Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шарль де Голль және Франция»

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, оқушылар, мұғалімдер арналады. Оқуларыңыз сұралады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1



1
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән атауы: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Орындаған: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Мамандығы: 5В011400 – «Тарих»
Тақырыбы: «Шарль де Голль және Франция»
Қабылдаған: т.ғ.к., қау. профессор: Жұмабаева Жұмазия Кенжебаевна












Атырау қ.
2018 жыл


Page 2



2
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Голлизм ұғымы
1.1 Шарль де Голльдің балалық шағы.
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция.
Францияның Бесінші Республиканың құрылуы және құлауы.
2.1 Шарль де Голльдің сыртқы саясаты.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер



















Page 3



3
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік соғыстардың соңғысы әлемнің көптеген
елдерінің мүддесіне әсер етті, соның алғашқыларының бірі Франция болды.
Соғыстың аяқталуын ол жеңгендер жағында қарсы алса да, оған жеңілмеу
және күресті жалғастыру көп күш жұмсауды талап етті. Барлық сындардан
өтуге француз халқының ерлігі, батылдығы мен табандылығы және И.
Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчиль сияқты атақты фигуралардың қатарынды
әлемдік тарихқа енген нағыз патриот Шарль де Голльмен елдің билікті
ұйымдастырылған басқарылуы көмектесті.
Зерттеу обьектісі. Францияның 1950 – 1960 жылдардағы саясаты және
Шарль де Голльдің АҚШ – тан тәуелсіз Еуропаның саяси одағын құру
әрекеті кезіндегі саясаты.
Жұмыстың хронологиялық шекаралары ХХ
ғасыраралығын қамтиды, себебі осы ғасырда генерал Шарль де Голльдің
келуіне байланысты Францияның сыртқы саяси бағытының өзгерісі болды.
Жұмыстың мақсаты. Еуропаның саяси бірлестігін құру жөніндегі
Францияның басшысы Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын зерттеу
болып табылды. Мақсат – тұлғаны саяси болмысын жан – жақты тани
отырып, қорытынды идея тұлғаны танудың себептерін ашу. Курс жұмысы
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Курс жұмысы Шарль де Голльдің еуропалық саясатының
басты бағыттарының мәнін ашуға тырысады.











Page 4



4
Голлизм- генерал де Голльдің істеріне және идеяларына негізделген француз
саяси идеологиясы. Голлизмнің эмблемасы- лотарингтік крест. Голлизмнің
негізгі идеясы-Францияның өзге мемлекеттерден Ұлттық тәуелсіздігі.
Сонымен қатар, голлизм әлеуметтік және экономикалық саясатқа
байланысты болады. Голлизм әдетте оң идеология ретінде қабылданады.
Голлизмге әлеуметтік сұрақтарда консерватизм, ал экономикалық
сұрақтарда дирижизм тән. Голлизм идеологиясы Францияда мемлекеттік
саясатта негіз болды. Ең бастысы – бұл 1958 жылғы Конституцияның
қабылдануы. Біз үшін болашақ тарихшылар, бұл кезде қызығушылығын
тудырады. Ешкімнің президенттерінің тұрған, содан кейін билік елде жоқ
қойдық күмән еліміздің негізгі заңы, ұсынылған де Голлем. Осылайша, идея,
адам, бұл жоқ арасында өмір сүретін, оны бастан өткізді, өміріне орнықты
кірген жетекші елдердің бірі Еуропа және үнемі ескертеді. “Голлизм”
дәуірінен кейінгі Франция. Жаңа бастамаларды талап ететін әлемдік
тарихтың жаңа ғасыры ашылды. В. Жискар д’ Эстен елдің саяси өміріндегі
либералдық ағымды көрсетті. Оның идеясы революциясыз, реформа арқылы
алдыңғы қатарлы либералдық қоғам орнату болды. Ең аз еңбекақыны
көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді
және бірнеше басқа да жаңалықтар енгізілді. Президент экономиканы
дамытудың нарықтық механизмін күшейтуді және халықаралық саудада
табысқа жету күресін жақтады. Экономика құрылымын қайта құру міндеттері
осыны талап етті.










Page 5



5

Шарль Андре Жозеф Мари де Голль (фр. Charles André Joseph Marie de
Gaulle), (22 қараша 1890 жыл, Лилль, — 9 қараша 1970 жыл, Коломбэ-ле-Дёз-
Эглиз, Жоғарғы Марна департаменті) — французгенералы, мемлекет
қайраткері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық
қозғалысының көсеміне айналды. Бесінші Республиканың негізін қалаушы
және оның тұңғыш президенті (1959—1969).
Париждегі Жоғары әскери мектепті бітірген. I дүниежүзілік соғысқа (1914-
1918) қатысқан. II дүниежүзілік соғыс басталғанда полковник шенінде 5-
Франция армиясының танк бөлімшелерін басқарды.
1943 жылы маусымда Голль Алжирде қүрылған Франция ұлттық азат ету
комитетінің тең төрағасы болып сайланды. 1944 ж. маусым айында бүл
комитет Франция Республикасының уақытша үкіметі болып қайта қүрылып,
1944 ж. тамыз айында азат етілген Париж қаласына көшіп келді. II
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң Голль Францияда президенттік басқару
үлгісін орнықтыруға күш салды. Бұл жоспары қарсылыққа үшыраған соң
1946 ж. биліктен кетіп, келесі жылы "Франция халқының бірлестігі"
партиясын құрды.
1953 ж. партияны таратып, саясаттан шеттеп кетті. 1958 ж. Алжирдегі әскери
бүліктен кейін Франция үкіметі аса қиын жағдайда қалып, парламенттің
көпшілік болігі Голльді үкіметті басқаруға шақырды. Оның басшылығымен
жаңа Конституция қабылданды (1958). Осы Конституция негізінде өткен
1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда Голль республика президенті болып
сайланды.
1965 ж. жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Ол билік жүргізген кезеңде
парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді.
Голльдің түсында Франция атом қаруын жасап, ядролық державаға айналды.
1969 ж. өткен референдумнан кейін биліктен кетті.


Page 6



6
Шарль Де Голль 1890 жылы, қарашаның
22, Франциядағы Лилль қаласында, католиктердің отбасында туған. Әжесінің
үйінде туған, бірақ отбасы негізінен Париж қаласында тұратын. Әкесі Анри
де ГолльӘдебиет және философия профессоры болған, сондықтан Шарль
кішкентайынан оқуды жақсы көретін. Өз елінің тарихын оқып, елін қатты
сүйген. Үш ағасы және әпкесі болған
Варшавадағыескерткіші

Шарль Де Голльдың, әйелінің және қызының Коломбэ қаласындағы жатқан
жер

Әйелі Ивонна Де Голль







Page 7



7
Тарихта Францияның өркендеген және құлдыраған кездері де болды.
Император Наполеон Бонапарттың кезінде елдің дамығаны соншалық, әскери
күш-қуаты артып, күллі Еуропаны жаулап, қол астына қаратты. Ресейден
ғана тауы шағылып, шегінген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Францияның әлеуеті мүлдем төмен түсіп кетті де, есесіне шығыстағы көршісі
Германия ерекше қарқынмен дами бастады. 1933 жылы үкіметке Адольф
Гитлер бастаған фашизм келіп, ел экономикасының көп бөлігін жаппай
қаруландыруға жұмсады. Фашизм 1940 жылға дейін Англиядан басқа Еуропа
елдерінің көп бөлігін жаулап алды. Сол елдердің бірі Франция да соғыс қару-
жарағының әлсіздігінен Германияға тізе бүкті. Енді Францияға фашизмнен
құтқаратын ерік-жігері күшті, батыл шешімдер қабылдайтын жан керек
болды. Ондай жан Шарль де Голль еді. Франция халқы күні бүгінге дейін
оны Отанды жаудан қорғап қалған «генерал де Голль» деп атайды. Кейіндеу
Францияның президенті қызметіне сайланып, отар елі Алжирдің тәуелсіздігі
жөніндегі күрделі мәселелерді басын қауіпке тіге отырып оң шешкен. Елдің
ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде ұтымды қадамдар жасап,
экономикасын көтерді.
Шарль де Голль жас кезінде Сен-Сиредегі әскери мектепке оқуға түсті.
Мұнда курсанттар күн сайын армиядағыдай қатаң әскери дайындықтан
өтетін. Шарль де Голльдің өзі құралпы балалардан ерекшелігі бойының
ұзындығы мен мұрнының үлкендігінде еді. Таңертең сапқа тұрғанда басқалар
алдыңға жақта тұрған соған қарап бой түзейтін. Құрдастары оның ұзын
бойына қарап «длинной спаржей», үлкен мұрнына қарап «сирано» деп
әзілдеп жүрді. Ол өзгелерден өзін жоғары ұстайтын да. Көпшіл де емес еді.
Сондықтан болар әскери мектепте сырлас достары да өте аз болды. Бірақ
оқытушылары оның кітаптан бас алмайтынын, әрі француз армиясының
құрылымына сын көзбен қарайтынын байқап жүрді.
Де Голль 1912 жылы әскери мектепті бітірген соң, кіші лейтенант шенінде
Францияның солтүстік жағындағы 33-ші жаяу әскер құрамына жіберілген.
Осы жерде ол өзіне үлкен ықпал еткен полковник Филипп Петенмен
танысып, кейін онымен араздасып қалған. Әскери карьерасын кеш бастаған
Петен жуырда ғана полк командиріне тағайындалған еді. Ол бастапқыда жас
лейтенанттың зеректігін байқап, ерекше көңіл бөлді. Әскери талантын
күннен күнге шыңдай түскен Де Голль аз жылдардың ішінде -ақ
жаттығуларда, сондай-ақ әдіс-тәсіл қолдануда бірқатар көрсеткіштер
бойынша ұстазын басып озды. 1914 жылы, бірінші дүниежүзілік соғыс
кезінде, 20 жасар де Голль Шарл Ланрезак басқарған 5-ші армия құрамында


Page 8



8
Динан жанындағы ұрысқа алғаш рет кірісті. Алайда жараланып, госпитальға
емделуге жіберілген. Онда жазылып шыққан соң соғысқа қайта оралады.
Оны барлау бөліміне ауыстырып, маңызды тапсырмаларды орындауға
жұмсаған. Германия әскери базасынан аса маңызды мәліметтер түсіргені
үшін капитан атағы берілді. 1916 жылы Верден маңындағы шайқаста ол тағы
ауыр жараланып, есінен танып жатқан жерінен тұтқынға түседі. Алайда
француздар оны өлдіге санап, отбасына: «Капитан де Голль өз
солдаттарымен қоршауға түсіп қалса да жанкештілікпен соғысты. Ол
баршамызға үлгілі жауынгер болды» деген хабар жіберген.
Де Голль әскери тұтқындар лагерінде бес рет қашуға әрекет жасайды. Бірақ
бесеуінде де сәтсіздікке ұшыраған. Қашып шығуына бойының ұзындығы да
кері әсер етті. Қаша берген соң оны лагерден лагерге ауыстырып отырды. Ең
соңында бавардың Ингольштат қорғанындағы 9-шы қашқындар бөлігіне
жайғастырды. Ол сол лагерде Ресейдің қолға түскен офицері Михайл
Тухачевскиймен танысады. Тухачевский оның жабыраңқы жүзіне қарап:
«Қаймыға берме, біздің болашағымыз алда», - деп үміттендіріп жүрді. Ал ол
болса жуықта соғыстың бітетінін, елге оралатынын айтқан. Де Голль соғыс
аяқталған кезде, 32 айдан соң тұтқыннан босатылған. Бір жылдан соң де
Голль Польшаға әскери кеңесші етіп жіберіледі. Ол сондағы әскери
училищеде сабақ бере жүріп, Советтік Россия әскерімен соғысып жатқан
поляк жауынгерлеріне әскери нұсқаушы ретінде шайқасқа араласқан.
Тағдырдың соқтықпалы соқпағына не дауа. Де Голль Польша жеріндегі
Қызыл Армиямен соғыста Тухачевскиймен бір-біріне жау ретінде қайта
ұшырасқан. Польша үкіметі оның Варшаваны қорғаудағы көмегін жоғары
бағалап, медальмен марапаттады. Ол 1922 жылы Польшадан оралған соң,
тәтті тағам шығарушының қызы Ивонн Вандруды бір көргеннен ұнатып,
көңілді кештерге шақырады. Де Голльдің бір осал жері билей алмайтын. Ол
қызбен оңаша отырып, сөйлесіп жүреді де 1921 жылы 21 сәуірде «Святой
Девы» кафедральды соборда некелерін қияды. Ерлі-зайыптылыр үш баланы
өмірге әкелген. Ол Сен-Сире әскери мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп
жүріп, Париж әскери академиясына оқытушы болып ауысады. Онда байырғы
ұстазы Филипп Петен сабақ беретін. Ол өзінің дәрістерінде оқу орнының
басшыларына жаға бермейтін мәселелерді қозғап жүрді. Сондай-ақ ол
«төңкерісшіл» әскери идеяларды және соғыс әдістері мен айлалары бойынша
әр алуан әскери бөлімдердің бірлесе қимылдауы жөнінде теориялық дәрістер
оқыды. Оның бұл өзімбілемдігі академия басшыларының көңіліне жақпады.
Де Голль өзіне оларды қарсы қоя отырып, алған бетінен қайтқан жоқ. Армия


Page 9



9
басшылығы да оның тым өзімшілдігін жақтырмады. Соның салдарынан ол
тиісті әскери атақтарын да өзгелерден кейін алып жүрді.
1927 жылы де Голль жаяу әскер полкінің командирі болып тағайындалып,
Германияның Рейн облысына жіберіледі. Ол сол кезде-ақ Австрия Германия
басшылығы Польшаға шабуылдайтынын алдын-ала айтқан болатын. Әскери
академияда оқыған дәрістері негізінде ол «Мылтық қанжарының ұшымен»
және «Болашақтың армиясы» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Ол бірінші
кітабында әскери басшының қасиеттерінің қандай болуы керектігін талқыға
салады. Сонымен бірге жаяу әскердің әуе күштері мен танкі шабуылынан
кейінгі әрекеттеріне, қорғаныс қимылдарына да кеңінен тоқталған. Алайда
оның бұл теориялық еңбектерін армия басшылығы қолданысқа ендірмейді.
Оны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясы жүзеге асырды. Де
Голль сонда да өз әскери теориясынан қайтқан жоқ. «Армияның болашағы»
(1934 жыл) атты екінші кітабында алдағы соғыста авиация мен танкі
әскерлерінің шешуші ролін, сондай-ақ солдаттардың кәсіби дайындықтары
жөнінде жазған. Өкінішке қарай, оның бұл идеясы да француз
генералитетінен қолдау таппайды.
1937 жылы де Голльге полковник шені беріледі. Сол жылы ол өзінің
бұрынғы ұстазы, кейін қорғаныс министрі болған Филипп Петенмен ұрсысып
қалған. Оған мына бір жағдай себепші болады. Петен өзінің кітабын
шығармақшы болады да, жазуға шорқақ болған соң да Голльдің көмектесуін
өтінген. Де Голль қарсы болмайды. Кітап дайын болса да Петен оны баспаға
бермей ұстап отырған. Кітапты жазған де Голль екенін жұрт біліп қоюы
мүмкін. Голльдің өз ойынан қосқан соғыс тәсілдерімен мүлдем келісе
алмаған. Арада біршама уақыт өткен соң, де Голль онымен келісе отырып
кітапты «Франция және оның армиясы» деген атпен жарыққа шығарады.
Петен кітаптың алдын-ала келісімнен бөлектеу болып шыққанын көріп,
қатты ашуланып, оны қолдап отырудан бас тартқан. 1939 жылы де Голль 5-
ші танкі армиясы топтарының қолбасшысы болып тағайындалды. Көп
кешікпей де Голль алдын ала айтқандай Германия Польшаға шабуыл жасап,
екінші дүниежүзілік соғыс басталады.
Француз үкіметі соғыстағы танкінің ролін жете бағалаған жоқ. Оған себеп
министр Петен де Голльді жек көргендіктен оның армияны танкімен
жарақтандыру жөніндегі идеясын дер кезінде қолдамады деген пікір бар. Бұл
уақытта француз командованиесі де Голльдің идеясынан бөлекше генерал
Мориса Гамеленнің қорғаныс доктринасын қабылдап қойған болатын.
Германиямен арадағы шекараны күшейту үшін Петен ұзынд ығы 400


Page 10



10
шақырымға созылған «Мажино сызығы» атты қорғаныс шебін құруға бұйрық
берген. Солай «окоп» соғысы теориясына арқа сүйеген Петен герман
қатерінің бетін қайтарудың басқа іс-шараларына аса мән бермеді. Немістер
сол шекара шебіне жақындап келіп қалған еді. Бұл кезде герман армиясы
Польшаны, Данияны және Норвегияны басып алған болатын. 1940 жылдың
мамырында Германия әскері Голландия мен Бельгияға баса көктеп кірді.
Бұған жауап ретінде Франция мен Англия да армияларын Бельгияға
кіргізген. Алайда немістер «Мажино» қорғанысын солтүстік жағындағы
Арденн таулары арқылы айналып өтіп, бірнеше дүркін шабуыл жасап,
француз жеріне баса-көктеп кірді. Немістер негізгі күшті танктеріне салған
және бұл ұтымды шықты да. Олар де Голльдің жаяу әскер, авиация, танкі
бөлімдерінің бірлесе ұрыс қимылы жасау туралы теориясын тамаша
қолданып, үлкен жеңіске жетті. Ал француздарда соғысқа дейін бар жоғы екі-
ақ танкі полкі болды. Олар танкінің ролін кейіндеу түсініп, көптеп шығара
бастағанда уақыттан кеш қалған еді. Сол жылы де Голль 4-ші танкі
дивизиясының командирі болып тағайындалғанда, оның қарамағында небәрі
150 танкі ғана болды. Соның өзінде ол 17-19 мамыр күндері Вильгельман
фон Леебаның танкі тобына оңтүстік жағынан үш рет соққы беріп шегінуге
мәжбүр етті. Бұл француз армиясының сол соғыстағы жалғыз ғана жетістігі
болып саналды. Батырлығы мен тапқырлығы үшін Поля Рено үкіметі де
Голль қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындап, Парижге
шақырды. Ал бұл кезде неміс армиясы кең көлемде шабуыл бастаған еді.
1940 жылы 28 мамырда Белгия жеңілгенін мойындады. Ал 14 маусымда
немістер Парижді басып алды. Петен немістермен келісім жөнінде шартқа
қол қойып, Францияның оңтүстігіндегі шағын қала Вишиде жаңа кабинетін
құрды. Содан бастап француз үкіметі әр ісіне Германияның рұқсатымен
кірісетін болды. Үш күннен соң де Голль британ әскери ұшағымен Англияға
барған. Өйткені оның ұлттық күрескер ретінде Францияда қалуы өміріне
қауіпті еді. Сонда британ премьер-министрі Уинстон Черчилль оны жылы
қабылдап: «Кішкентай ғана ұшақ Францияның үлкен мақтанышын алып
келді» деп әзілдеген екен. Бірақ артынша оның де Голльге қарым-қатынасы
мүлдем өзгеріп шыға келді.
Де Голль әуелі Франция аймағына хабарын тарататын британ радиосынан
эфирге шығаруды талап етті. 18 маусымда оның француз халқына үндеуі
эфирден таралды. Ол «Ерікті Франция» ұйымын құру туралы хабарлады.
Петен кабинеті оны қашқын ретінде сырттай өлім жазасы на кесті.
Француздардың шын патриоттары де Голльдің үндеуіне құлақ асып,
«Сопротивление» қозғалысы ұйымына мүше болып кіріп, барлық бағытта


Page 11



11
күрестерін бастады. Көп кешікпей француздар де Голльді «18 маусым
адамы» деп атап, жаумен соғыста оны ержүрек күрескердің символына
айналдырды. Алайда жоғары командование үшін ол армиядан қашқан және
Отанын қалдырған қашқын ғана болды. Сондықтан үндеуіне құлақ асқан да
жоқ. Ал Петен бірінші дүниежүзілік соғыстың батыры атанды. Черчилль де
оны өз Отанын қорғауға жарамсыз адам деген ойда болған. Оның «Ерікті
Франция» ұйымын француз әскерлері қолдай ма, қолдамай ма - ол жағы да
белгісіз болды. Сонда да оның «Ерікті Франция» Ұйымын басқарудан басқа
жолы жоқ еді. Қарсылықтарға қарамастан де Голль солай істеді де.
1940 жылы тамыз-қыркүйек айларында де Голль Виши үкіметінен
Африкадағы отарлықтың орталығы болған Дакарды тартып алуға кірісті.
Черчилль Германия сол жерден әскери базасын құрып қоя ма деген қауіппен
де Голльге қосылды. Алайда вишиндіктер олардың шабуылдарын қайтарып,
де Голльдің ойын жүзеге асырмай тастады. Де Голль да алған мақсатынан
қайтпай өзінің эмиссарларын Африкадағы отар елдер Чад пен Камерунге
аттандырып, ешқандай қарсылықсыз өзіне қаратып алды. Одақтастар да өз
территориясын ұлғайту үшін Африка отар елдерін бақылап тұратын Виши
басшылығымен де Голль келмей тұрып, келісімге келуді жөн көрген. Осы
мақсатпен АҚШ президенті Рузвельт Петен орынбасары адмирал Дарланд
пен генерал Анри Жироны өз жағына шығарып алды. Рузвельт де Голльдің
өркөкіректігі мен бірбеткейлігін жек көргені соншалық, оны Мадагаскарға
губернатор етіп жіберуді ұсынды. Де Голль АҚШ-тың бұл ұсынысына
қарсылығын білдірді. Алайда уақыт өткен сайын де Голльдің жақтастары
көбейе түсті. Оның радиодан «Мен - Франциямын!» деген сөзінен кейін
мүлдем артты.
1943 жылы француз ұлттық комитеті құрылып, оған де Голль мен Жиро
жетекшілік етті. Бірақ француздар уақыт өте келе Жироның АҚШ-тың
айтқанынан шықпайтынын түсініп, оны қараша айында жетекшіліктен
босатты да, де Голль комитетті жеке өзі басқарды. 1944 жылы 6 маусымда
одақтастар әскерлері (Америка мен Англия) Нормандияға әуе арқылы
түсірілді. 25 тамызда «Ерікті Франция» әскерлерімен бірлесе отырып,
Парижді жаудан босатты. Париж үшін соғыста Гитлер өз генералы Дитрих
фон Шольтицке қаланы қалайда бермеуді тапсырған. Бірақ генералдың
фюрьер бұйрығын орындауға шамасы келмей қалды. Премьер -министр
Петен де немістер жағында болған еді. Сондықтан оған Отанды сатқан жан
ретінде өлім жазасы кесілген болатын. Алайда де Голль оны өмірлік түрмеге
жабумен алмастырды. Жеңістен соң де Голль уақытша үкімет жариялап,


Page 12



12
келесі күні жеңіс парадын өткізді. 1945 жылы де Голль Францияның
премьер-министрі болып сайланды. Ол өзінің алғашқы жұмысын
Францияның халықаралық беделін көтеруден бастады. Алайда үш айдан соң-
ақ ол өз өтінішімен қызметтен кетті.
Шампанида оңаша отырып, «Әскери өмірден естеліктерім» атты кітабын
жазып шықты. Кітап 1954 жылы жарық көрді. Екі жылдан соң қайта
басылды.
1947 жылы де Голль «Француз халықтарының бірлігі» деп аталынған партия
құрып, сол кезде үкімет басында отырған коммунистермен күрес жүргізді.
Қазан айында оның партиясы муниципалдық сайлауда қырық пайыз дауыс
жинап, жеңіске жетті. Алайда оның партиясына Виши үкіметі кезіндегі
адамдар кіріп кеткен еді. Сайлаушылар оларға сенімсіздік білдірумен болды.
Бұл кезде отар елдер өз тәуелсіздіктері үшін күрес жүргізіп жатқан. Отар
елдерді ұстап қалу Франция үшін көп шығынға түсіп, халықаралық беделі де
төмендей берді. Үндіқытай түбегіндегі елдер күреспен өз тәуелсіздігін алды.
Олардан соң Алжир халқы тәуелсіздігі үшін көтерілді. Франция халқы
өздеріне күшті басшы керек екенін сезіне бастады.
1958 жылы 1 маусымда де Голль Францияның Ұлттық жиынына өз шартын
қойды. Егер Ұлттық жиын өз жұмысын төрт айға тоқтатып және билікті
жарты жыл бойына толық Президенттің қолына беретін болса, конституцияға
өзгерістер ендірілсе ғана ел Президенті болуға келісім беретінін жеткізді. Ол
солай көпшілік дауыспен қайта билікке келді. 4 маусым күні қақтығыстан
болған тәртіпсіздікті басу үшін Алжирге барды. Маусым күні үлкен
мінберден сөз сөйлеп, ел халқын қуанышқа бөлентті. Елге оралған соң
конституцияға өзгерістер енгізумен айналысты. Оның өзгерістерін
жалпыхалықтық талқылауда толық қолдады. Де Голль бастаған «Жаңа
республика одағы үшін» партиясы жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетіп,
ел Президенті атанды. Ол алғашқы күннен-ақ Алжир мәселесімен
айналысып, Франция көмегіне арқа сүйей отырып, Алжир үкіметін тек алжир
ұлтынан ғана құруды ұсынды. Оның бұл ұсынысы алжирліктер тарапынан
қолдау тапты. Алайда толық саяси тәуелсіздік үшін алжирліктер күресін
тоқтатпады. 1962 жылы 5 шілдеде Алжир толық тәуелсіздікке де Голльдің
француздар билігі қарсылықтарына мойынұсынбаған табандылығының
арқасында қол жеткізді.


Page 13



13











Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай тарихи үш
кезеңге б өлінеді:
1944—1946 жылдар арасы — Уақытша үкімет тәртібі;
1946—1958 жылдардағы Төртінші Республика кезеңі
1958 жылдан қазірге дейінгі Бесінші Республика кезеңі.
Францияның соғыстан кейінгі жағдайы және уақытша тәртіп. Екінші
дүниежүзілік соғыс Францияның қоғамдық экономикалық жүйесін қатты
өзгертті. 1875 жылдан бастап қалыптасқан Үшінші Республика тәртібі
жойылды. Францияның өндірістік күштерінің 10%-ы қиратылды. Өндіріс
өнімдерін өндіру деңгейі төмендеді. Соғыстың салдарынан Францияның
отаршылдық империясының ыдырауы күшейе түсті. Соғыс кезіндегі
қарсыласу қозғалысы Францияның соғыстан кейінгі са яси-партиялық
жүйесінің қалыптасуына және жаңа конституция сипатына орасан зор әсер
етті. Уақытша үкімет құрамына қарсыласу қозғалысына қатысқан негізгі
саяси партияларға Франция Коммунистік партиясы, Социалистік партия,
Халықтық-республикалық қозғалыс партиясы, Республикалық азаттық
партиясы өкілдері кірді. Уақытша үкіметті 1944 жылдың 30 тамызынан
бастап “Азат Франция” қозғалысының жетекшісі генерал Шарль де Голль
басқарды. Бұл жылдары маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалар
жүргізілді: өнеркәсіптің кейбір салалары, көлік, газ және электрмен
қамтамасыз ету орындары, шах- талар және т.б. мемлекет меншігіне алынды,


Page 14



14
сақтандыру, әлеуметтік қауіпсіздендіру, еңбек заңдылықтары, ақылы
демалыс енгізілді. Құрылтай жиналысы жаңа конститу- ция қабылдады.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы қайта жанданды. Жалпы еңбек
конфедерациясы, ең ірі кәсіподақ ұйым- дарының басында болды. Көмір
кеніштері, атақты “Рено” автомобиль зауыты және басқа да ірі өндіріс
орындары мемлекет меншігіне өтті. Францияның ішкі саяси өмірінде
мемлекеттік құрылыс ең өзекті мәселе ретінде қаралды. Құрылтай жиналысы
құрамындағы қайшылықтардың одан әрі шиеленісе түсуі 1946 жылдың 20
қаңтарында де Голльдің қызметтен кетуіне себепкер болды. Үкімет басына
социалист Ф. Гуэн, ал 1946 жылдың маусымын- да Халықтық-республикалық
қозғалыстың жетекшісі Ж. Бидо тағайындалды. 1946 жылдың қазан айында
бол- ған референдумда жаңа Конституция бекітілді.
Төртінші Республика (1946—1958 жж.). Экономикалық өрлеу. Жаңа
Конституция негізінде Франция Пар ламенттік республика болып
жарияланды. Мемлекеттік билік, негізінен, Парламентке тиесілі болып, ол
Ұлттық жиналыс және Сенат палаталарынан тұрды. Мемлекет басшысы —
Президент екі палатаның бірлескен отырысында 7 жылдық мерзімге
сайланатын болды. 1946 жылғы қарашада Л. Блюм бастаған социалистер
бірпартиялы кабинет құрды. 1947 жылдың мамыр айында үкімет үш партия
өкілдерінен құралды. Осы кезден бастап Төртінші Республика тәртібі
құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың коалициясы негізінде
құрылды. Төртінші Республика тұсында 15 кабинет ауысты. Дүниежүзіндегі
қалыптасқан жағдай, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру қажеттілігі
капитал қорының көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің
өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Фран- ция өнеркәсібінің
көлемі соғысқа дейінгі деңгейінен асты. Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден
1950 жылы өтті. 1948 жылдың жазында Франция “Маршалл жоспарына”
қосылып, АҚШ-пен бірқатар экономикалық, саяси және әскери келісімдер
жасалды. Франция НАТО -ның құрамына кірді, Батыс Германияны
қарусыздандыру жоспарын қолдады, АҚШ-тың әскери базаларына өз
аумағын берді. 1950 жылдары әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы
қозғалыстары нәтижесінде ұжымдық келісім туралы заң қабылданды,
еңбекақы көбейтілді, кепілденген еңбекақы минимумы енгізілді. 1951 жылғы
сәуірде алты мемлекет (Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург,
ГФР) Көмір мен болаттың еуропалық бірлестігін құру шартына келісті.
Франция өзінің отарлық империясын сақтап қалуға тырысты. Вьетнамдағы
соғыста жеңіліс тапқан француз отаршылдары 1954 жылы Алжир халқына
қарсы соғыс бастады. 1956 жылы социалистердің жетекшісі Ги Молле


Page 15



15
үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік беруге мәжбүр болды. Ол Суэц
соғысында жеңіліс тапты. Француз армиясы Алжирдегі ұлт-азаттық
қозғалысты баса алмады. 1958 жылы мамырда Алжи рде реакцияшыл
офицерлер бүлігі бұрқ ете түсті. Бүлікшілер Францияда күшті өкімет
орнатуды талап етті. Үрейленген қаржы олигархиялық топтары таптық
мүддені қорғау үшін генерал Шарль де Голльге назар аударды. Олар
атқарушы билігі бар жаңа саяси тәртіп орнату соның ғана қолынан келеді деп
есептеді. 1958 жылы маусымда Ұлттық мәжіліс де Голльді үкімет басшысы
етіп бекітті. Оның төтенше өкілеттер мен жаңа Конституция жасауына
келісім берілді. Бұл оқиғалар Франциядағы Төртінші Республика дәуірін
аяқтады. Бесінші Республика және Шарль де Голльдің (1958— 1969 жж.)
жеке билік тәртібі. Аса кең өкілеттік алған де Голль барлық күшті атқарушы
өкіметті нығайтуға шоғырландырды. 1958 жылы конституция президенттің
құқығын кеңейтті. Жаңа Конституция бойынша Бесінші Республиканың
басын құраған де Голль өте кең өкілетке ие болды: ол елбасы, қарулы
күштердің қолбасшысы болды, премьер- министрді және басқа да жоғарғы
қызмет адамдарын тағайындады, ұлттық жиналысты мерзімінен бұрын
таратуға, ал төтенше жағдайда елдегі өкімет билігін бүтін- дей өз қолына
алатын болды. Президент сайлау тәртібіне өзгерістер енгізді. Енді президент
жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланды. Референдум арқылы бірқатар
маңызды мәселелерді жалпыхалықтық дауыспен шешті. 1960 жылы
Францияның 14 отарына тәуелсіздік берілді. 1962 жылы Эвиан қаласында
Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылды. Сыртқы саясаттағы
маңызды шаралар Францияның НАТО әскери ұйымынан шығуы, мемлекет
аумағын аме- рикалық базалардан тазарту болды. Де Голль Вьетнамдағы
АҚШ-тың озбырлығын айыпта- ды. КСРО-мен қатынастың жақсаруы Шығыс
пен Батыс арасындағы шиеленістерді бәсеңдету туралы маңызды Декларация
қабылдаудан көрініс тапты. Сонымен қатар Франция өзінің ядролық-
зымырандық бригадасын құрды. Жаңғырту ісі жекеменшік кәсіпкерлер
алдына ұшақ құрылысын, атом энергетикасын, ғарыштық техноло- гияны
және зымыран құрылысын мемлекеттік өндіріспен бірге ауқымды жаңарту
міндеттерін қойды. Жылдам ұшатын “Конкорд” аэробусын, “Ариан” зы-
мыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті, сондай-ақ АҚШ пен Жапония
деңгейінде ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникалары,
байланыс құралдары өндірісін дамытты. Ауыл шаруашылығында да маңызды
өзгерістер бол- ды. Францияда бұрынғы аз жерлі шаруашылықтардан
тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер қозғалысы күшейді,
мемлекет тарапынан ауыл шаруа- шылығына біршама көмек көрсетілді.
“Қызыл мамыр” (1968 ж.) дағдарысы және де Голльдің қызметтен кетуі. Де


Page 16



16
Голль режімінің едәуір жетістіктеріне қарамастан 1960 жылдарда
Францияның ішкі жағдайы түзеле қоймады. 1967 жылы парламент
сайлауында сол- шыл топтағылардың іс-әрекеті оңға баса бастады. Олар
“гошистер” (франц. gauchisme — солшыл) деген атқа ие болды.
Экономиканы жаңғырту және оның айтарлықтай жедел дамуы, өзінің теріс
салдарын да байқатты. 1968 жылдың мамыр—маусым айларында елдегі
саяси дағдарыс қар- сыласушы топтардың қақтығысына әкелді. Оқиғаның
басталуына жоғары білім жүйесін демократияландыру идеясын көтерген
студенттер қозғалысы себеп болды. Олар елдің қоғамдық құрылысында
түбірлі өзгерістер жүргізуді талап етті. 3 мамырда ереуілге шыққан сту-
денттер Сорбонн университеті ғимаратын басып алды. Полиция студенттерді
аяусыз ұрып-соқты. Жүздеген мың париждіктер де Голль тәртібіне қарсы
шерулерге қатысты. 10 млн жұмысшы өздерінің талаптарын көтеріп ереуілге
шықты. Бұл де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Франциядағы
оқиғалар халықаралық қолдауға ие болды. Көптеген еуропалық елдерде және
АҚШ-та студенттердің ереуілдері болып өтті. 1969 жылдың 27 сәуірінде де
Голль- дің ұсынысы бойынша Францияны жаңа аймақтық бөлу туралы және
сенат реформасына сәйкес заңдастырылған референдум өткізілді.
Референдумның нәтижесі де Голльдің үмітін ақтай ал- мады. Халықтың
52,4%-ы оған қарсы шықты. 1969 жылы сәуірде генерал де Голль
президенттік қызметтен кетуге мәжбүр болды.


1944 жылдың жазында фашистік басқыншылардан азат ету барысында
Франциядағы билік генерал де Голль баскарған Уақытша үкіметке көшкені
айқын. Франциядағы Уақытша тәртіп 1946 жылы Төртінші республиканың
конституциясы кабылданғанға дейін өмір сүргені белгілі. Уакытша үкіметтің
сыртқы саясатында жеңілген Германия мәселесі маңызды орын алды.
Уакытша үкімет Саар мен Рейн өзенінің сол жақ жағалауын, Францияға
қосуға ұмтылып, Рурды «интернационализациялауды», Францияның
пайдасына төлем төлетуді талап етті. Бұл да өз кезегінде сәті түскен пайданы
қалайда жібермеуге тырысқан, соның нәтижесінде тарихтың жаңа
бұрылысында неміс ұлтына тағы бір рет кыр көрсетіп қалу іспеттес.
Гитлерлік басқыншылық нәтижесінде өзінің мемлекеттік нышанынан
айырылып қала жаздаған Франция, ендігі жерде ішкі саяси жүйені нығайтуға
тырысады. Сол арқылы ғана ол сыртқы қарсыластарына ыкпал ету күшіне ие
болатыны белгілі еді. Сол ретте Францияның ішкі саяси өміріндегі ірі
оқиғаның бірі — Құрылтай жиналысына сайлау және жаңа конституция
кабылдау болды. Құрылтай жиналысына сайлау және оның өкілеттігі


Page 17



17
жөніндегі референдум 1945 жылдың 21 қазанында өткен болатын. Сайлау
нәтижесінде генерал де Голльдің төрағалығымен коалициялық үкімет
қалыптасады. Бұл үкімет құрамында коммунистер, социалистер және
халықтық республикалық қозғалыстармен қатар ешқандай партия да жоқ
голлистер болды. Тек Құрылтай жиналысы жағынан бақылаумен келісе
алмаған генерал де Голль 1946 жылдың 20 каңтарында өз қызметінен
кететінін мәлімдейді. Министрлер Кеңесінің төрағасы болып социалист
Ф.Гуэн сайланады.
1946 жылдың 13 казанындағы референдумда 52,3 пайыз сайлаушылар
дауысымен конституцияның жаңа жобасы бекітіледі. Жаңа конституция
бойынша Франция демократиялық, зайырлы және әлеуметтік Республика
болып жарияланды.
1946 жылдың қараша айында Ұлттык жиналысқа алғаш рет сайлау өткізілді.
Үкімет басына социалистер көсемі Блюм сайланды. Тек социалистерден ғана
тұрған бұл үкімет бір ай ғана өмір сүрді. 1947 жылдың қаңтарында социалист
П.Рамадье баскарған үш партиялы коалициялык үкімет келеді. Жаңа
конституцияның күшіне енуіне және Ұлттык жиналысқа сайлау өтуіне
байланысты Францияда Уакытша тәртіп токтатылады. Ендігі жерде, 1946
жылдан 1958 жылға дейін созылған Төртінші республика кезеңі басталады.
Республика ішіндегі саяси өмір де өзгерістерге түсіп жатты. 1947 жылғы
сәуірде генерал де Голль бастаған оның әріптестері жаңа саяси партия —
«Француз халкының бірлестігін» (ФХБ) құрады. Олардың негізгі талабы 1946
жылғы конституцияны өзгертіп, елде партияға тәуелсіз «күшті президенттік
билікті» орнату еді. Ал ФХБ-ның сырткы саясаттағы көздеген мақсаты
«батыс еуропалық елдерді КСРО-ға төтеп бере алатындай экономикалық
және саяси топқа біріктіре отырып, сонымен бірге Батыс Еуропаның АҚШ
алдында тәуелді болмауын қалады. Осы мақсатта ФХБ үкіметтегі билікке
ұмтылу жолындағы іс-әрекеттерін бастайды. Сондай-ақ он топтағы баска да
партиялар өздерінің іс қимылдарын жандандыра түсті.
1947 жылы 5 мамырда Рамадье коммунистердің үкімет құрамынан шығаруы
жөнінде декрет кабылдайды. Көпшілік дауыспен Ұлттық жиналыс бұл
шешімді бекітеді. Сөйтіп, үш партиялы коалициялық үкімет тарайды.
Ал Төртінші республиканың ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайына
келетін болсак, 1948 жылы өнеркәсіп өнімі тек соғысқа дейінгі деңгейге
жетсе, ауылшаруашылык саласы бұл деңгейге 1950 жылдары ғана жетті. 50-
жылдардың басында экономикалық қарқын бірқалыпты болмаса да
әлдекайда тез қарқынмен дами бастады. Соғыс зардаптарының біртіндеп
жойылуы, ғылымитехникалық дамудың ілгерілей түсуі, ірі мемлекеттік
капитал қорлары, сұраныстар мен несиелер экономиканың дамуына жағдай


Page 18



18
туғызды. Экономиканың даму екпініне байланысты Франция АҚШ пен
Ұлыбританиядан алда болғанымен, Италия мен Батыс Германиядан артта
қалған еді.
1947 жылы Франция Англиямен өзара көмек жөнінде Дюнкер келісім
шартына кол қояды, ал 1948 жылы Батыс одаққа мүше болды. Сол кездегі
«кырғи-кабақ соғысының» ықпалы Францияның сыртқы саясатына да елеулі
өзгерістер әкелді. Ендігі жерде Франция мен Федеративтік Германия
арасындағы катынас жаңа арнаға түскендей болды. Соғыстан кейінгі
Германиядан алуға үмтылған репарациялык талабын да өзгертіп, Батыс
Германияның Маршалл жоспарына катысуына өз келісімін бергені белгілі.
Осының нәтижесінде Германия Федеративтік Республикасының қүрылуына
колайлы жағдай туғызылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында гитлерлік басқыншылықтың
салдары Франция мемлекетіне үлкен зиян келтіргені белгілі. Франция
мемлекетінің Жоспар жөніндегі Бас комиссариатының қүжаттарына
жүгінетін болсақ, 1954 жылға шаққанда жалпы ұлттық өнімге соғыстың
тигізген зияны біржарым еседен артық (15390 млрд фр.). Өндіріс пен саудаға
тигізген кеселі 135 млрд фр. бағаланса, ауылшаруашылығына — 68 млрд фр.,
байланыс пен жол көлігі саласына — 130 млрд фр. Францияның өнеркәсіп
өндірісі кеп мөлшерде қысқарған. Өнеркәсіп өндірісінің ортаайлық индексі
(қүрылыссыз) (1938 ж. — 100-деп салыстырғанда) 1942 жылы — 55, 1943
жылы — 51, ал 1945 жылы — 42-ні құрады. Франция бүған дейін ірі өсім
алушы болса, ендігі жерде екінші дүниежүзілік соғыстың нэтижесінде ол
өзінің барлық қарыздарын беретін шетелдік мемлекеттерін жоғалтады.
Сондай-ақ алтын қорының үштен екісін, яғни ол 1937 жылы 2749 млн
доллармен бағаланса, 1946 жылы 867 млн долларға ғана жетті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Францияның осы
экономикалық деңгейі сайып келгенде оның халықаралык қатынастағы
жағдайына тікелей өз әсерін тигізіп жатты. Елдің ішкі жағдайының күрт
төмен түсіп кетуі, оның халықаралық аренадағы беделінің төмендеуіне
әкелгені белгілі. Ал қырқыншы жылдардың аяғына таяу уакыттағы
Францияның экономикалык деңгейіне көз жіберетін болсак, Франция үкіметі
«Маршалл жоспары» бойынша 1949-1952 жылдары АҚШ-тан 3152 млн
доллар көлемінде қаржылай көмекке ие болған еді.
Париждегі англоамерикандық ассоциациясының баспасөз мэжілісінде 1947
жылы Ш. де Голль «еуропалык бірліктің» қажеттілігі, «осы көне Еуропаны
нығайту», және «бұл істі халықтар конфедерациясы жолымен табысты
аяғына дейін жеткізу» керектігін айтады.


Page 19



19
Еуропаны «біріктіру» қозғалысы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдары тез карқынмен дамыды. Француз-батысгерман одағы жөніндегі ой
тек қане француздар жағынан ғана шықкан жоқ, бүл одақ туралы 1950
жылдың қаңтарында Батыс Германияның канцлері К.Аденауэр де үсыныс
жасаған болатын. Бұл таңғаларлық жәй емес. Өйткені сол сәттегі
халықаралық қатынаста қалыптасқан жағдайға орай Германияға Франциясыз,
тіпті Францияның ырқына қарсы Батыс Еуропада қандай да интеграцияға
түсу мүмкін емес еді. Сонымен бірге интеграция көлемі тарыла түскен
сайын, үйымдастыру күрылымында ұлттық мүддеден тыс сипатты кеңеюі,
ГФР-дің үлес салмағының ауқымдана түсуіне экелсе, соғырлым ол басқа
әріптестерінікіндей құқықтық тепе-теңдікке жетуге үміттене алады.
1950 жылғы 9 мамырдағы «Шуман жоспарының» жариялануы мен іске аса
бастауы «еуропалык» қозғалыстың дамуындағы аса маңызды бетбүрыс
болды. Батысеуропалық интеграциясының бастамасын жариялаған Робер
Шуманның декларациясында былай деп мэлімделінген: «Біріккен Еуропаны
бірден кабылдау аркылы немесе жай ғана қосылу арқылы кұруға болмайды;
оны нақтылы жетістіктер арқылы, қорытындылай келе ең алдымен нағыз
ынтымактастыкка жету барысында құру қажет.
Көмір және болат бірлестігін кұру — еуропалық федерацияның алғашкы
кезеңінің экономикалық дамуының жалпы негіздерін қалыптастыруды
тікелей қамтамасыз етеді.»
Қалай дегенмен де бұл жақындасу француз-герман арасындағы ғасырлар
бойғы араздықты жою жолындағы алғашқы қадамдардың бірі еді. Осы
француз-герман қатынасына елеулі эсерін тигізген «Шуман жоспарына»
қарсы шыққан деголльдіктер өз жоспарларын ұсынған болатын Ол
жоспардың басты түйіні: еуропалық саяси конфедерация күру .
Деголлдіктердің бұл ұстаған саяси бағытының өзіндік мақсаты болды, ол ең
алдымен парламенттік жүйеге қарсылык, сол ретте күшті үкіметтік билік
кұруға ұмтылыс еді. Бірақ сол кездегі Францияның ішкі жағдайына
байланысты бұл жоспар жүзеге аспады. 1951 жылғы 13 желтоқсандағы
Ұлттык жиналыста дауысқа түскен «Шуман жоспары» жөніндегі
келісімшартты бекіту барысында 233 дауысқа карсы 377 дауыс құптады.
Еуропалық көмір және болат бірлестігі жөніндегі бұл келісімшарт катысушы
елдердің барлық заңдык үкіметтерінде бекітілгеннен кейін, келесі 1952
жылғы 25 шілдеде күшіне енеді. Осы келісімшарт негізіндегі Жоғарғы Ұйым
өз жүмысын 1952 жылдың 10 тамызынан бастаса, осы жылдың 10
қыркүйегінде ЕКББ Ассамблеясының бірінші отырысы өтеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда еуропалык кұрылықтағы
мемлекетаралық, әсіресе Франция мен Батыс Германия мемлекеттерінің
катысуымен жасалынған интеграциялық жобалар тек «Шуман жоспары»


Page 20



20
төңірегінде қана шектеліп қалған жок. Тарихи дамуға сай мемлекетаралық
үйлесуге үмтылған мемлекеттер ішінде басқа да жеке жоспарлар болып
жатты, олардың ішіндегі маңыздыларының бірі Еуропалык қорғаныс
коғамдас-тығын (ЕҚҚ) құру жобасы. 1950 жылдың тамызында Еуропалык
кеңестің Консультативтік ассамблеясында француз өкілі Э.Бонфу ұлттық
мүддеден жоғары тұратын Еуропалық көлік ұйымын («Бонфу жоспары»)
құруды ұсынады. Осыған байланысты кұрылған арнайы комиссия 1951 жылы
осы үйымды кұру жөнінде конвенция жобасын талқылайды. Тек бүл жоба әрі
қарай өз жалғасын таппады. Әрине әрқилы экономикалык, саяси, ұлттық
жэне элеуметтік даму сатысындағы еуропалық мемлекеттердің де
барлығының мүдделерінің бір арнадан шығуы мүмкін де емес еді. Соған
карамастан олар осындай тосқауылдар алдында тоқтап қалмай, элі де жаңа
бағыттарды іздестіруден жалықпады.
Францияның сыртқы саясатына арналған еңбектерге қарағанда, «Плевен
жоспары» алғаш рет 1950 жылдың қыркүйек айында өткен НАТО Кеңесінің
Нью-Йорктік сессиясында француз үкіметі жағынан ұсынылып, Францияның
Ұлттық Жиналысы алдында Францияның премьер-министрі Р.Плевен 1950
жылы 24 қазанда жариялайды. Яғни, ол кұрамында әр ұлттан жиналған
бірнеше құрамалары бар, үйлескен үлкен әскери бөлімнен тұратын
«еуропалық әскер» құру жоспары. Әскер толығымен «бірыңғай еуропалық
әскери және саяси басшылыкка» қарауға тиіс болды. «Плевен жоспары»
алғашында АҚШ жағынан қарсылыққа тап болды. ГФР-дің ойынша, «Плевен
жоспары» оларды басқа да эріптестерімен тең жағдайда карастырды.
«Еуропалық әскер» және Еуропалық корғаныс қоғамдастығын кұру мәселесі
сол 1950 жылдың қыркүйегінен бастап қоғамдастыкқа мүдделі
мемлекеттердің ішкі тартысында қандай дәрежеде болса, сыртқы
халықаралық аренада да сондай тартыс мәселесіне айналған еді. Басты
мәселе Германия Федеративтік Республикасы қандай деңгейде қаруланып,
қандай әскери бөлімше ұстайды деген сияқты әңгіме төңірегінде талас
тудырып жатты. Осыған байланысты француздық үкімет барлық НАТО-ға
мүше мемлекеттер мен ГФР-ге Еуропалық қорғаныс қоғамдастығын құру
мәселесі жөніндегі Париж конференциясына қатысуға өтініш жасаған
болатын.





Page 21



21
Қорытынды
Қорытындылай келе, француз қолбасшысы, Бесінші Республиканың негізін
қалаушы Шарль де Голльдің өмірбаяны мен саясат баспалдағындағы әр
қадамдарын зерттеуден айрықша әсер, мол үлгі алдым.
Мен ойлаймын Шарль де Голльді әлем жұртшылығы үлгі тұтуына себеп:
1. Мемлекетінің тәуелсіздігі жолында аяғына дейін күресіп, батылдық,
қайраттылық, ақыл іс – қимылымын үлгі болды;
2. Отбасындағы мықты тәртіптің берік болуы;
3. Африкадағы бодау мемлекеттеріне тәуелсіздік алып беруі;
4. Экономика саласында дарындылығы әлем халқына үлгі болуымен
қатар, бүгінгі ЕО құрылуына негізгі себепкер болған;
5. Ғарыш саласы мен білім саласына қосқан үлесі;

ХХ ғасырдағы Францияның ең ұлы мемлекеттік және қоғам қайраткері 1970
жылдың 9 қарашада 79 жасында қайтыс болды. Жақсының аты өлмейді
дегендей, көптеген игі қасиеттерімен тарих сахнасында өз орнын қалдырған
аңыз тұлға.












Page 22



22
Пайдаланылған әдебиеттер
I. Ғылыми әдебиеттер:
1. Боден Ж. Франциядағы Ұлттық жиналыс. М.: «Техникалық
ынтымақтастық француз ұйымы», 1993.-55 б.
2. Француз құқықтарының жалпы сипаттамасы. М .: Француз
техникалық ынтымақтастық ұйымы », 1994.-59 б.
II. Ғылыми мақалалар:
1. Дубинин Ю.В. Шарль де Голль туралы. // 2001 жылғы жаңа және
жаңа тарихы. 1-бөлім
2. Смирнов В.П. Де Голль и Жиро// Жаңа заманғы тарих, 1982, 1-
бөлім, 2 б.
III. Оқу әдебиеті:
1. Арзаканян М.Ц. Де Голль және голлисттер билік жолында. М:
Высш. Шк. 1990. - 240 б.
2. Малчанов Н.Н. Генерал де Голль. М.: Меж. отн-я, 1988– 480 б.
3. Қапышев А.К., Шайхыгалиев Е.А. Дүние жүзі тарихы : оқу
құралы. 3-том : Қазіргі заман тарихы, Алматы: Бастау , 2017
IV. Франция. Анықтамалық басылым. М .: ЖАҚ «Интердиалект +»,
199.-271с.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.01.2020
1187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі