“Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мтериал барлық оқырмандарға арналған. Әсіресе жас сынып жетекшілеріне, топ тәлімгерлерінен керек джүние деп білемін.“Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!” тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызда жат қылықтың аясы неге апарып соғатынына көздеріңізді жеткізгіміз келді. Бүгінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:

- оқушыларды “Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы” екендігін, есірткілердің дәрілерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйреніп, алдын алу жолдарын қарастыру, оқушлардың бойында зиянды әдеттерге жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлай алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту, темекенің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер арқылы көз жеткізу.

б) Тәрбиелік: оқушыларды достық, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттерін жетілдіріп, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу, маскүнем ата-анадан туған балалар ұмытшақ, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:

Есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды”

Есірткіге жол жоқ”

ХХІ – ғасыр есірткісіз ғасыр”
“Есірткі адамзаттың соры”

Темекі шегу – адамның орынсыз тілегенінен туған бақытсыздық”

Аузыңда ғой шоғы маздап шылым тұр,

Қас екенін өміріңе мұның біл

Шылым шегіп, арақ ішкен жандардың,

Өмірі өтер ауруменен бұлыңғыр”


Сабақ барысы

  1. Кіріспе – мұғалімнің баяндамасы

Адам психикасы – медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, норкологиялық тұрғыда. әдетте, жұртщшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелуінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені – жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар, тағысын тағылар... бір нашақорды емдеп , қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек десек, ондай қаражатты қалтасы көтермейтін адамдардың жағдайында не істеуге болады? Шу есірткі сорасын пайдаланатындар қазіргі кезде жастардың ішінен көптеп кездесуде. Қалтасында қаржысы жоқ жастар ұрлық жасайды, қарақшылық шабуылға барады. Қазір Шу есірткі сорасы Жамбыл облысының Шу, Мерке, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандарында бітік өсетіндігі белгілі. Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамызда нашақорлықтың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттанкейін тағы ішпесе болмайды. өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде “ломка” дейді. Нашақордың есіл-дерті қайдан болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлі нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табындай тарпа бас салады. Мұны медицинадаНоркотизм, ал оның ауыр түріннаркоманиядейді. Грек тілінен аударғанда “нарк” жасандыұйқы, “мания” – есі кету, есіру деген ұғым береді. Есірткі қабылдайтын нашақор әйелекі қабат болса, көптеген жағдайда түсік болады, ауру бала туады немесе құбыжық табады. Жалпы республикамызда 1991 жылы құқық бұзудың нашақорлыққа қатысты барлық түрінен 905 тонна есірткі зат алынса, бұл сандық көрсеткіш 1995 жылы 12 тоннаға артты. Қазақстан Республикасында 2002 жылғы 1 қаңтардағы ресми деректер бойынша 50 мыңнан астам есірткі пайдаланатын адамдар тіркелген. БҰҰ-ның жылдам бағалау сарапшыларының есептеріне жүгінетін болсақ, Қазақстандағы есірткіні пайдаланатын адамдар саны 500 мыңды құрайды екен, яғни 10 есеге арттық, оның 2/3 немесе 400 мыңын жасөспірімдер мен жастар құрайды. Елбасымыздың Жолдауында: “... есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды” делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Кім мұндайды естіпті.

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың,

Жан-тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау есірткі!

Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы, кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш, т.б. бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анаша, гашиштен бастайды.

Пресс-конференцияға қатысушы мамандар:

  1. Медицна ғылымының докторы, академик.

  2. Жас өспірімдер ісімен айналысатын милиция инспекторы

  3. Гимнастика мен аэробика маманы, еліміздің жастарьш эстетикалық, этикалық түрғыдан тәрбиелеуде көп жылдан бері қажымай-талмай еңбек етіп келе жаткан спорт маманы.

1-жүргізуші. Кіріспе.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

2-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

  1. - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

  2. - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

  3. -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
    Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

1-жүргізуші. Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ.

2-жүргізуші. Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

1-жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

2-Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.

Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

1-Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?

Сұрақ Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

2-Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің пресс-конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық

Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

1-Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.

2-Жүргізуші. -Бүгінгі пресс-конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

  • Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

  1. Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

  2. Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

  3. Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

  4. Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

  5. Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

1-Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.

Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?

Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.

Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.

2-жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Осы конференциядан алған әсерімізді бөліссек.

ІІІ.“Есірткі – жас өмірді улаушы”

1-оқушы: Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатты өмір бойы іздеумен өтеді. Нашақор оны тамырға енгізеді. Ол адам организмін тез улайды. Одан адам қалай тез өліп кеткенін де білмей қалады.

2-оқушы: Адамның өзін-өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, бірінен-бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп, түнгі клубтар көп. Нашаның басты таралатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан да жас ұрпақ, буыныңды үсікке шалдыра көрме!

3-оқушы: Нашақорлықты басқаша “мидың қатерлі рагі” деу керек. Егер ол асқынып кетсе деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды. Онда “мен” деген нәрсе болмайды, “әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау, ертең ел-жұртқа қалай қараймын?”, яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу “қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам?” деп, есірткіні ғана ойлаумен болады. Тіршіліктің бар нәрі осы ғана.

Наркотиктердің қазіргі кең таралып жатқаны – героин, оны қолданған адамның сана-сезімі бұзылып, жүрегі, бауыры зақымданады.

4-оқушы: Қазіргі кезеңде нашақорлық адамзаттың қасіретті қайғысына айналып, кеңінен етек алып бара жатыр. Дауасыз дерт ұрпақты уландырып, ағзасын аздырып, тектілігін тоздырып, діңкелететін айықпас кесел. Сондықтан да осы бір айықпас кеселге жол бермеу, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру – бүгінгі таңдағы басты міндет. Жыл сайын 17-ге толмаған мыңдаған жасөспірім нашақорлық салдарынан өмірмен қоштасып, ата-анамен туыстарын аңыратып кетеді.

5-оқушы: Соңғы 10 жылдың ішінде нашақорлық пен адам ағзасына кері әсер ететін түрлі заттардың таралуы кең етек жайды және ол тек экономикалық, саяси, тәртіп мәселесін ғана емес, жас ұрпақтың денсаулығын, ұлттың болмысын жоятын жойқын қасіретке айналды десек артық айтқандық болмас. Тіпті соңғы уақытта нашақорлыққа жастардың бой ұруы үрей туғызады. Мәселен, 1991 жылмен салыстырғанда нашақорлық саны биыл 10 есеге көбейіпті.

6-оқушы: Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мқсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін, бірігп жұмыс істеу керек екендігін, ортаға салар бапасөз мәслихаты Білім мен ғылым министрлігінде болған еді. Баспасөз маслихатында нашақорлық дертіне шалдыққандардың елуден бірі, емделушілердің оннан бірі ғана анық деген жорамал айтылған. Өткен жеті ай ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында 5604 қылмыс тіркеліп, ол өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға өскен.

7-оқушы: Жалпы жастар арасындағы қылмыс 44 пайыз десек, оның 36-сы мекпет оқушыларына тиесілі екен. Нашақорлыққа салынып, қылмыс жасаушылардың саны үрей туғызарлық. Ол қазір 15536 адамға өсіп, оның 349-ы жасөспірімдер еншісіне тиіп отыр.баспасөз маслихатында жас ұрпақы мұнан қалай арашалаймыз деген сұраққа қоғам болып күресу керек деген. Мұны дер кезінде тұзақтап қалмасақ, ертең орны толмас өкінішке ұрынамыз. Сондықтан да болар Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына есірткі зардабы туралы талай айтқан болатын.

Есірткіні алғаш пайдаланар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Тынысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!

Барлығы:

Есірткі – жас өміріңді улайды!”

ІV. Есірткінің зияны туралыҮкілім Мұратбаеваның “Тағдырыңның кілті сенде” атты көрініс көрсетіледі.

Бір топ қыз келе жатады.

1-ші қыз: Қыздар мен кеше ағылшын тілінен жақсы баға алдым. Осы сессиямды жақсылап тапсырып, жазғы демалыста әке-шешемді қуантсам ғой, шіркін!

2-ші қыз: Қыздар, күндіз-түні қол бұлғап, шақырып, қиялға батыратын армандарың бар ма?

1-ші қыз: - Менің арманым осы университетті бітірп, білікті маман болу. өз халқыма, еліме еңбегімді сіңіру, әке-шешемді қуанышқа бөлеу.

3-ші қыз: - Құрбым әлі ол арманыңа жетерсің, ол үшін әлі оқуың керек!

(Сахнаның 2-ші жағынан бір топ бала шығады)

1-ші бала: - Қыздар бері келіңдерші

2-ші қыз: - Жүріңдерші, барайықшы, білейік не үшін шақырып тұр екен.

1-ші қыз: - Жоқ, түрлері қорқынышты ғой бармай-ақ қояйықшы

2-ші бала: - Қыздар неге соша үркіп тұрсыңдар. Сендерді керемет, көкке десең көкке, жер түбіне десең жер түбіне қиялыңды самғататын бір затпен таныстырсақ деп тұрмыз. өздерің бір көріңдерші. Бір мөлшерін тегін береміз, ақша сұрамаймыз. Бір-ақ рет.

(Барлық кейіпкерлер орындарынан қозғалмай тұрып қалады. Сахна жабылып қайта ашылады. Баяу музыка ойнап тұрады. Сахна ортасында жүдеу қыз, жан-жағында шашылған қағаз, ине, темекі)

1-қыз: Кетіп барам сеземін кетіп орға,

Қате болып, түсіп қалдым білмей торға.

О, тәңірім неге сонша қиналдым,

Алға бассам, құз тұрғандай қарсы алдым.

Тәуелді қып, өз-өзімді бекерге,

Бұғауымда сол құрғырдың кетем бе?

Күресерге дәрменім жоқ, шаршадым,

әке-шешм білмейді-ау мына халімді.

Соны ойласам мұз басқандай тәнімді,

Буырқаған жастық мына шағымды.

Ауырып барам құрт жегендей жанымды

Арман, тілек қалдың қайда шашылып?

Су сепкендей қалды көңілім басылып.

Күш жігерді бойға жинап тұра алсам,

Қалмас мүмкін, ой мен санам жаншылып,-

(деп қыз отыра қалады)

Осыдан кейін темекі термесі

Сахна сыртынан бәсеңнен қаттыға ауыса дауыс шығады:

  • Тағдырыңның кілті сенде, өзің ғана иесің,

Несібеңді ал, өмірден, саған ғана тиесілі.

Бойға қуат, жанға жігер шақырсақ,

Сонда ғана қиындықты, қиындықты жеңесің!


Қыз бойын көтеріпалға жүре айтады:

  • Ұмтылайын қиындықты жеңуге,

Еш хакім жоқ жанбай жатып сөнуге.

Кірпіш болып өз орныма қаланып,

Үміт жібін қайта жалғап, болашаққа сенуге.


V Қорытындылау

1-жүргізуші: Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келген өткелден

СПИД деген аждаһар бар сақ болайық,

Дүниені орап келер беткейден.

2-жүргізуші: Отбасы ол 21 ғасырдың,

Айрылмаған досың менен қасың кім?

Мың миллиондап жеп келеді жегі жұрт,

Қиылуда қыршынынан қызыл гүл.

1-жүргізуші: Таңдамайды, талғамайды кімді де,

Қазақ, орыс, америка, үнді ме?

Тыңдаңыздар, оқыңыздар, көріңдер

Жұтпақшы ол тірлікті де, күнді де.

2-жүргізуші: Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдән пәк жаннат өмір кешесің

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді ұрлап не етесің.

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің.

- Сонымен біз бүгінгі Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!” тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызда жат қылықтың аясы неге апарып соғатынына көздеріңізді жеткізгіміз келді. Бүгінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір!” деген нақыл сөзбен қорытындылағымыз келіп отыр.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
1967
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі