400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шаттық шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық мұғалімдерге ұйымдастыру кезеңінде сабақтарда қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым.

Арайлап атқан күнге.



Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы күн, қонақтар!



Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз,

Армысың, табиғат анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.



Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, қане, соныңды

Топқа бірге кірейік

Қол ұстасып жүрейік,

Татулықтың белгісі

Кел қосылып күлейік.

Ха-ха-ха-ха-ха



Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүгін

Күліп шықты күн бүгін!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!



Амансыз ба, күн!

Амансыз ба, дос!

Амансыз ба, шеңбер, әнге қос!

Амансыз ба, ғасыр!

Амансыз ба, әлем!

Баршаға амандық, сәлем!



Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз.

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.



Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Армысың шапағатты Күн-ана!

Армысың шапағатты Аспан-ата!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа.



Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.



Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.



Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, балалар!

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз,

Сәлем! Сәлем! Сәлем!



Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Ортақ болып ісіміз,

Еңбек десе тынбаймыз.

Үлкен сыйлап кішіні,

Аға ақылын тыңдаймыз.

  • Армысыңдар, қонақтар!

  • Қош, келдіңіздер,апайлар

Алдарыңызда балақай

Көрсетерміз білімді-ай.

Есеп қисап білейік

Сабақ оқып жүрейік

Көңілімізге тоқиық.

Ата-ана қуансын,

Жүректері жұбансын.





Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көк шар бар,

Көк шар бар,

Көп шар бар.



Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа баламыз!

Достығымыз жарасқан,

Біз әдепті баламыз!



Дос болып жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса.



«Жұлдыз» атты бақшаның

Әдепті баласы

Алдымен қонақпен

Амандасып алады.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрмізге еніпті,











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі