2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Шара талдауы

Шара талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізілген шараларға талдау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2022-2023 оқу жылындағы бірлестік бойынша өткізілген «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты апталық аясында өткізілген іс-шаралар талдауы


Апталық жоспарына сәйкес 24.01.2023ж. «Шахмат-ақыл ой спорты» атты мектепішілік Шахмат турнирі кластан тыс шараны өткіздім. Кластан тыс шара жоспары алдын-ала дайындалып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М.Садироваға бекітілді.

Шара мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да бәсекеге түсе білуге баулу..

Шараға 4-11 класс арасынан шахмат ойынына деген қызығушылықтарына орай іріктілген 13 оқушы қатысты. Шара барысында қатысушы оқушылардың шахмат ойыны туралы қандай мәліметтер білетіндігін пысықтау мақсатында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сонан соң оқушылар жұппен айналма жүйесі арқылы жарыс ойынын ойнады. Ойын қатаң түрде әрбір тур бойынша өткізілді. Мүмкіндігінше барлық партиялар қалып қоюға жол берілмей ойналды. Турнир кезінде барлық партиялар жазылып отырды. Жазылған партия парағы арқылы жеңімпаздарға мадақтамалар табысталды.


Апталық аясында өткізілген шахмат турнирінің партиялар парағы

























1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

ұпай

орын

1

Абдуллах М.


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

12

1

2

Дінмұхамбет

0


0

0

1

0

1

1

1

1

1

0

1

7

мад

3

Имран М.

0

1


1

1

0

1

1

1

1

1

1

1

10

2

4

Нұрайша

0

1

0


1

1

1

1

1

1

1

1

1

10

2

5

Абдулазим

0

0

0

0


1

1

1

1

1

1

1

1

8

3

6

Тұрсынбек

0

1

1

0

0


1

1

0

1

1

0

1

7

мад

7

Айжан

0

0

0

0

0

0


1

0

1

0

0

1

3


8

Айназ

0

0

0

0

0

0

0


0

0

0

0

1

1


9

Нұрбол

0

0

0

0

0

1

1

1


1

0

1

1

6


10

Гүлден

0

0

0

0

0

0

0

0

0


0

0

1

1


11

Алишер

0

0

0

0

0

0

1

1

1

1


0

1

5


12

Дияр

0

1

0

0

0

1

1

1

0

1

1


1

7

мад

13

Әлия

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0


1





Үйірме жетекшісі: Жұбаниязов А:Б:


Апталық жоспарына сәйкес 26.01.2023ж. 8 Б класында «Спорттық ойын (баскетбол). Қорытындылаушы ойындар және ойын жағдайлары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Сабақтың ұзақ мерзімді жоспардағы бөлімі: Спорттық ойын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 8.2.8.1 – түрлі қиміл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу.

Сабақтың мақсаты: - түрлі қимыл-қозғалыстар кезіндегі мүмкін қауіп-қатерлерден хабардар болу, түрлі қимыл-қозғалыстар кезіндегі әртүрлі жаттығулар реттілігінде түрлі комбинацияларды орындауды түсіне алу, орындау.

Сабақ оқушыларды сапқа тұрғызып, спорт киімдеріне назар аудара отырып сәлемдесуден басталды. Оқушылардың сабаққа дайындығын білгеннен кейін өз нұсқауыммен дене қыздырыну жаттығуларын орындаттым. Оқушыларға орындау барысында қошемет сөздер айту арқылы кері байланыс жасалды. Алдын ала дайындалған слайд арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты үлкен экранда көрсетілді. Осы сабақ мақсатына жету барысында жасалатын жаттығулар мен ескеру қажет қауіпсіздік ережелері оқушыларға таныстырылды. Сонан соң оқушылар спорттық құралдар арқылы топтастырылды.Топтарға жалпы баскетбол ойыны туралы теориялық мағлұмат айтып ой бөлісу өткізілді. Және де Кім жылдам ойыны екі топ арасында баскетбол спорттық ойын жағдайларын ескере отырып ұйымдастырылды. Топтар ойынға белсене қатысып, бірін-бірі «шапалақтау» әдісімен кері байланыс жасап, бағалап отырды. Оқушылар баскетбол ойын жағдайларын қайталап ойнағаннан кейін, қорытындылаушы ойын ойнатылды. Ойын берілген тапсырманы әр топтағы барлық оқушылар орындағанша жалғасты. Топтарға себетке салған әрбір доп, жақсы жасаған қозғалыс әрекеттері үшін ұпай беріліп отырды. Қорытындылаушы ойын дескрипторы:

-ойын қимыл-қозғалыс әрекеттерін меңгереді;

-жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін ұстанады;

-жаттығуларды орындау реттілігін сақтайды.

Сабақ барысында оқушылардың әр орындаған тапсырмалары үшін қошемет сөздер арқылы қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жасап отырдым.. Сабақ соңында оқушыларға еркін жүріп тыныс алу, дем шығару жаттығуларын жасап, сапқа қайта тұруға нұсқау берілді. Оқушыларға сабақ барысындағы «2+1» (ойын барысындағы 2 жақсы жағын, жетілдіруді талап ететін бір сәт) әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жасадым. Оқушыларыммен біріге отырып тақырыпқа сәйкес сабақ мақсатына жете алдым деп ойлаймын.







Shape1


Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Жұбаниязов А.Б.

16 Наурыз 2025
152
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі