Материалдар / Сарқынды сулар және оны тазарту әдістері. Ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сарқынды сулар және оны тазарту әдістері. Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сусыз - тіршілік жоқ... Су – адам өмірінде оттектен кейінгі екінші орын алатын маңызды қосылыс. Жер планетасының бетіндегі су,барлық жер қыртысының 70% -ін алып жатыр.Тірі және өлі табиғат арасындағы зат алмасу пройестеінде судың орны ерекше.Химиялық өзгерістердің көпшілігі іс жүзінде тікелей судың қатысуымен іске асады.Жер бетіндегі судың қоры: теңіз бен мұхиттарда – 1,4млрд км3,мұз дықтарда (тұщы)-30млн км3, өзендер мен көлдерде 3млн км3.Су жердегі тіршіліктің бастауы болып саналады,өйткені адамдар мен жануарлар организмінің 2\3 бөлігі.өсімдік массасының 4\5 бөлігі судан тұрады.Адам денесінің 65-70%-ін су құрайды. Сусыз тіршілік жоқ.Сусыз өмір сүру мүмкін емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2023
439
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сарқынды сулар және оны тазарту әдісі

Химия пәні мұғалімі А.А.Тумишева; 8 «Д» сынып оқушысы Әзірхан А.

«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі», Ордабасы ауданы.

Шұбарсу елді мекені.

Резюме

Вода (Н2О) – источник жизни

Summary

((Н2О) Water is necessary for life


Су – адам өмірінде оттектен кейінгі екінші орын алатын маңызды қосылыс. Жер планетасының бетіндегі су,барлық жер қыртысының 70% -ін алып жатыр.Тірі және өлі табиғат арасындағы зат алмасу пройестеінде судың орны ерекше.Химиялық өзгерістердің көпшілігі іс жүзінде тікелей судың қатысуымен іске асады.Жер бетіндегі судың қоры: теңіз бен мұхиттарда – 1,4млрд км3,мұз дықтарда (тұщы)-30млн км3, өзендер мен көлдерде 3млн км3.Су жердегі тіршіліктің бастауы болып саналады,өйткені адамдар мен жануарлар организмінің 2\3 бөлігі.өсімдік массасының 4\5 бөлігі судан тұрады.Адам денесінің 65-70%-ін су құрайды. Сусыз тіршілік жоқ.Сусыз өмір сүру мүмкін емес.

Судың ластану жолдары:

Ластанған су түрлері

Ластанудың түрлері

Ластанудың себептері

Фабрика,зауыттардың ағынды сулары,тыңайтқыштарды артығымен және жүйесіз қолдану

Өндірістік қалдықтар,тыңайтқыштар (нитраттар,фосфаттар)

Органикалық заттар

Улы химикаттар,мұнай қалдықтары (бензин,автомашина майлары)

Бейорганикалық өндірістің сулы ерітіндісінің қалдықтары

Қышқылдар,сілтілер,тұздар

Жылулық ластану

Зауыттардан,фабрикалардан,электр станцияларынан,үйлерден шығатын жарамсыз ыстық су

Инфекцияны қоздырғыштар

Суға мал шаруашылық кешенінен ағынды сумен келетін вирустар мен бактериялардың түсуі

Суды ерімейтін қоспалардан тұндыру және сүзу арқылы тазалайды,ал еріген қоспалардан айдау арқылы бөледі.Судың ластануы табиғатқа және ауыл шаруашылығына көптеген зиянын тигізеді.Біз бүгінде осы судың ластануларының ішінен сарқынды суларға көбірек назар аударсақ дейміз.

Сарқынды (ақаба) сулар – қоқыс қалдықтармен ластанған, елді мекендер мен өндіріс орындарының аумағынан канализация жүйесі арқылы сыртқа ағызып жіберілетін сулар.

Олар пайда болуына, құрамына және қоспалардың сапасына байланысты негізінен үшке бөлінеді: тұрмыстық, немесе шаруашылық-фекалдық (әжетханалардан, асүйлерден, моншалардан және тағы басқа келетін) сулар;өндіріс қалдықтарымен (зауыттардан, қасапханалардан және тағы басқа келетін) ластанған өнеркәсіптік сулар;атмосфералық, немесе нөсерлік сулар (жаңбыр және еріген қар суы).

Жер үсті ж/е жер асты суларының ластануы.

Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, өзендер,тоғандар, ми батпақ, топырақтағы,жер астындағы , ж/е атмосфералық ауадағы сулар кіреді. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ тер.ауданынан 2,5 есе артық .Жалпы көлемі 1455 млн км3.Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық ж/ә физ.-хим. қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді :физ. күйіне байл.-ерімейтін коллоитты,еритін,табиғатына қарай-минералды органикалық биологиялық н/е бактериялық.Минералды компонентерге анорганикалық қосылыстар,яғни еритін ж/е онда молекулалық пен иодық түрде болатын заттектер жатады.Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар (оттек азот көміртек диоксиді күкірті газ т.б. )сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі калийдікі кальцийдікі темірдікі т.б.)болады .Органикалық компоненттерге өсімдіктерден н/е жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады.Биологиялық н/е бактериялық компоненттерге бактериялар вирустар балдырлар ең төменгі сатылы жәндіктер құрттар микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б.кіреді.Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік ж/е коммуналдық канализациялық ақаба сулары ж/е де басқа өндіріс қалдықтары ,құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.)бар егістік жер қыртысының шайындысы ,суармалы жүйенің дренажды суы , мал шар.ағындылары ,су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу,радиоактивті заттар ж/е ауыр металдар алу өндірістері болып табылады.Теңізге төгілген 1 тонна мұнай ,2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.

Сарқынды суларды төгу және оның сипаттамасы

Сарқынды суларды төгуді есепке алу тек қана сарқынды суларды тазалау құрылымдарында және 4 өндірістік территорияларда жүргізіледі. Сарқынды суларды есептеу (коммуналдық, коммерциялық) жеке тұтынушыларда суды пайдалану көлемімен есептеледі. Жеке тұтынушылар және көптеген мекемелер 100% суды пайдалану мөлшері бойынша сарқынды суларды төгуге төлейді. Шындығында пайдаланған судың бәрі канализациялық жүйеге келіп түспейді 95% ғана жіберіледі. Төменде 3-кестеде сарқынды суларды төгу көлемі берілген.

3-Кесте Сарқынды суды төгудің жылдық көрсеткіші46


Типі

Ағын (м3/г)

Ағын (м3/д)

өндірістік мекемелер



-Скважина (Шымкент цементтен басқа)

260.1947

7.129

-Шымкент цемент

71. 926

197

-Шымкент пиво

485.947

1.331

-Энегоорталық -3

838.502

2.297

-Петро Қазақстан

360.333

987

Компаниялар (мекемелер және организациялар)

6.434.471

17.629

Жеке тұтынушылар

9.169.288

25.121

Есептелмеген су көлемі: админстративті жоғалту, жеке қажеттіліктер

4.888.040

13.392

Канализациялық жүйеде жоғалту

1.242.523

3.404

Барлығы

23.607.931

64.679

DrawObject1

46Шымкент Водоканал – техника-экономикалық негіздеме 2017ж.

Орташа тазаланбаған сарқынды сулардың тазалау құрылғысына түскен көлемі күніне 80000 м3 (құрғақ күндері).

Өндірістік сарқынды су. Орталық канализациялық жүйеге сарқынды суларын ағызатын және су мекемесінен сумен қамтамасыз етілетін үлкен өндірістік мекемелер бар. Осы мекемелерге берілетін ауыз суынан бөлек сарқынды сулардың көлемі анықталады. Ең үлкен көлемде ТЭЦ энергоорталық-3 (2297 м3 күніне), Шымкентпиво (1331 м3 күніне), ПетроҚазақстан (987 м3 күніне) сарқынды суларын ағызады. Шымкентцемент өзінің жеке ауыз су скважинасы бар. Бірақ, сарқынды суларын орталық канализациялық жүйеге төгеді. Бұл зауыттың сарқынды суы да есептеледі.

Сарқынды судың мониторингі және сапасы. Сарқынды суды тазалау құрылымдарында мониторинг орындалмайды. Мекемелерде сарқынды сулардың сапасы су тазалау құрылымының кірісінде, әр түрлі тазалау этаптарында және шығысында бақыланады.

Сарқынды судың ағымы және оның құрамы.

Күнделікті сарқынды судың орташа және максимальды ағымы сарқынды суларды тазалау құрылымдарында 80 000 м3 күніне және 100 000 м3 құрайды.

Тазаланған және тазаланбаған сарқынды сулардың ағымдарының орташа құрамы 4-кестеде келтірілген.

4-Кесте Тазалау құрылғыларындағы сарқынды судың орташа құрамы 2017 жыл47



Сарқынды судың түсімі ( қабылдау камерасы)

Тұнбаға түскен ағын (бірінші тұндырудан кейін)

Тазаланған ағындар (шығымы)

Аммиак мг/л

19

10

6

Нитриттар мг/л

0,2

0,7

0,7

Нитраттар мг/л

0,1

2,3

10,1

Фосфаттар мг/л

5

2

0,7

Сульфаттар мг/л

155

160

153

Өлшенген заттар мг/л

171

85

28


Кестедегі мәліметтерге қарап келесідей қорытынды шығаруға болады:

- бірінші тұндырғыштардағы өлшенген заттарды жоюдың орташа көлемі 50 % тең. Бұл өлшенген заттардың тұну процесінің жеткілікті екенін көрсетеді.

- фосфоттарды жою тиімділігі 60% тең. Себебі, фосфаттар негізінде ерімтал келеді, тек аз мөлшерде тұнбаға түседі.

- аммиактың бірінші тұндырғыштардағы көлемінің азайғаны таң қалдырады. Себебі, тұндыру процестерінде аммиак құрамының төмендеуі


4DrawObject2 7«Су ресурстары - Маркетинг ЖШС» 2017 жылдың жылдық есебі

қаныққан оттектің зоналарының болуына байланысты болуы мүмкін.

- бірінші тұндырғыш ағымдарындағы нитраттың концентрациясының жоғарылауы сыртқы және ішкі ағымдар рецеркуляциясына байланысты.

Қорытындылай келсек, сусыз өмірімізде тіршілік көзі жоқ.Қазіргі таңда, су - бұл үлкен шешімі табылмаған мәселелердің бірі болып тұр.Осы мәселелерді шешу барысында,сулардың ластануы,қажетсіз пайдалануы арқылы сарқынды суларға мәселенің бір бұрышы тірілгелі отыр. Бүгінде сарқынды сулар бойынша ғылыми ізденістерде жүрмін,осы сарқынды сулардың зиянды жақтарында да,тиімді жолдарын да қарастыру жолында жүрмін. Яғни,сарқынды суларды бүгінде жаңа механикалық бағыттармен зиянсыз жолдарын тауып ағызып жатқан жері де бар.

Әдебиеттер

1. А. Баешов «Экология және таза су проблемалары» Алматы, «Дәнекер» 2003 ж. 224 бет

2. ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті. ОҚО су объектілерін тиімді пайдалану және басқарудың 2009-2012жж бағдарламасы.

3.Д. Қаражанов «Су және жер қойнауы ресурстары» Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ. 2002ж.

4. Шымкент Водоканал – техника-экономикалық негіздеме 2017ж.

5.«Су ресурстары» Маркетинг ЖШС» 2017 жылдың жылдық есебі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!