жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"СӘТ,САПАР ЖАС ТҮЛЕК!"
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен оқушылар! Ата-аналар және қонақтар!
2-жүргізуші: Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 35 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
1-жүргізуші:Қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты!
2-жүргізуші:Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын « Сыңғырла күміс қоңырау!» салтанатына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
2-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
1-жүргізуші: Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпен ортаға шақырайық!
2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар 11 «А» сынып оқушылары.
Сынып жетекшісі- Есенова Лаура Базарбайқызы. Сыныпта 20 оқушы. Олар:
Спортты серік еткенҮздік спортшы -Төлебай Нариман
Аудандық олимпиададан физика пәнінен 2- орын иегері- АйтбаеваАқерке
Аудандық "автомат шашу" жарысының 3- орын иегері - Ермекбай Біржан
Аудандық “Талпынған жетер мұратқа” атты білім сайысынның 1- орын жүлдегері Қуанышбекова Дильназ
Облыстық "жүгіру" жарысының 2 -орын иегері Жансейт Мейрамбек
Қазақстан тарихы бойынша Халықаралық олимпиаданың 1- орын иегері- Арлыхан Зарина
Физика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың 2- орын иегері Шәкірбекова Ақдана
Белсенді волонтер-Қарабеков Дамир
Дарын ұйымдастырған Аудандық ғылыми жоба қорғаудан орыс әдебиеті пәнінен 1- орын жүлдегері Ахметова Арай
Ағылшын пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың 2- орын иегері Батырханқызы Әcел
Инабаттылығымен көзге түсетін сыпайы қыз- Сағынышқызы Сандуғаш
Аудандық бокс жарысынан 3- орын иегері – Аскен Нұржігіт
Ауданыдық олимпиададан биология пәнінен 1- орын иегері Мұхамедәлі Дильназ
Республикалық "Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы" байқауына 1- орын иегері Бейбіт Нұрай
Еңбекқорлығымен ерекшелентін Әбімажитұлы Мұхаммеджан
Мектептің үздік волейбол ойыншысы -Әділханов Әділет
Халықаралық «Жеті өнер» сайысының 1- орын жүлдегері Сабыржанқызы Арафат
Байсалды , сабырлы- Оспанов Дархан
Сабырлы салмақты мінезімен ерекшеленетін Шертаев Нұржігіт
Самбодан ауданаралық чемпионы Дүйсенбаев Мейіржан
1-жүргізуші: олай болса ортаға 11 « Ә» сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық
Сынып жетекшісі- Байболатова Рена Әбілтайқызы. Сыныпта 15 оқушы
Олар:Республикалық Жас тілшілер форумының 1-орын иегері Берікболұлы Айбек
Мектеп аралык «МЫЛТЫК ШАШУ»жарысынан 3-орын иегері Қайратұлы Нұрасыл
Халықаралық олимпиадада география пәнінен 1-орын иегері Аширова Индира
Қыздар арасында өткен аудандық «сұр мерген» жарысында 3-орын иегері Аманжолқызы Қазына
Тенистен өткен аудандык жарыста 2-орын иегері Альматов Ердаулет
Орыс тілінен қашықтықта өткен сайыстан 2-орын жүлдегері Абдрасил Гулбану
Футболдан спорт шебері Абдимәлік Әділет
Географиядан аудандық олимпидадан 3-орын иегері Жолдас Айым
Информатика пәнінен өткен аудандық олимпиаданың 2-орын иегері Әуесхан Мейіржан
Географиядан аудандык олимпиаданың 3-орын иегері Әлденова Береке
Республикалық ән байкауынның 1-ші орын иегері Махбертов Дамир
Орыс тілі пәнінен өткен Республикалық олимпиданың 1орын иегері Мақсұт Дильназ
Мектептің үздік волонтерлерінің бірі Қойшыбайұлы Сұлтанбек
Облыстық ән байқау жарысында бірінші орын иегері Қалтаева Меруерт
2- жүргізуші:Балдаурен балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын түлектер үшін, ең бір қимас жыл ретінде естеріңде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар.
1- Жүргізуші Салтанатты жиынымзды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә Назарбаевтың мына сөзімен бастағымыз келеді:
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы сан ғасырлық күрестің жемісі.
1- Жүргізуші: Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан! Егеменді еліміздің 30 жылдық тойы құтты болсын!
2-Жүргізуші: Ал, ендеше «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
Туға назар аудару Әнұран
2-Жүргізуші: Бүгінгі жиынымызды салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөзді ұжым басшысы, өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп директоры Елшібекова Мәрия Қиясқызына береміз.
Ән: 11 сынып оқушысы Қалтаева Меруерттің орындауында «Тек алға» әнін қабыл алыңыздар
1- жүргізуш: Бүгінғі біздің салтанатты кешіміздің қонақтары Аудан әкімінің орынбасары Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы,
Аудандық білім бөлімінің заңгері Ералиева Гүлназ Ералықызы
Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,
Сөз кезегін береміз меймандарға,- деп ақындар жырлағандай құттықтау сөз кезегін қонақтарға береміз. Лебіздеріңізге рахмет!
2-Жүргізуші:
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытатын жүрегін.
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсің енді түлегін,- дей келе Сабыржанқызы Гүларафаттың орындауында «Соңғы қоңырау» әні
1-Жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі есте сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылулық
Көрген емес ешқашанда суынып,- деп Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары Тәженова Базаркүл, Көшенбекова Үрзия және де қазіргі таңда Қызылорда қаласында Білім Инновациялық лицейінен тікелей аудио тілек жіберген Мырзахметова Ақгүлсім апайларымызға сөз кезегін береміз.
Ән: 11-сынып оқушылары Махбертов Дамир мен Мұхаммедәлі Дильназдың орындауында «Мектебім» әні
2-Жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
1- Жүргізуші: «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата – аналарымыз,ардагер ұстазымыз Рысманбетова Есенкүл апаймызбен Бейісова Перуза анамызға сөз кезегі беріледі.
2- Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
Білімнің алтын кілтін тапсырушы мектебіміздің мақтанышы, үлгілі 11 - сынып оқушылары: Айтбаева Ақерке мен Мақсұт Дильназ.
1- жүргізуші Аманат кілт қабылдаушы мектеп мақтанышы 10 - сынып оқушылары: Арын Сұлтан мен Әлжанова Мөлдір.
1-жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып би билейді
Халайық, қол соғыңыз мархаббатты
Қарсы алыңыздар, 11 – сынып оқушыларының орныдауында соңғы вальс биі.
2-жүргізуші:Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
1-жүргізуші
Даусыз ол күн есіңде сақталады,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.
Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Ән: Дәуренұлы Әділжанның орындауында «Ағаларым» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші:Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
1-Жүргізуші: Бәрі сын,араласың,өмір ауылын
Бәрі шын қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасындар өткен күннің
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін ;-дей келе соңғы қоңырау рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің үлгілі оқушылары Берікболұлы Айбек пен Бейбіт Нұрайға беріледі
Ән: 11 - сынып оқушысы Жолдас Айымның орындауында «Соңғы коңырау соғылмайды» әні
2-Жүргізуші: Құрметті қонақтар аяулы ұстаздар, ата аналар, мектеп бітіруші түлектер! Әр жыл сайын тек қана білімді де тәрбиелі ұрпақтар көбейсін деген ниетпен бүгінгі «Сыңғырла күміс қоңырау » атты салтаннатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
1-Жүргізуші: Халқымыз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Мамыр 2021
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген