
    ? (Алматы)

«Ойлы болсаң озып көр»

1 топ тапсырмасы:Сақ тайпаларының қоныстануы

2 топ тапсырмасы: Сақ қоғамындағы әлеуметтік топтар

3 топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауы

«Бас қатырғыш»
1 топ: «Сақтар дұшпанға –қатал , досқа-адал»

2 топ: «Сақтар жақсы шабандоздар болған» Страбон.

3 топ: «Сақтар ат үстінде, жаяу да соғыса береді» Геродот

Қорытынды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі