Материалдар / Шартты оператор

Шартты оператор

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Шартты оператор
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ типі: Көрсетіп – түсіндіру
Көрнекілік: Кесте,таратпа қағаздар, электрондық оқулық
Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, қазақ тілі,орыс тілі
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды.
а) Бағалау
в) Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырамсын сұрау.
үйге берілген тапсырма бойынша сабақ сұралады
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. армақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. 
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады. 
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі: 
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF THEN ELSE ; 
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. 

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз: 
= Тең
= Үлкен немесе тең
<> Тең емес
Мысал: 
program j;
var x,y:real;
begin
read(x);
if xb THEN write('max a') else write('max b');
end.
Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды.
Сабағымызды бекіту үшін деңгейлік тапсырмаларды орындайық.
І деңгей
Мұғалімнің көрсеткен мысалына ұқсас есептерді шығару
ІІ деңгей
Орташа есептерді шығару.
Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз.
PROGRAM ERKEZHAN;
VAR a: real;
Begin
Write('vedite a');
read(a);
if a>=0 THEN write('a
он сан') else write('а терис сан');
end.
ІІІ деңгей
Күрделі есептер
Мысал:
Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық сөзін экранға шығару керек.
program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write('
ыстык ') else
if t>=25 then write('
калыпты ') else write('суык ');
writeln('t=',t);
end.
Мысал
Радиусы R болатын шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құрыңыз.
Қажетті формула L:=2*pi*R
program h;
var L,R:real;
const pi=3.14;
begin
read(R);
L:=2*pi*R;
writeln('L=',L);
end.
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу.
program nik,tur;
var L,R:integer;
const pi=3,14;
begin
read(R);
L:=2*3,14*R;
writeln('L=',L);
end.
program nik,tur;
var L,R:integer;
const pi=3,14;
begin
read(R);
L:=2*3,14*R;
writeln('L=',L);
end.
V. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақ түсінікті ме? Түсінікті болса,үйге тапсырма дәптерлеріңізге жазылғандарды оқу, ережелерді жаттау.
тақырыпты оқу
- Үй жұмысының бағасымен бірге сабаққа белсенеді қатысқан балаларды да бағалаймын.
- Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар

12 Маусым 2018
764
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі