Материалдар / Шаһкәрімге...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шаһкәрімге...

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаһкәрімге арнау өлеңі ақын өлеңдерінің мағынасын ашуға негізделген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шаһкәрімге

Имандылық, даналық, даралықтың,Ұлы болып ұлы елде жаралыпсың.Қазақтың киелі кең даласынан,Ғаламға таратарлық нәр алыпсың.

Бар өмірін арнады тек ғылымға,Бар әлемді бөлеп білім нұрына.Тек ізгілік, имандылық дарытты,Өшпес, асыл із қалдырып соңына.

Шаөкәрімсің, ес болған алты Алашқа,Аты мәшһүр, танымал бар қазаққа.Әр сөзі тұжырымның тұрағынан,Таралған талғамы зор шартарапқа.

Ерекше сарын алған сазгерлігің,Әніңнен қуат алды азған елің.Бұл әнім бұрынғы әннен өзгерек»,-деп«Шын сырыңды» нотамен жазып едің.

«Еңлік-Кебек» туғызып ғашық жырын,Әр әніңнен көрусіз шашылды мұң.Мәңгіліктің жолымен жүріп келед,Жазылса да жырларың ғасыр бұрын.

Зұлымдықты жаныңа жат санадың,Көңілде арам пиғыл сақтамадың.Ақынымен алты алаш биік тұрмақ,Шәкәріммен елің алыс мақтанатын.

Жырладың бұл өмірдің қасиетін,Ақынсың бүкіл әлем бас иетін.Көңілің жарым болды заманыңа,Кей жандар ұқпай жүрек қасіретін.

Ғашық болдың өмірге жан тәніңмен,Шырқаған тіршілікті бар мәнімен.Көңілдің алып ұшқан көгершіні,Сезім лебі еседі әр әніңнен.

Һас жаның жауыздыққа бөтен болды,Қара сөзбен тербедің кетер жолды,Жүрегіңнің түбіне терең бойлап,Халқың енді мадақтап өтер болды.

Қалмады көкіректе сыр қатпары,Мақтанады болашақ ұрпақтары.Ұлтының дара туған ақынына,Жүректің жырмен еккен гүл шоқтары.



БҚО Казталов ауданыҚараөзен мектеп-лицейі10-сынып оқушысы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!