«Шалкөде орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
кмм
Исабаева Шолпан
Нурилденқызы, 11 б сынып жетекшісі .
2017 - 2018 оқу
жылы
Тақырыбы: Сарқылмас мәңгі жыр
кені
Мақсаты: М.Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегінде
ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру;
оқушылардың поэзияны сүюге, ақын жырларын,
әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге
тәрбиелеу;
мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын
дамыту.
Көрнекіліктері: өмірі мен творчествосына арналған
слайд-шоу,
шарлар, оқушылардың ақынның шығармалары
желісіне
салған суреттері, кітаптарынан
көрме.
Әдісі: үлгі тұту
Барысы: Кіріспе
Мұғалім сөзі: Қазақтың ақиық ақыны, жерлесіміз Мұқағали
Мақатаевтың туғанына биыл 87 жыл толып отыр. Өлең деп кіріп, өлең
деп оянған Мұқағали ақын жыр сүйер ұрпақтың пір тұтары. Ол
қайталанбас тау тұлға, арынды ақын. Оның творчествосын, өмірін бір
45 минутта сыйғызып айту мүмкін емес. Бүгін 11 б сыныбы
ұйымдастырған «Сарқылмас мәңгі жыр кені» атты ашық тәрбие
сағатымызға хош келдіңіздер!
Аида: Бір
күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақ халқының ұлы ақыны
М.Мақатаев бізге ұлан-ғайыр өшпес мұра қалдырып
кетті.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Жыр жазсам- оған жұртым
елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның
өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Жания : Бүгінде бар жақсылықты болашақтан күткен ақынның
назы, ой арманы орындалып, қауым емес, халық болып, туған күнін
тойлап жатыр емес пе?
Мұқағали қайыңға сүйеніп
«Жапырақ жүрек жас қайың»
өлеңін теңселіп оқып тұрады. Бір адам өтіп бара
жатып « 02» телефонына звондайды:
-
Алло! Милиция ма? Жынданған
адам ба, мас па біреу тұр, алып кетіңіздер, Пастера мен Пушкин
көшелерінің қиылысында.
Милиция келіп алып кетеді.
Милиция бөлімшесінде сұрақта «Менің
анкетам» өлеңімен жауап
береді.
Милиция - Тұрар. Мұқағали
ролінде - Бағжан.
Ән «Сәби болғым
келеді»
Аида: Адам өмірінің бақыты – балалық
шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл
ғұмырына ақау түскені!.. Оған кінәлі Ұлы Отан
соғысы...
«41 ақпан»
Шынар
Ән «Бесік басындағы жыр»
Рысалды
Аян: Соғыс жылдары дүниеге келген
және сол жылдары балалықтың не екенін білмей өткен, жастай еңбекке
араласқандары жайлы жазады. Талай жас жігіттер мен жастай жесір
қалған келіншектер үшін бұл ұмытылмас қасірет. Жолдасы соғыстан
қайтпай қалып басқа біреуге тұрмысқа шығып кеткен жеңгесін көрген
Мұқағали «Қайран жеңгем» өлеңін шығарған екен. Мұқаң қағаз бетіне
әсірелемей қандай дәлдікпен жазған. Байқап отырып өлеңнің құдіретін
түсінесің.
Бүгін алғашқы рет осы әнді
Нұрбақыт ағаның орындауында тыңдайық.
«Қайран жеңгем» әнін
тыңдату.
Мұқағали: -Шеше, мен түс
көрдім.
-
Мұқаш-ау, ол қандай
түс?
-
Сіздің басыңызда ақ жаулығыңыз
бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатырсыз.
Оянып кеттім. Анам бақытты болады, ұзақ жасайды екен деп жорыдым.
Дұрыс па?
-
Жақсы, айналайын, дұрыс
жорығасың. Мен бақыттымын ғой.
«Шеше, сен бақыттысың»
Аян
Ән «Сөнбейді, әже, шырағың»
Жания.
Бойжеткен қыз: - Кешке жастар
жиналғалы жатыр екен.
Келесің
бе?
Лашын: Келсек келейік. Үй
ішінде көп жастар отырады. Мұқағалиды ортаға алып «Бір бала» әнін
айтып отырады.
Мұқағали: Қыздар , жігіттер!
Жүріңдер далаға шығып «Ақсүйек» ойнайық.
Бәрі қосылып: Жүріңдер!
Ойнасақ, ойнайық!
-
Қарындас, танысып қоялық,
сіздің атыңыз кім?
-
Лашын.
-
Әдебиетті сүйесіз
бе?
-
Ия. Мен мектепте қазақ тілінен
сабақ беремін.
«Күрсінбеші»
Бағжан.
Балаларына арналған
өлеңдерінен попури Айдар.
Алтын қордан Мұқағалидың өз
дауысынан өлең қою.
Жания: Мұқағали бозбала
кезінде жыр жорғасына мініп Шалкөдені сан аралады. Сезімнің
ой-қырын армансыз шарлап, түйсінгендерінің бәрін ақ қағазға
түсірді. Бұл жолдар қазақ поэзиясының алтын қорында қалатынын әрине
аңғарған жоқ.
«Атамекен» поэмасынан
үзінді. Қызғалдақ
«Туған жерге»
Баян.
Би «Алматым, ғашық әнімсің»
қыздар тобы.
Нұрғиса мен
Мұқағали
Үйінде Мұқағали өлең жазып
отырады. Есік қоңырауы соғылады. Нұрғиса кіреді.
Амандасады.
-
Мұқаш батыр! Мен сенің
өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана
танығандаймын. Әр сөзің халыққа жақын, әрі ұғыныңқы, қарапайым.
Ендеше, неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге
айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың?
-
Мен бұрын-соңды әннің сөзін
жазған ақын емес едім, аға. Осының өзі қалай болар екен... (ойланып
қалады)
-
Екеуміз бірігіп жұмыс жасасақ
алынбайтын асу бар ма? Көрейік ...
-
Көрсек
көрейік.
Ән «Сәлем берем Жетісуға»
Айдар.
Оқушылар
шығармашылығы
Қызғалдақ:
Қарасаздың түлеткен қыраны
едің,
Қара сөздің құйқылттың
құлагерін.
Көз жасына малынып, өз
басына,
Сор етіп ақын болып туған
елім.
Жырларыңмен бар қазақ
тілдеседі,
Жаралылар өзіңмен мұң
кешеді,
Сен оқымай ғашықтар пәк
сезімді,
Махаббат құдіретін білмес
еді.
«Вспомни обо мне»
Сымбат
Ән «Есіңе мені алғайсың»
Рысалды, Жания.
Қорытынды.
Қазір Мұқағали Мақатаевтың
жүрек сырын, жырын, өмірін білмейтін қазақ
кемде-кем?
«Тіршілігінде шекпен кимей,
шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре
алмай,
От боп жанып өтіп кеткен
ақынға,
Мәңгілік қып өмір берген
өлеңі-ай!»- деп ақын Айтақын Әбдіқал айтқандай Мұқағали
шығармашылығы мәңгілік.