“Сары жібек -Алтын күз”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Сары жібек -Алтын күз”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Сары жібек - Алтын күз” мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Frame1


Орысбаева Алтынтөре Қалдыгерейқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

ДК Қосуақова Ж.Қ. «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» жекеменшік мекемесінің тәрбиешісі,

Жоғары білімді, ІІ-санатты.

e-mail: kunshuak2017@mail.ru



Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру. Күз мезгіліндегі еңбек түрлері туралы көрініс сахналандыру.Балалардың өлең-шумақтарын , ән , билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Мерекелік көңіл – күй орнату. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.




Қуанышбек : Құрметті қонақтар! Балалар! «Сары жібек , Алтын күз !» мерекесіне қош келдіңіздер!

Айсезім: Ел байлығын арттырған , берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын!

Қуанышбек: Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін , қамбаға толы егінін сыйлады.

Айсезім : Ендеше , «Сары жібек , Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!




Қуанышбек-Айсезім : Хор – «Күз тамаша!»


Қуанышбек : Балалар , мінекей күз мезгілі де келіп жетті. Күз мезгілінде неше ай бар! Олар қалай аталады?

Балалар: Күз мезгілінде 3 ай бар .Олар: Қыркүйек , қазан , қараша.

Айсезім : - Ал , қазір күздің қай айы?

Айсезім : Күз мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

Балалар: Күн салқындайды , құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Қуанышбек : Күз мезгіліне арналған өлең-шумақтарымызды қабыл алыңыздар!



Тақпақтар: Көзайым , Рамазан , Наурызбек , Аяулым , Диас , Ақжан , Ақтілек , Тәңірберген , Абілғазиз


Көзайым .

Көктен көзін бір алмай ,

Қызғылт тартты сары күз.

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз.

Рамазан

Жайдары күз жомарт күз,

Аяулы күз , алтын күз

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқып жүр .

Наурызбек

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін ,

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін .



Аяулым

Сап сары қылып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.



Диас

Алақай , алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті , дән пісті,

Айтамыз алғысты .


Ақтілек

Күздің қазан айында ,

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып ,

Сыбдыр-сыбдар етеді.


Тәңірберген

Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткееен керуен тұзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Абілғазиз

Алтын , сары, қызыл-көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.



Қуанышбек : «Кемпірқосақ» биі

Айсезім , Мерей , Мүслима , Альфинура , Ясмина , Көзайым , Нұрдана .


Қуанышбек –Айсезім : әнші Софияның орындауында «Ақ жауын» әні.

Ән : «Ақ жауын!»

София : Көзайым , Ақтілек , Альфинура , Нұрдана .











Қуанышбек-Айсезім : балалардың өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар.


Тақпақтар : Ясмина , Мерей , Ақылбек , Саяна , Нұрдана , Сәтжан , Айсезім , Мүслима , Қуанышбек .


Ясмина

Сап сары қылып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.


Мерей

Алтын күз бірде шуақ , бірде алтын ,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.

Ағашта жапырақтар сыбдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай

Үйілген мая мая қызыл мидай.

Қырманда қызыл алтын қылзыл маржан,

Жанайды жаратылыс берген сыйдай .


Ақылбек

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз .

Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып ,

Жинап алып жан салып.




Саяна

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз,

Мол өнімді ісімен,

Таңқалдырып халқын күз.


Нұрдана

Жапырақ ұшты ,

Суықта түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.


Айсезім

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз


Сәтжан

Күн суытып

Жапырақтар түседі,

Астық жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.


Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз.


Қуанышбек

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.


Мүслима

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.


Қуанышбек-Айсезім : «Алтын сақа» бүлдіршіндерінің орындауында «Әсем-Вальс

Қуанышбек – Айсезім : Әнші Мүслиманы «Алтын күз» әнімен қарсы алыңыздар!


Қуанышбек-Айсезім: Ертегі : « Құмырсқа мен шегіртке»
















Қуанышбек – Айсезім : Ортада «Алтын сақа» тобы «Жау , жаңбыр!» әнімен қабыл алыңыздар!

Хор : «Жау , жаңбыр!»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2023
199
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі