"С"әрпі мен дыбысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"С"әрпі мен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға "С"дыбысы мен әрпін таныстыру. Балалардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып оқуға деген ынтасын, қызығушылығы арттыру.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге баулу. Сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу болып табылады. Балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы:"С"әрпі мен дыбысы
Мақсаты: Балаларға "С"дыбысы мен әрпін таныстыру. Балалардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып оқуға деген ынтасын, қызығушылығы арттыру.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге баулу. Сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Кубизм,дирижер,бағдаршам әдістері,көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, жазу.
Көрнекілігі: слайд,"с"дыбысы бар суреттер,кубик,карточкалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан.,

Бірлік асыл мұрамыз!

Picture 1

Топтастыру әдісі арқылы балаларды топқа бөлу.(Табақта қызыл ,көк қазақ үйлер мен әріптер)

1топ-Дауысты дыбыстар

2 топ-Дауыссыз дыбыстар

3 топ-Әріптер тобы

Өткен сабақты қайталау.Дауысты,дауыссыз дыбыс.Сауат ашу әлеміне саяхатқа шығайық.Сауат ашу сабағында не үйренеміз?

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

Дыбыстарды не істейміз?

Әріптерді ше?Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар ше?

1. Кубизм әдісі .

Балалар шеңберге тұрады,кубикті лақтыру арқылы өткен әріптерді атап,сол әріптен басталатын сөз айтады.

"Дәл тауып айт" дидактикалық ойыны

Қыздар құлағына тағады — Сырға.
Қыздар қолына тағады — Сақина.
Уақытты көрсетеді — Сағат.
Сиырдан не алынады?Түсі ақ — Сүт.
Сызуға арналған құрал — Сызғыш.
Мектепте не оқимыз? — Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз ?— Сөмке.

Кірді немен жуамыз ?– Сабын

-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, С с дыбысынан басталып тұр. . Олай болса біз бүгін С с дыбысымен, әрпімен танысамыз.

-Міне, «с» дыбысының әріп таңбасы. Неге ұқсайды?

-Айға, ораққа ұқсайды.

-Кәне, бірге «с» деп айтайық. «С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.


Тілді жаттықтыру

Са – са –ұстап алдым маса

Се – се – сынды неше кесе

Ес – ес – пышақпен нан кес.

2.Дирижер әдісі

Слайдта "С " дыбысы бар суреттер көрсетіледі

1-топ "С" дыбысы басында бар суреттерді атайды

2-топ "С" дыбысы ортасында бар суреттерді ақырындап айтады

3-топ "С" дыбысы аяғында бар суреттерді билеп тұрып айтады.


Сергіту жаттығуы. 

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табамыз


3.Бағдаршам әдісі "Ғажайып сандық" ойыны

Шарты: Балалар сандықтың ішінен асықты алады.

Жасыл асық алғандар -жұмбақ,

қызыл асық алғандар- тақпақ,

сары асық алғандар- мақал айтады.


Жұмбақ жасыру.

Көрінбейді басы.

Көрінеді шашы.

Көріп қойса қоян,

Тап береді оған. (Сәбіз)

Сәбіз сөзі қандай дыбыстан басталады?


Топпен жұмыс

Сәбіз сөзі

1-топ сәбіз туралы тақпақ,

2-топ сәбіздің пайдасы жайлы айтады.

3-топ сәбіздің суретін құрастырып,жапсыру.



Дәптермен жұмыс. Сс әрпін ауада жазу, дәптерге жазу.

Қорытындылау.

4.Бағдаршам әдісі арқылы бағалау (алма)



Тәрбиеші :Мынбаева Руза Саяковна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі