Материалдар / Сарамандық жұмыс 11 сынып

Сарамандық жұмыс 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы. Мақсаты: Ауданның құрамын, Республика шаруашылығында алатын орнын, дамыған шаруашылық салаларын анықтау. Көрнекілік: Атлас, глобус, Қазақстанның экономикалық картасы т.б. Жоспары. 1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«№24 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Shape1



Тақырыбы: «Қош келдің көктем»









Дайындаған: Абдрахманова М.Д.













2017-2018 оқу жылы



«Қош келдің көктем» тақырыбындағы

КТК ойынының сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Безендірілуі: шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі

Өтетін жері: №124 ЖОМ,АКТ залы

Барысы:

КТК музыкасы ойналады

Жүргізуші:

Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік «Қош келдің көктем» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!

 (КТК музыкасы ойналады)

Жүргізуші:-

 Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                    Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.


Жүргізуші:

Біз реттік нөмірді алдынан анықтау мақсатында жеребе тастап анықтап алған болатынбыз.Күлкі – денсаулық азығы демекші  көңілді тапқырларымызды реттік номерлерімен қошеметпен ортаға шақырайық. 

1. 8 сыныбының «Жастар» квн командасы 2. 10 сыныбының «Құлпынайлы, жұпарлы» квн командасы 3. 7 сыныбының «Нурия апайдың тентектері» квн командасы 4. 6 сыныбының «Азаттық ауылының шпиондары» квн командасы

-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.

Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:


- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Асабаев Нурлыбай Алимбаевич

- Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары Естемирова Гулия Махатовна

- Химия- биология пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Уразбаев Бағдат Малибекович


Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.


-         Бірінші кезең – сәлемдесуі 10 минут

-         Екінші кезең –«5 жаңалық»

-         Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 10 минут

Үй тапсырмасының тақырыптары берілген болатын.Командалар тақырыптар бойынша дайындалып келді.Жоғарғы ұпай «5» ұпай. Ескере кететін бір жәйт уақыттан ұтымды пайдалана алмаған команданың ұпайы шегеріледі, шегерім ұпайы уақытқа қарай белгіленеді.Мс: 2 мин 1 ұпай, 4 мин 2 ұпай т.б.Әділ-қазы алқалары уақытқа мән беріп отырса нұр үстіне нұр болар еді. Ойын шарты түсінікті болса біз бастаймыз.

1) Қазақ хандығы жаңартылған мазмұнда.

2) Кележатқан «8 наурыз» әйелдер мейрамы

Ендеше, бұл әділ де қатал ойында көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!

 ( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)

Жүргізуші:

Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада 8 сынып оқушыларынан құралған «Жастар» құрама командасы

«Жастар» командасының әзілдері ұтымды болды деп ойлаймыз. Көрермендерде өз бағаларын бере отырар.

Осындай көңіл-күйде, әдемі әсермен 10 сыныптың «Құлпынайлы, жұпарлы» командасын шақырамыз.

Сұлу сымбаттарымен, кербез қылықтарын ортаға салып әдемі әзіл иректерін көрсеткен командаға рахмет.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей ұстаздарын үнемі ұран қып жүретін «Нурия апайдың тентектері» құрама командасы 7 сынып

Ия, Нурия апайдың тентектері тентектігімен текті әзілдерін ортаға салып, баршамызға жақсы көңіл-күй сыйлағандай.

Азаттық елді мекенінде жаңа форматтағы шптондар пайда болыпты көріп көмейімізге тұйейік «Азаттық ауылының шпиондары» құрама командасын шақырайық 6сынып

Жүргізуші:-

Мінеки бірінші кезең аяқталды. Енді әділ қазылар ойыншыларға  өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:

  1. 8 сыныбының «________________» квн командасы

  2. 10 сыныбының «_______________»квн командасы

  3. 7 сыныбының «_________________» квн командасы

  4. 6 сыныбының «______________» квн командасы

Жүргізуші:

-Ойынымыздың жібін жалғайтын 5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. 4 команда шығып өздерінінің 5 жаңалығын айтады.Шарты, мағыналылығы, өтімділігі және күлкілі болуы басты назарда болады. Ойын шарты тұсінікті болса бастайық. Іске сәт.

Жүргізуші:

Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.

  1. 8 сыныбының «________________» квн командасы

  2. 10 сыныбының «_______________»квн командасы

  3. 7 сыныбының «_________________» квн командасы 4. 6 сыныбының «______________» квн командасы


Ойынымыздың үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысына 7 минутуақыт беріледі.

1) Қазақ хандығы жаңартылған мазмұнда.

2) Кележатқан «8 наурыз» әйелдер мейрамы

Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.

  1. 6 сыныбының «______________» квн командасы

  2. 7 сыныбының «_________________» квн командасы

  3. 8 сыныбының «________________» квн командасы

  4. 10 сыныбының «_______________»квн командасы

Рахмет.

 Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.

Жүргізуші:

Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                      

 КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)

Жүргізуші:

Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


























































Picture 2

ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
2609
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі